Масштабтар және оның дәлділігі.
Жер бетін планда немесе картада кескіндегенде жер контурының горизонталь проекцияларын
табиғи шамасымен бірме – бір көрсету мүмкін емес. демек, план немесе карта жер контурының
горизонталь проекцияларының кішірейген кескінін береді. Пландағы, яғни картадағы кесінді
ұзындығының жердегі тиісті кесіндінің горизонталь проекциясына қатынасы планның немесе
картаның масштабы деп аталады.
Масштаб:
1_ 1 1 1 1 1___
500 1000 2000 5000 10 000 25 000 және т.с.с. алынады.
Осындай масштаб сандық масштаб деп аталады, оның бөлімі жердегі сызықтардың план мен
картаға кескіндеу кезінде қаншалықты кішірейгенін көрсетеді. Мәселен, 1:1000 масштаб планда
барлық ұзындық өлшемдер 1000 есе кішірейгенін, яғни пландағы 1 см жердегі 10 м-ге сәйкес
келетінін көрсетеді. Масштаб әрбір план мен карта бетінің рамкасының оңтүстік қабырғасының
астында сандық (сандық масштаб) және графикалық (сызықтық масштаб) түрде көрсетіледі.
Сандық масштабты біле отырып, картада жердегі өлшенген кесіндінің ұзындығын, керісінше
картадағы ара қашықтықты өлшеп, оның жердегі шамасын табуға болады. Мысалы, егер жердегі
горизонталь ара қашықтығы 145,3 м-ге тең (яғни, 1 см 10 м-ге тең) кесіндінің масштабы 1: 1000,
пландағы ұзындығы 145,3:10=14,53 см. Егер картадағы кесіндінің ұзындығы 9,13 см, ал картанын
масштабы 1:10000 (яғни 1 см – 100м) болса, онда жердегі сызықтың горизонталь ара қашықтығы
9,13 . 100 = 913 м. болады.
Планды немесе картаны жасағанда жердің әрбір сызығының ұзындықтарын әрдайым бір
санға кішірейту қажет; оған сызықты масштабты пайдаланған кезде қол жеткізуге болады.
Сызықтық масштаб масштабтың негізі деп аталып, мысалы, әрбір 1-2 см сайын тең кесінділерге
бөлінген тік сызық болып табылады. Мұндағы шеткі сол жақтағы кесіндіні әдетте 10 тең бөлікке
бөледі. Сызықтық масштабтағы әрбір кесіндіге жердегі белгілі бір кесінді сәйкес келеді. Нөлдік
сызықшадан оңға қарай салынған кесінділер 1:2000 масштабта жердегі 20,40, 60, 80, 100, 120, 140,
160 м-ді, ал солға қарай 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20 м-ді көрсетеді. Масштабтағы ab кесіндісіне
жердегі 88 м ұзындығы сәйкес 5-ші сурет) келеді.
Сызықтық масштабтың көмегімен 0,5 мм дәлдікпен ара қашықтықты өлшеуге және салуға
болады. Ара қашықтықты өте дәлдікпен анықтау үшін көлденең масштабты қолданады.
Көлденең масштаб кесінділерді пропорционал бөлуге негізделген график болып табылады.
Көлденең масштабты салу үшін түзуге бірнеше рет 2 см-лік кесіндіні салады, ол масштабтың
негізі деп аталады. Бөлінген нүктелерден перпендикулярлар тұрғызылады. Масштабтың негізіне
параллель тең аралықта перпендикулярлар арқылы түзулер жүргізіледі. Масштаб негізінің шеткі
сол жақтарын жоғарыдан және төменнен 10 бөлікке (2 мм – ден) бөледі. 6 –ші суретте
көрсетілгендей, алынған нүктелерді көлбеу түзілермен қосады. ВE сызыығына параллель көлбеу
сызықтардың арасындағы кесінділер АВ табанының оңнан бір бөлігіне тең болады, яғни
ЕD = AB\10, ал BD перпендикуляры мен BE көлбеуінің арасында жатқан кесінділер масштаб
табанының жүзден бір бірлігіне тең. Сірә, осы кесінділердің ең кішісі (t) ED кесіндісінен 10 есе
кем, яғни:
t=ED = AB
100.
Осындай масштаб нормальды жүздік көлденең масштаб деп аталады.
Көлденең масштабты қолданып өлшеу жүргізу алдында оның негізгі бөліктері жердегі қандай
ара қашықтықтарға сәйкес келетінін анықтау, яғни 2 см, 2 мм, 0,2 мм план масштабының бөліміне
көбейтілгенде неге тең болатының білу қажет. Мысалы, 1:5000 масштабтағы план үшін - 100 м,
5м, 0,5м.
Өлшеу кезінде циркуль ашасының инесін диаметрі 0,1 мм шеңбер ретінде қабылдауға болады. Осы шамадан кем кесінділерді сызбаға түсіру іс жүзінде мүмкін емес. Планның 0,1 мм нақты масштабына сәйкес
келетін жердегі ара қашықтық масштабтың дәлдігі деп аталады. Мысалы,
1_ 1 1 1 1
500 1000 2000 5000 10 000
масштабтары үшін олардың дәлдігі 0,05 м, 0,1 м, 1 м, 0,2 м, 0,5 м, 1,0 м –ге кем кесінділер берілген масштабтағы планда кескінделмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |