4.2.Картаның қасиеттері мен элементтері
Карта дегеніміз – табиғи денелер мен құбылыстардың кішірейтілген сызықша моделі, немесе белгілі бір математикалық заңға сүйеніп құрылған, кішірейтілген, таңбаланған, генерализацияланған жер бетінің және элементтік табиғи құбылыстардың бейнесі.
Картаның қасиеттері:
масштабтылығы – картографиялық бейнелеудің нақтылы мөлшері салыстырмалы түрде
белгілі бір пропорцияда кішірейтілген;
картографиялық бейнелеудің генерализациялылығы – ең басты типтік зерзат пен
құбылыстардың картада көрсетілуі;
картографиялық бейнелеудің таңбалануы (символикасы) – графикалық образды шартты
белгілер көмегімен көрсету;
математикалық нақтылығы – математикалық әдістермен бейнелу арқылы картаны құру
(карт.практ. салу);
картографиялық бейнелеудің алуан түрлілігі – кез келген зерзатпен табиғи құбылыстарды
кеңістікке таралу ерекшелігіне қарай бейнелеу.
Жалпы географиялық карталарда: а) математикалық негіз; б) картографиялық бейнелеу;
в) жәрдемші құралдар; г) қосымша мәліметтер болады.
Карта элементтері
Жалпы географиялық карталарда төменгідей элементтер ажыратылады:
1.Математмкалық негіз
2.Картографиялық бейнелеу
3.Көмекші құралдар
4.Қосымша мәліметтер
Матемаикалық негізге геодезиялық негіз, масштаб және проекциялар жатады, олардың
көмегімен математикалық анықталған картографиялық бейне құруға болады.
Геодезиялық негіз. Жер беті нүктелер жүйесі, нүктелердің орнын жазықтықтағы координаталар
жүйесі және биіктік бойынша анықтауға болады. Осы нүктелердің көмегімен күндізгі
(топографиялықтан) беттен жер эллипсоидының теориялық бетіне математикалық «ауысуды»
орындауға болады.
Масштаб зерттелетін затпен «тілдесуге» қолайлы және мүмкіндігінше ыңғайлы мөлшерге дейін
эллипсоидты кішірейтуге жағдай жасайды.
Проекция –Жер эллипсоидының немесе планетаның бетін математикалық тәсілдер арқылы
жазықтықта бейнелеу- карталанатын құбылыстардың көрнекілік-таңбалы графикалық бейнелеуін
құруға мүмкіндік береді
Картографиялық бейнелеу – шартты белгі, сызықтар, ареалдар т.б. түрінде карталанатын және
бейнеленетін құбылыстар мен обьектілер (зерзаттар). Бұл обьектімен құбылыстарға: гидрография,
рельеф, өсімдік жамылғысы , елді қоныстар, террирорияның геологиялық құрылымдары,
ландшафтар, ылғалдану жағдайлары т.б. жатады.
Көмекші құралдарға карта аңыздары жатады (стандартты емес, мысалы, топографиялық карталар)
Қосымша мәліметтер кейбір карталарда карта түрінде -қима, кескін, сурет, график, кесте т.б.
көрсетілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |