тоқталды. Ол баламен еркін әңгімелесу әдісін қолданды. Кішкентай бала ӛз әлемінің
санадан тыс орталығы болды. Ол басқаның орнына ӛзін қоя алмайды, ӛзіне-ӛзі
сырттай қарамай, басқа адамдар заттарды басқаша ұғынатынын түсінбейді.
Сондықтан ол объективтілік
пен субъективтілікті, ӛзіің басынан ӛтіп жатқанды
ақиқатпен араластырып алады. Ӛмір баланы ортаға бейімделуге кӛндіреді. Осы кезде
баланың ойы бастапқы қалпынан айырылып ӛзгереді және басқа, әлеуметтік ортадан
алынған "ересек адам" логикасына бағына бастайды".
Ж.Пиаже ақыл-ойды зерттеу кезінде кескін әдісін пайдаланады: ол әр түрлі
жастағы балаларға бірдей тапсырма беріп, оның нәтижесін салыстырады.
Бұл әдіс
баланың ақыл-ой әрекетіндегі кейбір ӛзгерістерді кӛрсетті. Бірақ бұл әдіс баладағы
жаңа ақыл-ой амалының,
ұғымының, білімінің, психологиясының қалыптасуын
ашып кӛрсетеді.
Ж.Пиаже концепциясының басты кемшілігі: баланың толық тұлғалық дамуын
ескермей, ол ақыл-ой дамуының басты қозғаушы күші ретінде ақылойдың ӛзін
кӛреді. Ақыл-ойдың даму факторларының арасында іс-әрекет сияқты фактор болған
жоқ.
Ж.Пиаженің теориялық тұжырымдары
жоғары деңгейдегі ойлау
қабілеттерінің кӛзі ӛткендегі ой мүмкіндіктерінде болатынын дәлелдеп бақты.
Генетикалық психология зерттеулеріндегі басты кемшілік: интеллект даму
деңгейінің бірінен 2-шісіне ӛтуде оқудың маңызы орынды бағаланбай,
әлеуметтік
қоғамдық факторлардың тұлға қалыптасуындағы мәні жоққа шығарылады. Кӛптеген
зерттеушілер баланың ойлау қабілетінің дамуы дұрыс ұйымдастырылған үйрету
жүйесіне байланысты болатынын кӛрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: