1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістемелері



бет18/58
Дата17.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#117690
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58
Байланысты:
1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістÐ

5.2.Гаусс-Крюгер проекциясы.Тік бұрышты координаталар.
Біршам.а қыска ара қашықтықтарға байланысты есептерді шешкенде тікбүрышты жазық
координаталар жүйесі пайдаланылады. Бұл жүйеде нүктелердің координаталары, ара қашықтығы
және бағыттары арасындағы байланыс аналитикалық геометрияның қарапайым формулаларымен
өрнектеледі, мұның өзі есептеулерді айтарлықтай жеңілдетеді. Егер жер беті учаскесінің өлшемі
жердің сфералылығын ескермеуге мүмкіндік беретін болса, онда геодезиялық жұмыстар жүргізген кезде тікбүрышты жазық координаталардын шартты жүйесі жиі колданылады, онын координаталар басы еркін таңдап
алынады. Осы координаталар жүйесінің элементтері мынадай: х абсцисса осі (7сурет), оның
бағыты бастапкы меридианға, магниттік және осьтік меридианға параллель немесе еркін
қабылданады. Оу — ордината осі Ох осіне перпендикуляр болады; О нүктесі — координаталар
басы.
Горизонталь жазықтық координаталар осімен төрт ширекке бөлінеді. Математикада

қолданылатын тікбүрышты жазық координаталар жүйесінен (декарттық) айырмашылығы -


геодезияда оң тікбүрышты координаталар жүйесі қолданылады; онда ширектердің нөмірленуі
солтүстік-шығыс ширектен басталып, сағат тілінің бағыты бойымен жүргізіледі; мұның өзі
геодезиялық есептеулер кезінде тригонометриялық формулаларды ешбір өзгеріссіз пайдалануға
мүмкіндік береді.
Кез келген А нүктесінің орны бұл координаталар жүйесінде координаталар басынан осы
нүктелердің Ох және Оу осьтеріндегі проекцияларына дейінгі х А және уА кесінділерімен анықталады. Ох және Оу осьтеріндегі АВ түзуінің проекциялары координаталар өсімшелері
деп аталады, олар ∆х және ∆у деп белгіленеді. Өсімшелердің белгілері де ширектің орнына
байланысты; егер координаталар өсімшелерінің бағыттары, яғни тікбұрышты үшбүрыштардың
катеттері координаталар осьтерінің оң бағытымен сәйкес болғанда, координаталар өсімшелері оң
болады да, ал сәйкес келмеген жағдайда теріс болады. Коордпнаталар өсімшелерінің белгілері
2-кестеде келтірілген.
Егер де А нүктесінің ха уА координаталары және А мен В нүктелері арасындағы ∆х пен ∆у
координаталар өсімшелері белгілі болса, онда В нүктесінің координаталары мынаған тең болады 


хВ =Ха +∆х , уВ ═уА+∆у .
Тікбұрышты жазык координаталардың шартты жүйесі жергілікті сипаттағы геодезиялық
барлау жұмыстарының жобаларын барлауды жүргізетін жерде бөлу кезінде қолданылады.
Жер бетінің едәуір территориясын жазықтықта кескіндеу үшін нүктелерді эллипсоидтың
бетінен белгілі бір математикалық заңдылық бойынша жазықтыққа көшіруге мүмкіндік беретін
картографиялық проекциялар колданылады. Геодезияда бұрыштардың мәнін бұрмаламайтын тең
бұрышты немесе конформдық проекция қолданылады. Эллипсоидтың едәуір көлемді бетін
кескіндеген кезде ұзындықтың бұрмалануын азайту мақсатымен оларды жеке аймақтарға
(зоналарға) бөледі. Бұл кезде олардың әркайсысы тікбүрышты координаталар жүйесіндегі
жазықтықта кескінделеді.
Тікбүрышты жазық координаталардың жалпы мемлекеттік жүйесінде жер бетіндегі
нүктелердің орындары жазықтықта х, у тікбүрышты координаталарымен анықталады. Олар
жазыктыққа Гаусс-Крюгердің тең бұрышты көлденең-цилиндрлі проекциялау заңы бойынша
проекцияланады (8-сурет). Сонда жер эллипсоиды бойлықта әрбір 6° сайын меридиандармен
60 зонаға бөлінеді, олар полюстен полюске дейін созылады. Зоналардың нөмірлері батыстан
шығыска қарай Гринвич меридианынан жүргізіледі, ал Гринвич мериднаны бірінші зонаның
батыс шекарасы болып саналады. Әрбір зонаның ортадағы меридианы осьтік меридиан деп
аталады.

Шығыс жарты шарындағы кез келген зонаның осьтік меридианының бойлығы мына формула


бойынша анықталады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет