Үстеудің сөзжасамы деп үстеудің сөзжасамдық бірліктерінің белгілі сөзжасамдық тәсілдер арқылы туынды үстеулер жасауы аталады. Мысалы, балашақуанды,қыстайоқуда болды, ілгерібасқан жас, тырым-тырақайқаша жөнелді, алдын-алаескерту керек, ала жаздайне бітірдің? дегенде түрлі туынды үстеулер келтірілді.
Үстеудің басқа сөз таптарындай күрделі сөзжасамдық жүйесі болмаса да, өзіндік ерекшелігі бар, белгілі зандылықтары мен шағын сөзжасамдық бірліктері бар, тілдің сөзжасамдық тәсілдерінің бәрі дерлік қызмет ететін сөзжасамдық жүйесі бар.
Үстеудің сөзжасамдық жүйесінің басқа сөз таптарынан ерекшелігі - олардың жалғаулардың түбірге кірігіп, көнеруі арқылы туынды үстеудің жасалуы. Мысалы, алға, бірге, әзірге, баяғыда, күнде, лезде, төтеден, етпетінен, әуелден, жайымен, ретімен, түйдегімен сияқты үстеулер түбір сөздерге барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауының кірігіп көнеруінен жасалған. Бұл тілдік құбылыс басқа ірі сөз таптарында жоқтың қасы. Тек сын есімде өзге, басқа сияқты жекелеген сөздер ғана осы жолмен қалыптасқан. Үстеудің сөзжасам жүйесінде бұл тәсіл арқылы аумақты бір топ туынды үстеулер жасаған. Сондықтан оны үстеу сөзжасамының өзіндік ерекшелігі деп тану керек.
Үстеу де - өзінің құрамын басқа сөз таптары арқылы толықтыратын сөз табы. Анық айтқанда, үстеудің жасалуында басқа сөз таптарының лексикалық бірліктері негіз сөз қызметін атқарады, өзі де ол қызметке қатысады. Олардан үстеудің өзінен басқа мына сөз таптарын атауға болады: зат есім, сын есім, сан ,есім сөздер мен есімдіктер. Мысалы, әдейілепкелдім, бүтіндейжұтады, екіншілейайтпа, назарын бүкілдейаударды дегендегі әдейілеп үстеуден, қыстай зат есімнен, бүтіндей сын есімнен, екіншілей сан есімнен, бүкілдей есімдіктен жасалған. Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары шағын, алайда олар арқылы тілде бірсыпыра туынды үстеулер жасалған.
Тілде қалыптасқан сөзжасамдық тәсілдердің бәрі дерлік туынды үстеу жасауға қатысады.
Туынды үстеу жасауда синтетикалық тәсіл бірсыпыра қызмет атқарады. Ғалым Қ.Есенов үстеудің 27 сөзжасамдық жұрнағын көрсеткен . Рас, оқулықтарда олардың саны аз көрсетіліп жүр. Туынды үстеу жасауда аналитикалық тәсіл де елеулі қызмет атқарады, ол арқылы жасалған күрделі үстеулер бірсыпыра: бұратала (бір жолата), биыл, бүгін, жайбарақат, жаздыгүні, аққұла (қыдыру), алатөбеде, бірқыдыру, біржола, бірсыпыра, алмағайып, жеделғабыл, әр заманда, бір жақты (шешті),күн бұрын, түн ауа, алдын ала, бер жақ, соңғы рет, елең-аланда, күні кеше, ертеден кешке дейін, күндерде бір күн т.б.
Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары. Үстеу сөзжасамдық жұрнақтар арқылы жасалып, туынды түбір үстеу сөздер жасалады. Мысалы, меніңше, осынша, онша, жыланша (иіріліп), ағашша (иіліп), жаңаша (қарау), былайша, саудырлатып, жаяулата, кешең (шықтым), күнгейлеу (жатыр), байқаусызда т.б. Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары да өнімді, өнімсіз болып бөлінеді. Өнімді жұрнақтар ішінен -ша, -ше жұрнағын ерекше атауға болады. Бұл жұрнақ арқылы жасалған туынды түбір үстеулер үлкен бір топ құрады.
Ал өнімсіз жұрнақ үстеуде көп. Мысалы, Екі жас, жаңа өспірім, Паркте жүрді кешкірім (Ж.Молдағалиев). Есеней тапсырған ту бие кешқұрым сойылды (С.Мүқанов). Осы мысалдардағы -кірім, -құрым жұрнағы басқа туынды сөз жасамаған. Сол сияқты -ғаш (алғаш), -дік (әредік), -еу (көрнеу, кешеу),қар, -кері (тысқары, ішкері, сыртқары), -ы (арнайы) сияқты жұрнақтар жекелеген, бірді-екілі ғана туынды түбір үстеулер жасаған.
Үстеудің сөзжасамдық жүрнақгары да жалаң және құранды болып бөлінеді. Жалаң жұрнақтар: -ша, -ше, -ы, -ай, -лық, -са, -се, құранды жүрнақтар: -лата, -лете, -кірім, -қүрым, -ыртын, -іртін т.б. Синтетикалық тәсілге жалғаулардың түбірге кірігіп, көнеріп, бір түбір сөз жасауын да жатқызуға болады: алға, артта, жүресінен, түнімен, зорға, демде, бірден, кенеттен т.б. Бұл туынды үстеулердегі жалғаулар лексикалық жағынан біртұтас түбір, біртұтас мағына жасағанымен, ондағы түбір мен қосымшаның жігі анық көрінеді, тек мұнда жалғаулар сөзжасамдық қызмет атқарады. Сондықтан оларды туынды көнерген түбірлер деп атаған дұрыс. Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары мағынасы жағынан алуан түрлі, соған қарап, оларды үстеудің түрлі мағыналық топтарын жасайды деп саналады. Бірақ ол үстеудің сөзжасамдық жұрнақтарының мағынасын толық аша алмайды. Сондықтан үстеу жұрнақтарының мағынасын толық ашу үшін, оларды мағынасына қарай көрсету дұрыс. Мезгіл мағыналы жұрнақтар -тай, -дай, -дей жұрнағы мезгіл мәнді зат есім сөзге жалғанып, одан туынды түбір мезгіл үстеулерін жасайды. Мысалы, Жаздай тарының басында жүруден жалықпайды (Ғ.Мүстафин). -ша, -ше жұрнағы үстеу сөздерден мезгіл мәнді туынды түбір үстеу жасайды: қазірше, бүгінше, ғұмырынша, биылша т.б. Мысалы, Дүние-дүние деуменен кейбіреулер, Жүреді ғұмырынша рақатсыз (айтыстан). Бүгінше Сағираның үйіне қонып шығайын (Ж.Тілеков). -сын, -сін жұрнағы үстеуден мезгіл мәнді туынды түбір үстеу жасайды: ертеңгісін, таңғысын, кешкісін, биылғысын, түскісін. Мысалы, Ішкі запыранды төгіп-төгіп алып, едәуірдесін барып басымды көтердім (Ө.Қанахин). Мұрат кеше ертеңгісін полкты қабылдады (Т.Ахтанов). -ын, -ін жұрнағы да зат есімдерден мезгіл мәнді туынды түбір үстеулер жасайды: қысын, жазын, күзін, күндізін. Мысалы, Қысын, жазын сабылып келеді де жатады (С.Мұқанов). -ең: кешең. Мысалы, Алматыға бірнеше сағат кешең ұштым (Т.Бигельдинов). Сонымен бірге септік жалғауларының көнеруі де мезгіл мәнді туынды үстеулер жасайды: