З.Фрейд ӛзінің ғылымдағы жолын физиологиялық институтта бастады,
сондықтан ағзаға энергетикалық шама ретінде қарау оның санасына терең бойлады:
ағза мінездің қозғалыс күшін ерекше энергия түрінде білдіреді. Зигмунд Фрейд
невропатолог-дәрігер болды. Оның пациенттері психикалық нерв ауруларына
шалдыққандар еді. Бірақ олардың нерв жүйесінің құрылысынан аурудың себебін
түсіну мүмкін болмады, ол ӛз тәжірибесінде, анатомо-физиологиялық ұғымдар
түсіндірмейтін айғақтарды жиі кездестірді. Зигмунд Фрейд алдында мынандай
дилемма пайда болды: мотивация механизмдерін анатомо-физиологиялық схема
тұрғысынан қарау керек пе, әлде белгілі бір психологиялық айғақтарға жүгіну керек
пе?
З.Фрейд дәстүрлі психологияға қарсы шықты. Бұрынғы түсініктеме
схемаларын ығыстырып, жаңаларын ұсынды. Ол ӛзінің емдеу тәжірибесінде ерікті
ассоциациялар әдісін кең қолданды. Әрбір ассоциация қандай да бір себептің
салдарынан басталады деп санады. Ассоциация арқылы ол ӛзінің пациенттерінің
ойын білуге тырысты.
Психоанализдің негізгі дәрежесі болып мотив дәрежесі саналады. Психоанализ
адамның мінез-құлқынын серіппелері мен қуат қоры туралы адамның ӛзі жайлы
ұғымдарынан кӛбірек айтуға тырысты. Бірақ З.Фрейд мотивацияны санаға қарсы
қойды. 3.Фрейдтегі психикалық қуаттылық биологиялықты алмастырды және
қоғамдық дамудың басты қозғаушы күшінің рӛлін атқарды. Ағза да, қоғам да
пішінделетін материал түрінде қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: