Байланысты: Лекция 1-15 Мадениет и психология КАЗ (2)
2. Конфликтсубъектілері мен қатысушылары Конфликттің «субъект және қатысушы» ұғымдарыәрдайым ұқсас келе бермейді. Субъект – бұл конфликт жағдаятын туғызуға қабілетті және өз мүдделеріне байланысты конфликт барысына әсер ететін белсенді тарап. Конфликт қатысушысы саналы түрде (немесе қарама-қарсылық мақсаттары мен міндеттерін толығымен түсінбей тұрып) конфликтіге қатыса алуы мүмкін, сондай-ақ кездейсоқ немесе өз еркінен тыс конфликтіге тартылуы мүмкін. Конфликттің дамуы барысында қатысушылар мен субъектілер мәртебесінің орны ауысуы мүмкін. Сондай-ақ конфликттің тікелей және жанама қатысушыларын да ажырата білуі керек. Соңғысы өзгенің конфликтсінде өзінің мүдделерін көздейтін нақты күшті білдіреді.
Жанама қатысушылар:
а) конфликтті өршітуі және оның дамуына түрткі болуы мүмкін;
б) конфликттің қарқындылығын кемітуге немесе оның толығымен аяқталуына негіз болуы мүмкін;
в) екі тараптың бірін немесе екі тарапты да қолдауы мүмкін. Конфликттің жанама қатысушылары конфликт орын алатын қоршаған ортаның белгілі бір бөлігін құрайды. Сондықтан қоршаған орта конфликттің дамуын арттыратын катализатор ретінде және оны тежейтін немесе бейтарап фактор ретінде қызмет етеді.
Әлеуметтік конфликттегі күш – конфликт тараптарының өз мақсаттарын қарсыластың (оппоненттің) қарсы әрекетіне қарамастан жүзеге асыру мүмкіндігі мен қабілеті. Ол қарсыластыққа тікелей қамтылған, сондай-ақ потенциалды тәсілдер мен ресурстардың барлық жиынтығын қамтиды. Конфликт пайда болу кезеңінде болған жағдайда оның потенциалды субъектілері қарсы тараптың шынайы күші және қоршаған ортаның болжалды конфликтіге қатысты мүмкін болған әсері туралы тек шамамен алғандағы көрініске ғана ие. Тек конфликт басталған сәтте немесе оның даму барысында ғана қарсы тараптардың күші туралы мәлімет толық беріледі.
Қоршаған орта – әлеуметтік конфликт құрылымындағы элементтердің бірі. Ол физикалық орта (географиялық, климаттық, экологиялық және басқа да фактордан) мен әлеуметтік ортадан (конфликт туындайтын белгілі бір әлеуметтік жағдайдан) тұрады.