1 дәріс сабақтарының тақырыптары. Арнайы педагогика пәні, мақсаты, міндеті, нысаны, пәні. Арнайы педагогиканың бөлімдері


-Дәріс. Арнайы педагогиканың қағидалары



бет3/16
Дата17.04.2023
өлшемі163,9 Kb.
#83440
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
1 д ріс саба тарыны та ырыптары. Арнайы педагогика п ні, ма сат

3-Дәріс. Арнайы педагогиканың қағидалары
1. Арнайы мектептегі жалпы дидактикалық принциптері
Принцип дегеніміз - білім беру, түзету үрдісінің ұйымдастырудың сипаты мен ерекшеліктерін анықтайтын және білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардын танымдық әрекетін басқаруды реттейтін, негізгі заңдылықтармен тұрақты талаптар жүйесі.
Оқыту принциптері мұғалім мен оқушылар іс - әрекеттерінің ішкі елеулі жақтарын бейнелейді, мазмұның және ұйымдастырылу формаларында оқытудың тиімділігің анықтауға мүмкіндік береді және оқытудың нақты обьективті зандылықтарын көрсетеді. Принциптерді білу және оларды оқытуда толық, дұрыс жүзеге асыру арнайы педагогтың шеберлігінің негізін құрайды, арнайы білім берудін сапасына тікелей қатысы бар мәселе.
Оқыту принциптерінің саны мен аттары жөнінде біртұтас пікірдің жоқтығына қарамастан, олар негізінен оқыту заңдылықтарын түсінуде бір мазмұнды, бір ой мен мақсатты көрсетеді. Осы заңдылақтар тұрғысынан қарағанда оқуға және білім беруге қойылатын белгілі, тұрақты талаптар шығады. Оқытуда принциптер осы талаптар арқылы жүзеге асады.
Жалпы оқу теориясында тарихи қалыптасып, ғылыми негізделген, дидактикалық принциптер арнайы оқытуда да жүзеге асады. Арнайы педагогикада оқыту принциптері педагогика ғылымы дамып, мақсаттардың өзгеруіне тәуелді өзгереді. Оқыту принциптері барлық түрдегі арнайы мектептерге ортақ болғанына қарамастан, әр мектептің өзегеше мақсаттарына тәуелсіз, тек оқыту технологияларын нәтижелі жүзеге асыруда маңызды. Кемтар балаларды оқыту принциптерін жүйегі келтіру үшін арнайы мектептегі оқыту жалпы дидактикалық принциптермен бірге арнайы өзгеше принциптерге негізделетінің ескеру қажет.
Дәстүрлі жалпы дидактикалық принциптер: оқытудың тәрбиелігі, ғылымилығы, жүйелігі, қол жетерлігі, көрнекілігі, саналылығы мен белсенділігі, білім, білік дағдаларының беріктігі, оқытудың жекелік сипатқа ие болуы. Кейде білімділік мақсатқа сәйкес бұл принциптердің екі не үшеуін біріктіріп те қарастыруға болады. Ол кезде принциптердің саны азаяды. Принциптер жүйесі баланың оқытудағы дамуының барлық жақтарын көруге мүмкіндік береді.

Оқытудың тәрбиелігі


Оқыту оқушыны өмірге және болашақ іс- әрекетке даярлаудың негізгі құралы. Бірақ мектептегі білімнің күрделі және терендігі, оқу материалы мазмұнының игеруге қиындығы, оқу пәнінің әртүрлілігі, ойдың абстрактылығы көп жағдайда баланың баланың оқуға деген субьективтік ынтасын, тәрбиелі, еңбексүйгіці, оз бетімен өзін еңбекке даярлау ынтасын туғызбайды.
Арнайы мектеп оқушысы, оқу пәнінің мазмұнын игеріп, әрі келешек мамандығы үшін қажет екендігін өзінше ойлай алмайды. Оқытуда үлкендермен қарым - қатынас жасауда, өмір тәжірибесіне қарай баланың білімге және оқу әрекетіне қызығуы туады. Ал осы қызығу мен ұмтылу шеңберіне енбеген оқу пәндері маңызды, өмірге қажетті екені бағаланбайды. Ондай пәндерді бала тек мұғалім, ата - ана талабына байланысты, нашар баға алып жазалану қорқынышынан оқиды. Ғылыми білімдерді меңгеруде бала санасында әлем түрлі жақтарға және бөліктерге бөлінеді. Бұл қарама -қайшылық оқытуды тәрбиеден бөлу бағытын туғызады, әлемді біртұтас деп қарамайды. Осыдан оқыту процесінде тәрбие, көзқарас пен сенімдерді қалыптастыру міндеттерін орындау қажеттігі туады.

Оқытудың ғылымилығы


Ғылыми білімдер шындықты дұрыс бейнелеу болып табылады. Бірақ шындықты кез келген дұрыс бейнелеу ғылыми білім бола бермейді. Егер білімде қоршаған әлем заңдылықтары, заттар мен құбылыстардың ішкі мәніне сай қасиеттері мен байланыстары бейнеленсе ғана білім ғылыми білім болады. Бұл білімдер ақыл - ойдың дамуына шешуші ықпал жасайды. Себебі, олар қазіргі ғылым, техника, өндіріс, мәдениет, өнерді менгеруді қамтамасыз етеді.
Оқытудың ғылымилығы принципі оқу материалындағы заңдылықтарды оқушы дұрыс бейнелеуі, түсінуі және игеруі шартын жасау үшін қажет. Оқу пәні әрдайым ғылыми білімдерді қамтиды, бірақ оқу пәні және оған сәйкес ғылым арасында бірмәнді байланыс бола бермейді. Ғылым логикасы оқу материалының ғылымилығына ықпал етеді. Дегенмен, оқу материалының мазмұны басқа факторлардың әсерімен, мысалы, оқушылардың жасы, психологиялық және педагогикалық негіздемелер, қалыптасқан дәстүрлер т.б. факторлар негізінде қалыптасады. Ғылыми ой логикасы мен оқу материалы логикасы сәйкес келмейді, оқушы арнайы жоспарланған, психологиялык және педагогикалық негіздеулерге сәйкес нақты түсіну деңгейіне жақындайды.
Теориялык қағидаларды түсіну - кемтар баланың ойлау іс - әрекетінің сипатын анықтайтын ғылыми түсіндірудің ерекше белгісі.
Ғылыми білім ғылымилығын қоймай, шындықты әртүрлі терендікті бейнелеуі мүмкін. Сондықтан арнайы оқытудың барлык кезеңінде ғылыми түсіндіру мүмкіндігі бар. Арнайы оқытуда нақты бейнелік ойлаудан танымның ұғымдық формасына көшудің күрделі мәселесі туады. Теориялық материалды оқудың негізгі оқушы санасында ұғымдарды қалыптастыру болады. Кез келген ұғым - заттар, құбылыстар және олардың қасиеттерінің нақты жиынтығын сипаттайды. Мысалы, табиғаттағы су айналысы құбылысын түсіндіргенде балалар жерді шар түрінде, мұхит, теңіз, өзендерді оның су бері, жерді құрлық беті, оларды өз сәулелерімен жылытатын күнді дұрыс елестетуі жеткілікті. Осындай елестету оқу материалын баланың ғылыми игеруінің деңгейін көтере түседі. Неғұрлым іс - әрекетінде нақты заттар, құбылыстар, қасиетгер, оқиғалар елестетілетін болса, соғұрлым оқу материалы балаға түсінікті болады. Бірақ мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуда елестету арқылы жұмыс атқару қиын жағдай, оның себебі таным ерекшеліктері, әсіресе ойдың нақты көрнекі сипаты. Соңдықтан бұл принципті жүзеге асыру үшін арнайы шаралар қамтамасыз ету керек, жеңілдетіп, көрнекі құралдарды пайдалану арқылы.

Оқытудың жүйелілігі


Таным теориясы негізінде оқытудағы қоршаған әлем дамуының жалпы заңдылықтарына тәуелді екендігін ашып көрсетуге болады. Оқыту әлемді өз қалпында тану міндетін қояды.
Қоршаған ортаның оқу материалында бейнелеуі оны оқудың жүйесін анықтайды. Оқытудағы жүйе ғылым логикасына тәуелді. Егер мұғалім оқу материалын ғылым логикасы тұрғысынан бағаламаса, онда ол өз пікірінің дербестігін және сенімін жоғалтады.
Кез келген оқу материалы өз бойында белгілі бір теориялық қағидалар, түсініктер жиынтығын және осы қағидаларды дәлелдейтін құралдарды қамтиды.
Оқу бағдарламасы арнай мектеп оқушысы қандай теориялық және практикалық білім алуы керек екенін және оқу материалын оқып, меңгеру мүмкіндігін анықтайды. Кез келген оқу материалы білімдердің ғылыми жүйесінің бөлігі ретінде өз бойында бағдарлама белгілейді. Міне осы екеуінің, яғни бағдарламаға сәйкес оқылуга тиісті қағидалар мен идеялар арасында қарама-қайшылыктар туындайды. Осы қарама - қайшылықтар білім атушылардың танымдық іс - әрекеті мен мұғалім жасампаздығын шектеп немесе кеңейтіп сабақта оқу материалын түсіндірі жүйесін таңдап алуға елеулі ықпал жасады.
Арнайы оқытудың жүйелілігі оқушылардың жас және психолофизиологиялық ерекшеліктеріне, кемістіктің түрі мен деңгейіне негізделеді. Арнайы мектеп оқушыларына сабақ мазмұнын тек есте сақтау ғана емес, сонымен қатар, танымдық міндетті көруі, ол міндетті шешу тәсілдерін сайлауы да маңызды. Сондықтан түсіндіру оқу материалын игеруге қажетті танымдық белсенділікті, ойдың нақты құрылымын, логикалық операцияларды қалыптастыруға бағытталған болуы керек.
Сабақта, түсіндіру кезінде оқушының таным процестерін даму ерекшеліктерін, жан- жақты есепке алу керек. Оқытуда ақыл - ойды дамыту, сонымен қатар кемістіктерді түзету - күрделі, әрі кешенді процесс. Бұл принцип оқу бағдарламасы және оқу жоспары (әрбір жаңа тақырыптың мазмұны) арқылы жүзеге асады. Жүйелілік үнемі қайталаудан тұрады, сол себепті арнайы оқытуда оқушылардың есте сақтау ерекшеліктерін ескеру мұғалімнің жетекші міндеті. Арнайы мектеп оқушыларының ақыл - ойын дамытудың әсерлі факторы мұқият ойластырған сабақта түсіндірудің жүйесі болып табылады. Оқушылар арнайы мектептегі бірінші күнінен бастап хабарланған білімдегі жүйені бейнелей отырып бірізді және дәлелді ойлауға үйренеді.
Ол үшін арнайы оқытуда пәнаралық байланысты қамтамасыз ету қажет. Ол бұрын меңгерілген білім мен меңгерілетін материал арасындағы жүйелікті қалыптастырады. Білім беру бағдарлама материалын таңдап алуда және баяндауда, оқытуды ұйымдастыру түрі мен әдістерін пайдалануда, белгіліден белгісізге, қарапайымнан күрделіге көшу принципі сақталады.

Оқытудың қол жетерлігі


Оқыту арнайы мектеп оқушылардың жасына, даму деңгейіне және кемістіктің түріне сәйкес қол жетерліктей болуы керек. Бұл принцип арнайы педагогика үшін өте маңызды.
Қол жетерліктің елеулі белгісі - қабылданатын білімнің оқушы санасында бұрыннан меңгерілген білім деңгейімен байланысы. Егер бұл байланыс қалыптаспаса, онда білім арнайы мектеп оқушыларына қол жетпестей болады. Бұл жағдайдың себептері: материалдың күрделілігі, оқыту әдістерінің сай еместігі, ал негізгісі оқушылардың таным ерекшеліктері .
Білім баланың жеке тәжірбиесіне, сол жеке тәжірбисге оның бөлігі ретінде енсе қол жетерлікке айналады.
Оқушының өміріне және кол жеткен табысына айналған осы бейне қоршаған әлемнің кез келген құбылыстарымен, заттарымен қатынаста болады, өйткені, материалдық дүниені ақыл-ойы арқылы бейнелеудің басқа танымның жолы жоқ және барлығы өзара байланыста.
Негізінде белгілі мен белгісіздің байланысының теориялық шекарасы да, шегі да жоқ. Адамзат жинақтаған білімнің бәрі өзара байланысты. Әлем шексіз, сондықтан да адам танымының шектеуші мүмкіндігі бар. Бірақ кез келген уақытта деректер, идеялар, теориялар түрінде білімдер жиынтығының белгілі бір шегі мен көлемі болады. Осыдан танымның шектелген шындығы мен шексіз мүмкіндігінің арасында қарама - қайшылық туады. Осы қарама -қайшылықты шешу тәсілдері ақыл - ойдың жеке дамуымен болады және оқу материалының игерілуінің қол жетерлігінің әртүрлі дәрежесі анықтайды.
Арнайы оқыту үшін қол жетерліктің шекарасы, оның өлшемі аса маңызды мәселе. Оқу материалының қол жетерлігі және түсінілу мүмкіндігі арнайы мектептегі оқыту әдістері мен мұғалімнің шеберлігі және оқушылардың ойлау даму дәрежесіне тәуелді болады.
Оқу материалының оқушылардың дамуына пайдалы және қажеттілігін ажырата білу керек. Қоршаған әлемді дұрыс көре біліп, түсінуге мүмкіндік беретін кез келген білім пайдалы болады.
Оқытудың қол жетерлік принципі білімге және оның өмір тәжірбиесіне негізделген болуы қажет және оқылатын білім жүйесі жалпы дамудың тереңірек деңгейіне өтуге кемектесуі немесе осы етуді қамтамасыз ететін бағыт жасауы керек. Накты дамудың жақын аймағын дамудың езекті аймағына айналдыру арқылы жүзеге асады. Окытудың белгілі жағдайында оқу материалының окушының даму міндеттерін шешу үшін қажеттігіне кез жеткізетіндей болуы керек.

Оқытудағы көрнекілік


Оқытудағы көрнекілік принципінің қажеттігі ойдың нақтыдан абстрактыға, сезімдіктен тиімдікке көшу негізінде жүзеге асады.
Арнайы мектептегі оқу процесінде сезімдік таным кіші мектеп жасындағы оқушының қоғамдық мәнін дамытудың дербес жағы ретінде немесе абстракциялауды қалыптастыруға жол ашады.
Оқытуды пайдаланылатын сезімдік бейнелердің сапалық жағы көрнекі құрал негізінде оқушыда нақты нысанды елестетуге, оқу материалында бейнеленген заттар мен құбылыстарды жинақтап, көруге мүмкіндік тудырады. Көрнекі құралдар оқушының сезімдік танымын дамытады. Арнайы оқыту үшін бұл өте манызды жағдай, өйткені оқушылар бастауыш сыныптарда білімді тек көрнекі арқылы меңгере алады. Бұл жағдайдың себебі, сөйлеу тіліндегі ауытқушылықтар және де ең негізгісі көрнекі ойдың басым сипаттамасы.
Әдетте көрнекі құралдарды нақты, бейнелі, схемалық деген топтарға бөледі.
Оқу міндетгерін шешу үшін жасалған кез келген материалдық немесе белгілік модель көрнекі құрал бола алады.
Көрнекі құрал - әрдайым таным құралы. Көрнекі құрал таным процесінде нақты заттарды, оладың табиғи немесе коғамдық өмір сүру жағдайын елестетеуге жақындатады.
Корнекі қүрал түйсік пен қабылдау негізінде корытынды жасауға мүмкіндік беретін, сезімдік бейнелерді калыптастырады. Көрнекі кұралдарды пайдалану арқылы мұғалім оқушыларда пайда болатын сезімдік бейне таным құрылымында басты мэселе болып табылады.
Арнайы мектеп мұғалімі көрнекі құралдарды падаланған кезде келесі жағдайларды ескеруі тиіс, біріншіден, алдын ала кернекі құралдык мазмұнын талдау, сонымен бірге кернекі қүралдың оқушылардын даму деңгейімен, кемістітің түріне сәйкес келуін анықтау.
Көрнекілікті пайдалануда оқушының ойы көрнекі құралдан нақты заттың өзіне өтуі керек, яғни окушының ойлау әрекетін басқару және оқушылырдың нақты кемістіктерін ескеру қажет. Сонымен қоса қалыптастыратын сезімдік бейнені оқу міндетін орындаумен байланыстыру керек және түзетушілік міндетін шешу керек. Көрнекі құралдар оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес келуі ерекші дидактикалық талап.

Оқытудың саналылығы мен белсенділігі


Білім мен іскерлікті меңгерудегі саналылықты қамтамасыз ету -арнайы педагог әрекетінде аса күрделі мәселе. Жалпы оқытуда саналылығы мен белсенділігі принципі оқушылардың оқу материалын сапалы түсінуіне, мектептегі оқытуды сананың қатысуында, танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған. Ал арнайы мектепте бүл принципті жүзеге асыру қиын, ауыр жағдай, өйткені оқушылырдың дамуындағы ерекшіліктер өз әсерін тигізеді.
Арнайы мектепте білімді игерудің сапасы көп жағдайда сабақта жүргізілетін жаттығуларға тәуелді болады. Бір ережедегі жаттығулардың бірнеше жүйесі тандалып алынады, өз кезегінде олар игеру түрлі дәрежесінің болуына ықпал жасайды.
Оқушылардың, әсіресе бастауыш сыныптарда оқу ынтасы, көп жағдайда, оқытудың нәтижесін анықтайды. Оқушының өз бетімен ойлауына, дайындығына талапты біртіндеп күшейту керек, сол кезде ілімдерді игеру жасампаздық сипат алады. Арнайы оқытуда оқушылардың оқу жұмысына қатынастарына зейін аудару керек.
Бұл принципті жүзеге асыру үшін ең бастысы - оқушы үшін оқу материалы және оның танымдық іс-әрекетінің қандай мәні бар екендігін түсіну керек. Белсенділік әрдайым адамның қоғамдық мәнінің нақты бағыттарын, оқушы үшін мәні бар обьектілерге жинақы бағытталғандығын көрсетеді. Білімді меңгеруде оқушының белсенділігі әртүрлі және мұғалім талаптарына сәйкес болмауы мүмкін. Мұғалімнің зейіні ойлаудын логикалық операцияларына аударылса, оқушының ойлау белсенділігі мысалдар мен көрнекіліктерде. Арнайы мектеп оқушылар ережелерді жаттап меңгеруде қиналады, ал мысалдарды есте қалдыру, көрнекілікпен жұмыс жасау жеңіл және қызықты.
Саналы меңгеру - яғни фактілерді ажырату, олардың мәнін түсіну, арасындағы байланыс пен қатынастарды анықтау. Саналылық нәтижесі -дұрыс ұғым түсінікті бейнелейтін және тәжірибеде қолданылатын ғылыми негіздегі білімді қалыптастыру. Бұл принциптің естімейтін балаларды оқытуда маңызы ерекше, өйгкені бұл балаларда ауызша сөзбен айтылған материалдарды меңгеруде қиындықтар кездеседі. Н.Б.Морозова. Т.В.Розанова, И.М.Соловьев мәліметтері бойынша мәтінді толық түсінбеу байланыстарды (заттар арасында, уақыт пен құбылыстар арасында) байқауда қиындыктар туғызады. Ал ақыл ойы кем балалар берілген материалдың негізгісі мен қосалқысын ажырата алмайды өздерінің әрекетін түсінбейді және ұзақ уақыт бойы мұғалімнің сөзін тыңдай алмайды. Сабақтағы оқушының белсенділігі туралы оның мүғалім сұрағына жуап беруге дайындығы жолдастарының пікіріне өз пікірін қосу, өз бетімен сұрақ қою дерек пен дәлелдерге сүйену. Мұғалім саналылық пен белсенділікке түрлі құралдар мен тәсілдерді пайдалана отырып қол жеткізуі мүмкін, мысалы техникалық оқыту құралдар арқылы. Ал кемтар балаларды оқытуда саналықпен белседілікке қол жеткізу үшін келесідей негізгі талаптар ескеріледі;
- оқытудың баяу темпі;
- күрделі ұғымдар компоненттерге бөліп дамиды;
- жұмысты орындау жоспарын алдын ала даярлау;
- негізгі сәттерді анықтау, құбылыс пен фактілердің байланысын ашу;
- сөздік пен мысалдарды тиянақгы талдау;
- қайталап түсіндіру, түсінбеген жерлерін анықтау және түзету;
- өз бетімен жұмыс істеуге баулу.
Саналылық пен белсенділік принципін пайдаланудың нәтижелілігі оқушыларда қалыптасқан танымдық белсенділік және өз бетімен жұмыс істеу деңгейіне байланысты анықталады.

Оқытудың беріктігі


Арнайы оқыту процесінде білімнің беріктігіне қол жеткізу үшін көптеген факторлар әсерін тигізеді. Бұл оқыту принциптерді жүзеге асыру, педагогикалық шеберлік, оқушының оқу ынтасы, оқуға деген қызығушылығымен жалпы даму деңгейіне тәуелді.
Білімнің ұзақ сақталуына көптеген обьективтік және субьективтік факторлар, атап айтқанда, баланың мектептен тыс оқушының жеке өмір жағдайы ықпал етеді. Оқытудың беріктігінің шешетін мәселесі оң факторлардың ықпалын күшейтіп, теріс факторлардың рөлін төмендету, жою. Арнайы мектепте оқушылардың даму мүмкіндіктеріне сүйену, сақтаулы анализаторларды белсенді пайдалану қажет.
Оқытудың беріктігі принципінің мазмұнын құрайтын манызды жол берілген оқу материалының басты мәселесін бөліп алу.
Сабақта хабарланатын білімдер өзара шарты байланыста болатын бөліктер мен буындас жиынтықтан тұрады. Зерттелетін білімдегі негізгі ой оқу басқа бөліктерінің логикалық терең қағиданы қарастырады. Сабақтың бір мазмұнының өзі оқушының зерттелетін білімінің логикасын анықтауына, басты қағиданы бөліп ала білуіне байланысты ақылдың, дамуына әр түрлі ықпал жасайды. Оқу материалын оқушының аса терең түсінуін логикалық айқын және түсінікті басты ойлар мен қағидаларын бөлуін күшейтеді.
Негізгі ой оқушы меңгерген білімімен тығыз байланыста болады. Негізгі мәселе ол жөнінде оқушының білетінімен байланысты болуы керек. Ал есте сақтауга қажетті материал қысқа, бала бойындағы кемістікке бейімделген болуы тиіс. Өткенді ұмыту оқу жұмысы біткен бойда қарқынды жүреді, сондықтан қайталаулар уақыты мен жиілігі ұмытудың психологиялық зандылықтарымен сәйкес келуі қажет. Арнайы педагог оқу қарқыны төмендегенін байқаудан, кейінге қалдырмастан оның себебің анықтау қажет. Бұл жағдайдағы себептер, оқу процесіне қызығушылықтың болмауы және психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты.Аталған ерекшеліктерді қайта қалпына келтірудің жолдарын іздестіру арнайы педагогтың шеңберінде.

Оқытудың жекелік сипаты.


Оқытудың жекелік сипаты принципінің негізгі қағидасы адам танымындағы және дамуындағы жалпы, ерекшелік және даралықтың, үйреншікті мен жекенің, абстрактылық пен нақтылықтың диалектикасына негізделген. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алу, оларга жеке қатынасты окыту барысында үйымдастыру үлкен мэн алады. Жас ұрпақты жан - жақты дамыту міндеттерін орындау үшін қогамдық омір мектептен баска да, қосымша құралдарды кептеп береді. Кемтар балалар ез кабілеттерімен мүмкіндікгеріне лайық түрлі үйірмелер мен секцияларға қатынасады. Балалар үшін радио, теледидар хабарлары, кино, диафильмдер, балалар әдебиеті мен театрларының үлкен танымдық мәні бар.
Отбасында бала өмірінің ұйымдастырылуы: материалдық жағдайы жастайынан өз бетіндікке, тәртіпке, еңбекке үйретілуі, еркелетілуі, үлкеннің ақылыссыз, жәрдемінсіз ештемеге қатынаспауы ересектердің ықпалынсыз өз құрдастарының арасында жүруі тағы басқа. Осының бәрі әр баланың жеке айырмашылықтарына әкеліп соғады.
Осымен қатар, арнайы мектеп оқушыларының тәртібі мен іс әрекеттерінде жеке айырмашылықтардың болуына жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі мен темпераменті де ықпал жасайды.
Арнайы мектепке қабылданатын балалардың жоғарыда аталған факторларға байланысты, білім қоры көлемі және тереңдігі жағынан әр түрлі болады. Сондықтан оқу себептері жоғарғы мәнге ие бола бастайды. Оқушылар дамуының әр түрлі деңгейі оларды жеке зерттеуді талап етеді. Оқытудың жекелік сипаты, принціпі оқытудың нақты міндеттерін белгілеуге және шешуге, оқушылардың білімі мен дамуының шамасын анықтауға көмектеседі.
Білім нақты оқыту процесінде әрбір оқушымен жеке игеріледі. Дегенмен оқытуда білім жеке игеру деңгейі сынып, топ оқушыларында бір дәреже болуы мүмкін, әрбір баланың жеке дамуында жалпыны анықтауға болады. Осыдан оқыту процесінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың дамуы мен тәрбиесі жалпылық ұғымдары, /категориялары/ шығады. Бұл — ең алдымен, балалар дамуының ортақ деңгейі, бірдей білім қоры, ойлау процестерінің бірдейлік сипаты, іс әрекеті мен тәрбінің ұқсастығы, әдетте бұндай ортақ деңгейлік оқуға қабылданатын жас шамасы бірдей балалар да болады. Ортақтык тек биологиялық даму емес, олардың өмір жағдайының ұқсастығы, білімінің мазмұны мен ойлау сипатынан да болады. Мұндай ортақтық неғұрлым жас балаларда болады. Арнайы мектеп оқушыларының психикалық ерекшеліктері оқытуда, арнайы құралдар пайдалану мен жеке дара ықпал ету арқылы әр оқушының оқу материалын өз деңгейінде түсіну мүмкіндігін қамтамас етеді. Бүл жерде оқушылардың жеке ерекшеліктері оқу міндетін шешуді үдететін немесе тежейтінін ұмытпауы керек.
Арнайы мектеп окушыларының жеке ерекшеліктері жұмыс қабілетінен, тәртібінен құрдастары арасындағы қарым - қатынасынан және орнынан мұғалімге қатынасынан ерекше көрінеді.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жеке ерекшеліктерін зерттеудің тәсілдері бар. Олар: оқушыны жоспарлы, жүйелі бақылау (бақылау күнделіктер толтыру); алдын ала жоспарланған жеке не топтық әңгіме; қосымша оқу міндеттері ол жөніндегі оқушының ой - пікірін талдау; баланың ұжымдағы орны (социометриялык әдістер); жолдастармен қарым -қатынас күйіне байланысты арнайы тапсырма беру; т.с.с. ен бастысы -баланы жан - жақты психологиялық-педагогикалық тұрғыдан зерттеп, оның нәтижелеріне сүйеніп, кемшіліктерін жою. Оқушының жеке ерекшеліктері оқу процесіне оң, бейтарап, теріс ықпал жасауы мүмкін. Осының өзі оқушыға жеке қатынасты талап етеді. Он салаларды дамыту үшін кейде тек ата -анамен әңгімелесу жеткілікті. Басқа жағдайда мұғалім мен арнайы мектеп ұжымының төккен еңбегін қажет етеді. Дамуында кемісітігі бар оқушының танымдық әрекетен дамыту үшін арнай бағдарлама қажет. Мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың ортақ психикалық және жеке ерекшеліктерін негізделген арнайы оқыту білімді, нәтижелі игеруге, баланың жоғары зият және ізгілікті дамуына әкеледі.

2. Арнайы педагогиканың принциптері


Арнайы педагогикалық меншікті принциптері кемтар балаларды оқытудың маңызды концептуалды жағдайын бейнелейді. Бұл принциптер арнайы педагогикалық өзгешілік принциптері болып саналады. Оқыту принциптері оқыту процесіндегі зандылықтарымен анықталады және оқытудың тиімділігін қамтамасыз етеді.

Педагогикалық оптимизм туралы принцип


Бұл принцип біріншіден кемтар тұлғалардың потенциалды мүмкіндіктері туралы қазіргі ғылыми-тәжірибелік білім деңгейімен, екіншіден дамуында ауытқуы бар балалар мен ересектерді сауықтурыдың қазіргі педагогиканың жағдайы туралы ұғыммен қамтылған. Педагогикалық оптимизм туралы принцип қазіргі гуманизмді жариялайтын дүниетаным мен көзқарастарға негізделген. Мұнда әрбір адамның өміріндегі ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарамастан білім алуға, оқуға құқығын қорғау әрекеттері бекітіледі.
Арнайы педагогикада жариялаған тұжырымдымдама барлық балалар оқуға қабіліетті, яғни оқи алады дейді. Бұл жерде оқуға деген қабілет-жалпы білім беретін пәндерді меңгеруден, балаға қол жетерлік, дәйекті, өмірге қатысты, әлеуметтік құны мол және тұлғалық дамуға маңызды дағдыларға деген қабілеттік мағынасында қарастырылады. Ол баланың қоршаған ортаға бейімделуін дамытады, өз бетімен тәуелсіз, еркін өмір сүруғе дайындайды. Кемтар балалардың баяу оқитыны белгілі, бірақ олар өз деңгейіне сәйкес білімді меңгере алады да жоғары нәтижелерге қол жеткізеді.
Педагогикалық оптимизм принципі Л.С. Выготскийдің баланың дамуының жақын аймағы туралы іліміне сүйенеді. Ол бала дамуындағы оқытудың маңызды ролін көрсетеді және жеке түзету-дамыту бағдарламасының басынан соңғы нәтижесіне дейін болжау жасауға мүмкіндік береді. Арнайы педагог түзетушілік педагогикалық жұмысты бала дамуының актуальді деңгейін, сондай-ақ потенциалды мүмкіндіктерін ескере отырып әзірлейді.
Педагогикалық оптимизм принципі "шек қою" теориясынан бас тартады, өйткені ол теория дамуында ауыр ауытқуы бар балалар оқи алмайды, яғни "оқи алмайтын балалар" деп бекітеді.
Қазіргі уақытта педагогикалық шеберлік пен түзету білім беру технологиялар балаға деген махаббат, сүйіспеншілік, шыдамдылық болса, ғажап жетістіктерге жету мүмкін. Бұл жағдай дамуында ауыр және күрделі кемістігі бар, бұрын "оқи алмайтын" топтағы балаларды оқытудын қазіргі жағымды тәжірибесі мен нәтижелерін дәлелдейді.
Аталмыш принцип кемтар тұлғаларға басқаша көзқарасты қалыптастыруды ұсынады. Кемтар тұлға әлеуметтік құндылығы аз, қоғамға пайдасыз деген көзқарасты жою мақсатында қоғам арнайы ұйымдастырылған шаралар жасау тиіс, сол кезде кемтар тұлғалардың барлығы әлеуметтік толыққанды, жан-жақты дамыған тұлға болуына жол ашылады.

Ерте жастан педагогикалық көмек көрсету принципі


Қазіргі арнайы педагогика нәтижелі түзету - педагогикалық көмектің бірі - бала дамуындағы ауытқуды ерте анықтау және ерте диагностикадан өткізу мен қолдауды қамтамасыз ету деп санайды. Арнайы білім беру бала дамуындағы алғашқы кемістікті анықтау сәті мен бір мақсатқа бағытталған түзету-педагогикалық көмектің басталуы арасындағы уақытты біршама қысқартуды қарастырады.
XX ғасырдың 60-жылдарына дейін балаға түзету педагогикалық көмек көрсету қажеттігі бала мектепке келіп, мектеп бағдарламасын меңгере алмаған жағдайда ғана анықталған. Бұл жағдайдың бірнеше себептерге тәуелді, яғни бір жағынан медициналық және педагогикалық әрекет арасындағы келісім болмауы, мектепке дейінгі тәрбилеу мен оқытудың жалпыға міндетті еместігі, балаға көрсетілетін педагогикалық көмектін мүмкіндіктері мен жетістіктері туралы ата-аналар білімнің жеткіліксіздігі.
Психологияда бала дамуында сензитивті деп аталатын кезеңдер бар, олар белгілі психикалық процестердің жағымды, жеңіл әрі қарқынды тез дамитын кезең. Бұл кезеңнің уақыты шектеулі, егерде осы уақытта қандай да бір себептерге байланысты нақты бір жүйе қалыптаспаса, кейін көптеген арнайы жағдайларды талап етеді. Бала дамуы үшін ерте және мектепке дейінгі жас өте маңызды, сол кезде бастапқы психикалық процестері қарқын дамиды.
Егер бала естімейтін болып туылып, оган сол кезде арнайы сурдопедагогтың түзеу арқылы қолдау көрсетілмесе балада сөйлеу тілі дамымайды. Сонымен қатар тілдің дамуы мен қалыптасу үрдісінің жетіспеушілігі таным әрекетінің дамуына жағымсыз әсерін тигізеді яғни барлық психикалық процестерін өзгеше дамиды, тұлғасына тұтастай әсер етеді.
Қазіргі ғылыми жетістіктер қажетті диагностикалық құралдар мен түзету-педагогикалық технологияларды уақытымен ерте жастан көмекті ұйымдастыруға мүмкіндік ашады.

Білім беруде әлеуметтік-бейімдеу бағыттын қамтамасыз ету принципі


Дамудағы кемістікті түзету және орның теңестіру яғни толықтыру арнайы педагогикада кемтар тұлғалардың әлеуметтік өмірде тәулсіздігін қамтамасыздандыру құралы ретінде қарастырылады.
Арнайы білім берудің әлеуметтік-бейімдеу бағыты әлеуметтік қатынастын түрлі құрылымын және адамды қоршаған мәдени ортаға психологиялық дайындығын қалыптастырады, дамудағы әлеуметтік кемшілікті анықтап түзетуге көмектеседі. Арнайы білім берудің әлеуметтік -бейімдеу бағыты арнайы білім стандартынын мазмұнымен, түзетушілік білім беру үрдісінің формасы мен құралдарымен қамтамасыз етеді. Тәрбиеленушілердің әлеуметтік өмірге қатынасуына қажетті мінез-құлқын меңгеруі бойынша жүргізілетін түзету-педагогикалық және психологиялық жұмыстардың ұзақ әрі күрделі жүйесін, сондай-ақ аталмыш тұлғаға тиісті қарапайым гигиеналық, қарым-қатынастық, тұрмыстық дағдыладан бастап күрделі әлеуметтік, адамгершілік, философиялық, әлеуметтік-мәдени дағдыларға дейінгі әдеттерді қалыптастыруды арнайы білім беру стандарты қарастырады.

Ойлау, сөйлеу тіл және қарым-қатынасты дамыту арнайы білім беру құралы ретінде принципі


Қалыпты дамушы бала өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ сөйлеу ортасында тәрбиеленіп және затты-әлеуметтік өмірмен белсене араласуға мүмкіндігі бар болуы, сөйлеу тілі мен ойлауды дамытуға, қарым-қатынас іскерлігін қалыптастыруға қажетті барлық жағдайларды меңгереді.
Жалпы білім беретін мекемелердегі оқыту қалыпты балалардың сөздік қорын дамытуға бағытталган. Қалыпты дамыған бала мектепке келгенде тұрмыстық ұғымдарды меңгерген жағдайда болады. Осыдан кейін, біртіндеп ғылыми түсініктер қалыптасады, сөздік логикалык ойлауы дамиды. Кемтар балалардың сейлесу негізінде қарым-катынас дами бастайды, мінез-құлқы калыптасады.
Акыл-ой немесе дене дамуындағы кез-келген кемістік баланың ойлауына, сөйлеу тіліне, карым-қатынасына жагымсыз әсерін тигізеді.
Сейлеу, ойлау жэне қарым-қатынастағы кемістіктер мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердіц барлық категорияларына тән дамуындағы езіндік мэселелерді білдіреді. Сондықтан да, олар үшін маңызды кажетгі жагдайдын бірі сөйлеу, ойлау жэне қарым-қатынасты дамыту бағыты бойынша түзету-педагогикалык жұмысты ұйымдастыру.
Арнайы оқытудын түзету-теңестіру багыты туралы принцип
Бұл принцип арнайы мектептердегі оқушылардың сақтаулы сау күшіне суйенуді талап етеді яғни закымдалмаған анализаторлар мен ағза мүшелері, жүйелерді пайдалана отырып әзірленеді. Психикалық жэне дене дамуындағы зақымдалған немесе әлсізденген функцияларды реттеуге багытталган түзету жүмысы үшін компенсациялау яғни теңестіру үрдісі қосымша құрал ретінде қарастырылады. Оқып үйрену көрмейтіндер үшін саусағының ұшымен сипау арқылы болса, естімейтіндер сейлеп тұрган адамның ерін қимылы арқылы сөйлеу мағынасын түсіне алады немесе ымдық қимыл арқылы үйренуге кабілетті.
Білім берудің түзету-теңестіру бағыты оқыту, түзету-дамыту процесін арнайы техникалық қүралдарының қазіргі жүйесімен, компьютерлік технологиялармен қамтамасыз ету талабын білдіреді.
Жаппы бұл принцип арнайы білім беруде жетекші деп айтуға болады, өйткені нақты дамудағы кемістіктерді түзетуді қамтамасыз етуін қадағалайды.

Арнайы оқыту мен тәрбиелеудегі әрекет арқылы ықпал ету принципі


Арнайы оқыту жүйесіндегі заттық-тәжірибелік әрекет кемтар баланың дамуын қамтасыздандырудың арнайы құралы болып табылады. Ғылыми зерттеулер заттық-тәжірибелік әрекет, дамуында ауытқуы бар балалармен жүргізілетін жұмыстың ен қуатты нәтижелі түзету құралы екенің дәлелдейді (жоғары жүйке жүйесін, қабылдау, сөйлеу, есте сақтау, ойлауды түзетеді, дамытады). Аталмыш принцип сабақта, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта жүзеге асырылады.
Әрекет жасау кемтар балаларды оқыту мен бойындағы кемістіктерді түзетуге мол мүмкіндіктері береді. Бұл жерде кемтар балалардың жас ерекшеліктерін ескеру арқылы жетекші әрекетін толық ұйымдастыру қажеттілігін ескеру керек.

Арнайы педагогтың басшылығын қажет ету принципі


Кемтар балалар дамуындағы ерекшеліктер оқу-таным әрекетіне үнемі арнайы өзгерістерді еңгізуді талап етеді. Көптеген жағдайларда кемтар балалар таным ерекшеліктеріне сәйкес өз бетімен жұмыс жасаудағы қиындықтар арнайы педагогтың басшылығын қажет етеді. Арнайы педагог оқу әрекетін, еңбек әрекетін барлық кезендерінде тапсырма беру мен бақылау арқылы басшылық жасайды.
Арнайы оқыту мен тәрбиелеуде арнайы педагогтар кемтар балаларға жан-жақты қолдау көрсетуге тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет