Байланысты: Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамынан дәріс тезистері 2
3. Еркелету, әрі кішірейту мәнді жұрнақтар Еркелету әрі кішірейту мәнін білдіретін жұрнақтар: -қан, -ш. Мысалы, Балақан-ау, балақан, сүт пісіріп сен үшін, демалмай жүр әлі апаң (Ғ.Мүсірепов). Боташым менің, құлыным (С.Мұқанов).
Бұл жұрнақтардың қолданылу аясы бірдей емес, -ш жұрнағы өте жиі қолданылады. Ол көбіне, кісі аттарына жалғанады. Кейде туыстық атаулармен қолданылады: көкеш, анаш, апаш. Бұлар тәуелденген тұлғада қолданылады: көкешім, қалқашым, анашым, апашым. Соңғы анашым менің, апашым менің сияқты тұлғадағы қолданыста сыйлау мәні қосылады.