1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет22/75
Дата31.12.2021
өлшемі231,81 Kb.
#23325
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамынан дәріс тезистері 2

 5. Ұрғашы мәнді жұрнақ
Ұрғашы мәнін білдіретін -жын, -жін жұрнағы бар. Ол санаулы сөзге ғана жалғанады: құнажын, дөнежін. Мысалы, Бәубек тай, жабағы, құнажын, дөнежіндердің семізін карастырып жүргенде, Қазанқап көк қасқа биеге нұсқады (Ғ.Мүстафин). Күлаш еңбек еткен ферманың сауын сиырлары "алатау" тұқымдас дөнежін сиырлармен толықтырылды (газеттен.

 6. Кішірейту мәнді жұрнақтар: Кішірейту мәнінде тілде қолданылатын жұрнақтар бірсыпыра-Олар: -шық, -шік, -қал, -ша, -ше, -шақ, -шек, -ес, -қа, -пан, -анақ, -паң, -қалаң. Бұл мәндегі жұрнақтардың көп болу себебі бар, олар адаммен байланысты да, үй жануарларымен байланысты да, басқа жансыз заттармен байланысты да қолданылады яғни олардың қолданылу аясы кең.


1) -шық, -шік жұрнағы жанды, жансыз зат атауларына жалғанып, ол заттың атауына кішірейту мәнін қосады. Олар: үйшік> қалашық, төбешік, көлшік, кіршік, адыршық, қапшық, қылшық, ойыншық, тығыншық, дорбашық, талшық, түйіршік, боташық, шиыршық т.б. заттың атын жасаған ірімшік, ойыншық сөздеріндегі -шық, -шік жұрнағының да түп негізі осы жұрнақпен бір болуы мүмкін. Кішірейту мәніндегі -шық, -шік жұрнағының тілдегі колданысы аз емес, бірсыпыра. Мысалы, Бұлдырап, бұлт ішінен беріп елес, Адыршық арал сынды белес-белес (А.Тоқмағамбетов).Өзім өсірген текешігім өз басыма секірді (мәтел).
2) -шақ, -шек жұрнағы жанды, жансыз зат атауларына жалғанып, оларға кішілік мән қосады: інішек, құлыншақ, жұтқыншақ, тоқтышақ, бөктеріншек, салпыншақ т.б. Мысалы, Танакөз қанжығасына қаранып, бөктеріншегін түгелдей береді (Ғ.Мүстафин), - Інішек, жол көрсетіп жіберші (С.Мүқанов). Келіншек, шынашақ сөздерінің құрамындағы —шақ, -шек жұрнағы осы кішірейту мәндегі жұрнақпен төркіндес деуге болады.
3) -ша, -ше жұрнағы жансыз зат атауларына жалғанып, оларға кішілік мән қосады. Кейде жекелеген жанды зат атауларына жалғанып, оларға да кішілік мән қосуы кездеседі. Олардан кітапша, сандықша, көрпеше, қобдиша, өзенше, тұмсықша, өгізше сөздерін атауға болады. 
Сын есімдердегі ұзынша, сұрша, бозша, көкше сөздердегі — ша, -ше жұрнағы мен зат есім жұрнағының арасында байланыс бары байқалады. Олардың мағынасы жақын. Сын есімдегі —ша, -ше жұрнағы да түстің бәсендігін, солғындығын яғни аздығын білдіреді. Сондықтан олар төркіндес болуы ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет