1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет56/75
Дата31.12.2021
өлшемі231,81 Kb.
#23325
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   75
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамынан дәріс тезистері 2

Құранды етістіктер

Құранды етістіктер деп есім сөздерге белгілі көмекші етістіктер тіркесіп, оған қимыл мағынасын қосу арқылы жасалған етістіктер аталады. Мысалы, қызмет ет, кұрмет ет, жәрдем ет, адам ет, әлек қыл, алаң бол, қор бол, ит қыл т.б.
Құранды етістік жасайтьш көмекші етістіктердің қызметін есім сөзден етістік жасайтын жұрнақпен салыстырып, олардың екеуінің де есім сөзден етістік жасайтынын көруге болады. Мысалы, жәрдем ет - жәрдемдес, сыйлық ет - сыйла, мазақ ет - мазақта, кұрмет ет -кұрметте, табыс ет - табыста, арман ет - арманда, үміт ет - үміттен, хабар ет - хабарла, талқан ет — талқанда, сылтау ет - сылтаула, қор ет - қорла, еңбек ет - еңбектен, баян ет - баянда, әуре ет - әуреле, әңгіме ет - әңгімеле, айғақ ет - айғақта, айып етпе - айыптама, әдет ет - әдеттен, зақым ет - зақымда, жыр ет - жырла.
Мұнда құранды етістіктердің тілде синоним туынды түбір етістіктері бары анықталды. Ол әр есім сөзден тілде аналитикалык тәсіл арқылы да, синтетикалық тәсіл арқылы да туынды етістіктер жасалғанын білдіреді. Ал ол - құранды етістік жасайтын көмекші етістіктердің есім сөзге жұрнақ сияқты қимыл мәнін қосқанына толық дәлел.
Көмекші етістіктер арқылы жасалған құранды етістіктердің туынды етістік екенін олардың сөйлемде етістік сөздер үлгісімен түрленуі де дәлелдейді. Мысалы, Ант етеміз адым жер шегінбеуге (Д.Әбілев). Жауқазындар гүл атты (С.Мұқанов). Ой, тақсыр, айып етпе, шақырғанға деп айтты сасқаннан соң, қолын құшып (ауыз әдебиетінен). Назды мұң мен толқынды ыстық ой да, барлық пердесіз, қытықсыз шынын осы әнге табыс еткен (М.Әуезов).
Осы мысалдардағы кұранды етістіктер сөйлемде осы шақ, жіктік жалғау (ант етеміз), өткен шақ(гүл атты), болымсыз етістік (айып етпе), есімше (табыс еткен) қосымшаларымен түрленген. Басқа да етістіктің сөз түрлендіру қосымшаларын түгел кабылдайды.
Құранды етістіктердің негіз сөзі есім сөздерден болады. Мысалы, адам ет, қызмет ет, жақсы бол, тамаша ет, солай ет, бұлай ет, екі етпе, жарқ етті, тырс еткіз, кылп еткізбе т.б.
Тілде құранды етістік жасайтын белгілі көмекші етістіктер бар, олар көп емес. Атап айтқанда, олар мыналар: ет, кыл, бол, тарт, ат, соқ, бер, ұр. Бұлардың ішіндегі ең өнімдісі — ет көмекші етістігі. Ол арқылы өте көп құранды етістіктер жасалған: еңбек ет,
әуре ет, ел ет, ұжым ет, құрал ет, алданыш ет, жар ет, бала ет, корғаныш ет, сүйеу ет, бағынышты ет, құрбан ет, азат ет, дұшпан ет, кастық ет, жақсылық ет, айқын ет, кедергі ет, кыңк еткізбе, зырқ етті, сыр етті, бұрқ-бұрқ етті, былш етті.
Қыл көмекші етістігі бұрын құранды етістік жасауда белсенді қызмет атқарған, казір оның қызметі бәсендеді: дауыс қыл, жүн қыл, жоқ қыл, жыр қыл, сәлем қыл, қор қыл, қан қыл, міндет қыл, мазақ қыл, адам қыл, толқын қыл, үміт қыл, өсек қыл, тәубә қыл, ойран қыл, жазым қыл, кас қыл т.б.
Бол көмекші етістігі арқылы да бір топ құранды етістіктер жасалған: адам бол, жақсы бол, үстем бол, қүмар бол, жария бол, таза бол, азық бол, жем бол, азамат бол, әсем бол, риза бол, жігіт бол, мәлім бол, қатал бол, құл бол, алаң бол, кісі бол, қабыл бол, ырза бол, құштар бол, мәз бол, ғашық бол, мерт бол, үйір бол т.б.
Кейбір көмекші етістіктер: тарт, ат, соқ, бер, ұр, бірлі-жарым құранды етістіктер ғана жасайды: сарғылт тартты, әуреге түсу, гүл атты, телефон соқ, тап берді, тарс үру т.б.
Идиомаланған тіркестердің де құранды етістіктерге жататындары да бар: жек көру, жақсы көру, зар қағу, таяқ жеу, бас қою, көз салу т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет