қозғалыстарын қандай жағдайда болса да үйлестіріп, денесін дұрыс бағдарлай
алады.
Вибрациялық түйсіктер.
Вибрациялық түйсіктер деп қозғалған заттардың ауаны
толқытуын денеміздің сезінуін айтамыз. Негізгі анализаторлары - түйсіну
мүшелеріз. Дамуы қалыпты жағдайдағы адамдар бұл түйсікті байқамайды. Ал егер
адам есту қабілетінен айырлса, онда вибрациялық түйсіктер оның тіршілігінде
ерекше орын алады. Кейбір саңырау, керең адамдар музыканы, әнді күшті ынта
қойып «тыңдайды».
Кӛзі, құлағы, тілінен бірдей айрылған американдық Елена Келлер мен орыстың
ғылыми қызметкері Ольга Скороходованың ӛмірі мен шығармашылық әрекеті
анализаторлардың адам таң қаларлық жағдайда бір-бірімен байланысып
отыратындықтарын, әсіресе, мұнда вибрациялық түйсіктердің қандай маңыз
алатындығын жақсы кӛрсетеді. Ольга Скороходованың ақыл-ойының аса
жоғарылығын, дарындылығының күшті екендігін бірнеше шетел тілдеріне
аударылған «Как я воспринимаю и представляю окружающий мир» деген кітабы
және осы тақырыпта қорғаған диссертациясы тамаша дәлелдейді.
О.Скороходова ӛзінің кітабында соқыр, керең, мылқау адамдардың музыканы
қалай «тыңдайтындығын», кітапты қалай «оқитындығын» кӛптеген қызықты
мысалдармен түсіндіреді. Мәселен, олар дыбысты вибрациялық сезімі арқылы
түйсінеді. Олар рояльда ойналған әуендерді оның үстіне қолын қою арқылы естиді.
Мұндай адамдар оркестрді тыңдағанда, концерт залына барғанда сахнаға теріс қарап
отыруды ұнатады. Ӛйткені, музыкалық әуендерді олар терісіндегі нүктелермен
түйсінетін кӛрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: