Іс-әрекет адамның ӛмір жолын анықтайды. Психика мен іс-әрекет арасында
күрделі ара қатынас бар. Бір жағынан, психика іс-әрекетте қалыптасады және кӛрініс
танытады, екінші жағынан, психика іс-әрекетті реттеп отырады.
Іс-әрекеттің психиканы қалыптастырушылық рӛлін әр түрлі салада жұмыс
істеп жүрген адамдардың ерекшеліктерін салыстыру арқылы кӛруге болады.
Психологияның іс-әрекет, ерекшеліктерін (еңбек психологиясы, педагогикалық,
спорттық т.б. психология) зерттейтін салалардың болуы кездейсоқ емес. Іс-әрекеттің
түрі адамның бойында тұрақты бір белгілерді қалыптастырады, сол себепті мінез-
құлықтың бір кӛрінісіне қарап, кейде тіпті сырт пішінінен-ақ адамның қай мамандық
иесі екенін біле қоямыз. Мұғалімнің жеке басының қасиеттерін зерттеу арқылы
балаларды оқытып, тәрбиелеуде оның шеберлік таныта алуына қай қасиеті
кӛмектесетінін білуге болады. Мұндай деректер болашақ ұстазды тәрбиелеу мен
ӛзін-ӛзі тәрбиелеудің бағдарламасын белгілеуге кӛмектеседі. Психика әрекет пен
қоғалысты реттеуші қызметін атқарады. Бұл реттеу психикалық бейнелеудің әр түрлі
дәрежесінде жүзеге асады. Түйсік және қабылдау дәрежесінде күштің, бұлшық еттің
қимылы мен қозғалыс сипаты кӛрінеді. Ақыл-ойға салып ісі еленетін міндеттер сезім
деректері негізінде шешіледі, бірақ оны ақыл-ой ретке келтіріп отырады, яғни екінші
сигналдық дәрежесінде жүзеге асады.
Іс-әрекеттің негізгі сипаттамасы болып – оның мағыналығы саналады.
«Мағынасыз әрекет» деген ұғымға ешқандай түсінік берілмейді. Әр бір адам
ісәрекет кезінде белгілі бір жайларға байланысты және қандай да бір мақсат кӛздеп
қимыл жасаушы ретінде әрекет етеді. Іс-әрекетке жету үшін іштей талаптану
жеткіліксіз. Бұл үшін іс-әрекет обьектісін білу қажет, сондай-ақ талаптануды
мақсатпен ұштастыра білу керек. Мотив-мақсат болатын ортада іс-әрекеттің
әлеуметтік және таптық себептері ерекше айқын байқалады. Ісәрекет арқылы
табысқа жету сәтсіздікке ұшырау адамның бойында қалыптасқан ерекшеліктер
арқылы електен ӛтіп барып, одан әрі іс-әрекетке әсер етеді. Табыс адамды
қанаттандырады, кӛңілін ӛсіреді, 2-ден тоқмейілсу туғызады. Іс-әрекеттің қандайы
болсын адамды қажытады. Қажу қызмет атқарушы орган немесе организм күшінің
іс-әрекет процесінде табиғи таусылуы. Шаршау қажыған адамның кӛңіл күйі.
Тынығу іс-әрекет түрін ауыстыру, күшті қалпына келтіру іс-әрекетті одан әрі
жалғастыруға мүмкіншілік жасайды. Қажуда жұмыс қарқыны баяулайды және
сапасы тӛмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: