6.2.3.1. ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату.
6.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау;
6.4.3.1 неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.
Барлық оқушылар:жанрлық ерекшеліктерін ажырата алады, мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді анықтайды, неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын ажырата біледі;
Көптеген оқушылар:құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіріп бере алады, мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзетеді, неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын ажырата біледі;
Кейбір оқушылар:ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеу стилінің ерекшелігін түсіндіріп бере алады, мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзетіп, редакциялайды, неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын ажырата біледі.
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.