1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет42/96
Дата18.10.2023
өлшемі1,48 Mb.
#118191
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   96
Байланысты:
Психология лекции (1)

хроматикалық
(қызыл, қызғылт, сары, 
жасыл, кӛгілдір, кӛк, күлгін) 
ахроматикалық
яғни бояусыз (ақ, қара және барлық сұр 
түстер) болып екіге бӛлінеді. Хроматикалық түстер үш түрлі сапамен (түстің ашық 
болуы, реңкі, қоюлығы), ахроматикалық түстер тек ашық болуымен ғана 
ажыратылады.


Заттардың түстерін кӛру «үш түсті кӛру» теориясымен түсіндіріледі. Осы 
теорияны алғаш ұсынған ұлы орыс ғалымы М. В. Ломоносов болса, кейіннен оның 
кӛзқарасын неміс ғалымы Г. Гельмгольц зерттеп жалғастырған. Осы аталған 
ғалымдар кӛздің тор қабығында үш түрлі жұмыр клеткалар бар, олардың бір-бірінен 
айырмашылығы жарық сәулелерінің әсерін түрліше сезетіндігінде деп жорамал 
жасады. Егер кӛзге ұзын толқынды сәуле әсер етсе, онда бірінші жұмыр жасушалар 
қозу күйінде келеді де, осының нәтижесінде адам қызыл түсті түйсінеді, екінші 
жұмыр жасушалар қозса - онда жасыл түсті түйсіну пайда болады да, үшінші 
жұмыр жасушалардың қозуы - күлгін түсті түйсінуге мүмкіндік береді. Осы үш 
жұмыр жасуша қатар қозатын болса - адам ақ түсті түйсінеді, ал бұлардың қозу күші 
түрліше болса - аралық түстерді түйсінеді
Заттың түстерін дұрыс айыра алмау кӛздің тор қабығындағы осы аталған үш 
түрлі жұмыр клеткаларының жұмысына зақым келуден болады. Кейбір адамдардың 
кӛзінің түстерді айыра алмайтын кемістігі болады. Айналадағы заттардың бәрі ол 
адамға қоңыр болып кӛрінеді. Кӛздің осындай кемістігін - 
дальтонизм 
дейді. Ондай 
адам, әсіресе, қызыл және жасыл түсті айыра алмайды. Ер адамдардың 4-5 пайызы
дальтондық болса, әйелдер 0,5 пайызы ғана. Сонымен кӛру түйсінуі дүниені тану 
процесінде ӛте маңызды орын алады.Мұндай адамдарды кейбір мамандықтар 
бойынша жұмысқа қабылдамайды. Мәселен, паровоз машинистері, жүргізушілер 
мен трамвай жүргізушілер түстерді жақсы ажырата білуі қажет. Ӛйткені светофорда 
тек қызыл және жасыл түс қана болады. Осы түстерді ажырата алмай қалушылық, 
транспорттың апатқа ұшырауына себеп болады. Сондықтан осындай жұмыстарға 
адам алғанда олардың түсті айыра білу қабілеттерін дәрігерлік комиссия арқылы 
анықтап отырады..
Есту түйсіктері.
Дистанттық түйсіктерге есту түйсіктері де жатады. Есту 
рецепторын тітіркендіретін дыбыс толқындары. Дыбыс толқыны деп - ауаның 
белгілі ырғақпен бірде тығыздалып, бірде селдіреп ыдырауын айтады. Сол 
толқындар әр тарапқа тарайды. Ауа толқындарының физикалық құрылысы ӛте 
күрделі. Біз сол толқындардың жиілігін, амплитудасын және формасын ажырата 
аламыз. Ауаның бір секунда ӛтетін толқынын герц деп атайды. Адамның есту 
рецепторы 1 сек ішінде орта есеппен 16000-нан 22000 герцке дейін ауа толқынын 
түйсіне алады. 16 герцтен тӛменгі жиілікпен ӛтіп жатқан толқындарды құлағымыз 
түйсіне алмайды. Біздің талдағыштарымыз түйсіне алмайтын 12-16 герцтен тӛменгі 
дыбыстарды - 
инфрадыбыстар
деп атайды. Ал толқынның жиілігі 22000-нан асып 
кетсе, ондай дыбысты адамның құлағы шалмай қалады. Мұндай жіңішке 
дыбыстарды 
ультрадыбыстар 
дейді.
Құлақ - есту рецепторы. Ол үш бӛлімнен тұрады: 1) сыртқы құлақ; 2) орта 
құлақ; 3) ішкі құлақ. 
Сыртқы құлаққа
құлақ қалқаны және оның есту жолы жатады. 
Құлақ қалқаны - дыбыстың бағытын белгілеп отыратын және оны жинауға себепкер 
мүше. Ондай міндетті қалқанның бұлшық еті орындайды. Бұл мүшенің 
физиологиялық күші ерекше болып келеді.


Сыртқы құлақты орта құлақтан бӛліп тұратын мүше - дабыл жарғағы. Ол нәзік 
болғанымен, ӛте берік. Дабыл жарғағы серіппелі болғандықтан, ауа толқынын 
бұлжытпай шайқалтады. Ӛзінің тербелуін дабыл жарғағы орта құлақтың 
сүйекшелеріне мүлтіксіз жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет