1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары


Конфликттің дамуының негізгі кезеңдері



бет43/44
Дата01.10.2024
өлшемі0,78 Mb.
#146450
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
Лекция 1-15 Мадениет и психология КАЗ (2)

2. Конфликттің дамуының негізгі кезеңдері
Әдетте әлеуметтік конфликтте дамудың төрт кезеңі анықталады:

  1. конфликтке дейінгі кезең.

  2. конфликттің өзі.

  3. конфликтті шешу кезеңі.

  4. конфликттен кейінгі кезең.

Әрбір кезеңді нақтырақ қарастырамыз.
Конфликт алдындағы кезеңді шартты түрде дамудың үш сатысында бөліп көрсетуге болады, олар үшін тараптардың өзара қарым-қатынасы негізінде келесі ерекшеліктер тән:

  1. Белгілі бір даулы объект бойынша қарама-қайшылықтың қалыптасуы; сенімсіздік пен әлеуметтік қарбаластықтың артуы; бір жақты немесе өзара шағымдарды ұсыну; қарым-қатынас пен ренішті азайту.

  1. Өз ниетінің дұрыстығын дәлелдеуге тырысу және даулы мәселелерді «әділ» тәсілдермен шешуді қаламайтындығы үшін қарсыласын айыптау; өзінің жеке стереотиптерімен шектелу; эмоционалды салада қате түсінушілік пен жақтырмаушылықтың пайда болуы.

  1. Өзара әрекет ету құрылымының бұзылуы; ортақ айыптаудан қауіп-қатерге көшу; басқыншылдықтың өсуі; «дұшпан образын» қалыптастыру және күреске деген нұсқау.

Осылайша конфликттік жағдаят бірте-бірте ашық конфликтіге өтеді. Алайда ол өздігінен ұзақ өмір сүруі және конфликтіге айналмауы мүмкін. Конфликт нақты болуы үшін жанжал қажет.
Инцидент (дау) — тараптардың тікелей қақтығысуына себеп болатын жағдай, формалды сылтау. Мысалы, 28.08.1914 жылы бір топ босния террористері тарапынан орындалған Сараево қаласындағы австро-венгерлік тақ мұрагері Франц Фердинанд пен оның әйелін өлтіру ісі алғашқы дүниежүзілік соғыстың басталуына формалды түрде сылтау болды. Алайда Антанта мен Германдық әскери блок арасындағы қарбаластық көп жылдардан бері орын алып келеді.
Инцидент кенеттен болуы мүмкін, не конфликттің субъект (субъектілер) тарапынан туындауы және оқиғаның табиғи барысы нәтижесі де болуы мүмкін. Ұсынылатын «бөтен» конфликтте өз мүдделерін көздейтін қандай да бір үшінші күш инцидентті дайындайды әрі туындайына негіз болады.
«Внимание: конфликт!» кітабының авторлары Ф. М. Бородкин мен Н. М. Коряк қалыптасу сипатына қарай конфликттік жағдайының төрт түрі мен инциденттің төрт типін атап көрсетті:

  1. Объективті мақсатты (мысалы, оқытудың жаңа формалары еніп жатыр, соған сәйкес оқыту құрылымын өзгерту мен оқытушылық құрамды ауыстыру қажеттілігі туындайды).

  1. Объективті мақсатты емес (өндірістің дамуының табиғи барысы еңбектің ұйымдарымен қақтығысады).

  1. Субъективті мақсатты (адам өз мәселелерін шешу үшін конфликтіге түседі).

  2. Субъективті мақсатты емес (екі немесе бірнеше тараптардың мүдделерінің кездейсоқ қақтығысуы); мысалы, сауықтыру орнына бір ғана жолдама, ал үміткерлер бірнеше.

Инцидент конфликттің жаңа сапаға ауысқандығын білдіреді. Қалыптасқан жағдаятта конфликтіге түскен тараптардың мінез-құлқының үш нұсқасы болуы мүмкін:

  1. Тараптар туындаған қарама-қайшылықты реттеуге және ымыраға келуге тырысады.

  1. Тараптардың бірі «маңызды ештеңе болмағандай» түр танытады.

  1. Инцидент ашық қарама-қайшылықтың басталуына түрткі болады. Қандай да бір нұсқаны таңдау көбінде тараптардың жағдаяттық нұсқауларына (мақсат, эмоционалды бағдарға) байланысты болып келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет