1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет43/96
Дата18.10.2023
өлшемі1,48 Mb.
#118191
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   96
Ортаңғы құлақтың
элементтері үш сүйекшеден, яғни балғашық, тӛс және 
үзеңгіден тұрады. Балғашық ауаның сарғақта шайқалуын тӛске жеткізіп, тӛс 
дірілдерді үзеңгіге апарады, үзеңгі сырттан келген дірілдерді ілгері жӛнелтеді.
Есту мүшесінің үшінші бӛлігі ішкі құлақ. Ішкі құлақтың бітісі ӛте күрделі. 
Оның ӛзі үш бӛліктен босағадан, иірім түтіктен және жартылай имек каналдардан 
тұрады. Бүкіл негізгі жарғақты бойлай 
корти 
мүшесі (дыбыс тітіркендіргіштерін
қабылдайтын аппарат) орналасқан. Оның құрылысы да ӛте күрделі. Корти мүшесінің 
аса маңызды бӛлігі - ӛте жіңішке талшықтары бар сезімтал клеткалардан тұрадьі, Ол 
клеткалар дыбыс қабылдайтын рецепторлар деп аталынады
Есту түйсіктерінің табиғатын Г. Гельмгольцтың 
резонанс 
теориясының 
негізінде түсінуге болады. Г.Гельмгольц корти мүшесіндегі ұзын нерв талшықтары 
музыка аспабының қылы тәрізді тӛменгі дыбыстарды қабылдайды да, ал қысқа нерв 
талшықтары керісінше, жоғарғы дыбыстарды қабылдайды деген пікір айтқан. И.П. 
Павлов лабораториясында иттің негізгі мембранасының ұзын талшықтарын кесіп 
алып тастағанда, тӛменгі дыбыстарды түйсінуге иттің шамасы келмеген. Ал қысқа 
талшықтарды кесіп тастағанда, жоғары дыбыстарды түйсіне алмаған. Мұндай 
тәжірибе Г. Гельмгольцтің жаңғырық теориясының дұрыстығын дәлелдейді.
Есту түйсігі де сыртқы дүниені танып, білуде зор маңыз атқарады. Есту түйсігі 
әсіресе тілді меңгеруге аса қажетті түйсік. Сӛздің мәнін ұғу, оны дұрыс түсіну және 
біреуге айтып беру, дұрыс естімейінше жүзеге аспайды. Әрбір адамның ана тілі 
оның есту түйсігінің дамуына күшті әсер етеді. Дыбыстардың нәзік 
айырмашылықтарын ажырата алу - есту түйсігі жӛнді жетілмеген адамға қиынға 
түседі.
Адам дыбыстарды ауа толқындары арқылы рецепторлармен түйсінеді. Бұл 
процестің екінші жолы - дыбысты сүйек арқылы есту. Мысалы, құлаққа мақта 
тығып қойып, дірілдеп тұрған камертонды бас сүйегіне тақасаң, дыбыс айқын 
естіледі. Дыбыстың сүйек арқылы берілуі ауа арқылы емес, дыбыс шығарып тұрған 
зат пен сүйектің жанасуы нәтижесінде естіледі.
Есту түйсігін - 
сӛздік, музыкалық 
және
шуылдық
деп үш түрге бӛледі. 
Түйсінудің бұл түрлерінен есту талдағышы дыбыстың үш сапасын: күшін (қатты
жай), жоғарылығын (жоғары - темен), тембрін (дауыстың немесе музыкалық 
аспаптың ӛзіндік ерекшелігі), ұзақтығын (дыбыстың созылу мерзімі) және бұған 
қоса үзіліссіз қабылданатын дыбыстардың екпін ырғақ ӛрнегін ерекшелейді.
Сӛз дыбыстарын ажырата естушілік 
фонематикалық есту
деп аталынады. Ол 
ӛмір барысында бала тәрбиеленген тілдік ортаға қарай қалыптасады. Шет тілін игеру 
фонематикалық естудің жаңа жүйесінің жасалуына әкеледі. Шетел тілдерін оқып 


үйрену қабылеті кӛбіне дамыған фонематикалық естумен анықталады. Ол сӛзді 
қатесіз жазуға (әсіресе бастауыш мектепте) әсерін тигізеді.
Музыкалық естігіштіктің әлеуметтік қажеттілігі сӛзді естігіштіктен кем 
емес. Музыкадан эстетикалық ләззат алу қажеттілігі болады. Дыбыстық түйсіктің 
үшінші түрі - шуылдық (және сыбдырдың) адам үшін әлеуметтік мәні аздау. Шуыл 
белгілі бір эмоциялық күйге түсіреді (жаңбыр шуылы, жел ызыңы), кейде қауіптің 
хабаршысы болады (жыланның ысылы, жақындап келе жатқан жаудың аяқ тықыры). 
Мектеп тәжірибесінде шуылдың ұнамсыз әсерімен ұшырасуға тура келеді: ол 
санадан пайдалы сигналдар - сӛздерді бӛліп шығаруға бӛгет жасайды, нерв жүйесін 
қалжыратады. Үлкен қалаларда кӛше шуылына қарсы ағаштар отырғызылады.
Иіс түйсіктері.
Иіс түйсігінің рецепторы да дистанттыққа жатады. Мұрын 
кеңсірігіндегі кілегей қабықтың клеткаларына түрлі химиялық заттардың 
микроскоптық бӛлшектерінің әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. 
Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш клеткалары бар. Ауамен бірге мұрынға 
кіретін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш клеткаларын тітіркендіріп отырады. Иіс 
түйсіктерінің түрлері кӛп (хош иіс, сасық иіс, ӛткір иіс т.б.). Бірақ бұлар әлі күнге 
дейін белгілі классификацияға түспеген. Ӛйткені оларды дәм түйсіктерінен ажырату 
кейде қиынға соғады. Сондықтан да біз кӛбінесе белгілі бір иістің атын атаудан гӛрі, 
иіс шығарып тұрған затты атаймыз (темекі исі, газ исі, шӛп исі т.б.). Иіс түйсіктері 
адамның тұрмыс салтына, қызмет бабына қарай да ерекше дамып отырады.
Адамның иіс түйсіктерінің қоршаған ортаны бағдарлаумен байланысы аз. 
Иістің бұл қызметін кӛру мен есту билеп тӛстейді. Иіс түйсігінің дамымағандығы 
мен тұрақсыздығына тілімізде оларды атайтын арнайы сӛздердің жоқтығы да дәлел, 
түйсіктер ӛзін тудыратын заттардың абстрактыланбағандықтан «шӛп иісі», «шіріген 
алма иісі», «гүлдің иісі» деп айтылады.
Иіс сезгіштігі дәм білумен тығыз байланысты, тағамның сапасын ажыратуға 
жәрдемдеседі. Иіс организм үшін қауіпті ауасы бар ортадан сақтандырады, кейбір 
жағдайларда заттардың химиялық құрамын анықтауға кӛмектеседі.
Иісті жақсы сезу соқыр, мылқау, керең адамдарда ерекше жетілген. Мәселен, олар 
бӛтен адамдарды, түрлі нәрселерді алыстан-ақ исінен «таниды». үйге кірген 
адамдарды да, білетін кӛшесін де, тұрған үйін де олар иісіне қарап оп-оңай айыра 
алады. Түрлі иістердің табиғатын зерттейтін ғылым саласы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет