табиғатынан жақсы және ӛзін жетілдіруге қабілетті, адамдар - саналы әрі ойлы
жаратылғандар, адамның мәнділігінің ӛзі оны тұлғалық ӛсуге, шығармашылық пен
ӛзіндік жеткіліктілік бағытында тұрақты қозғалысқа итермелейді.
А.Маслоу бойынша психоанализ психологиялық бұзылуларды, невроздарды
зерттеу барысында қалыптасқан. Неғұрлым әмбебап психология ғылымдарының
негізі ретінде психологиялық cay, ӛзін-ӛзі танытушы адамдарды зерттеу керек.
Оның пікірі бойынша, ӛзін-ӛзі таныту туа біткен құбылыс, ол адам табиғатына
енеді. Адамгершілік, жақсылық жасау, жақсылық тілеу адамның ӛзегін құрайды.
Адам осы гуманистикалық қажеттіліктерін жүзеге асыра білуі керек. А. Маслоу
теориясындағы бұл тұжырым дұрыс деп саналды.
А.Маслоу адам қажеттіліктерін бірнеше түрге бӛлді: а) физиологиялық
қажеттіліктер; ә) қауіпсіздікті қажет ету; б) қорғанысты қажет ету; в) ақиқатты,
адамгершілікті, әділеттілікті қажет ету. Ӛзін-ӛзі таныту туа бітсе, қажеттіліктердің
бастапқы үш тобы қанағаттандырылса ғана ӛзін кеңірек кӛрсете алады. Міне осы,
А.Маслоу ілімінің негізгі ақауы - қажеттіліктердің бастапқы үш тобы
қанағаттандырылмаған адамдардың әділеттілікті, сыйқұрметті және т.б. қажет
етуінің қалай қалыптасатыны түсініксіз. А. Маслоу антропологиялық ұстанымда
қалып, қажеттіліктің әлеуметтік жағын аша алмады.
Достарыңызбен бөлісу: