1. Қолданушы функциясын анықтау дегеніміз не?
2. Формальды параметрлер мен нақты параметрлер қайда жазылады?
3. Функцияны жариялау кезінде көрсетілген void түйінді сөзі нені білдіреді?
4. return операторы қандай қызмет атқарады?
11-дәріс. Бір өлшемді массивтер 10.1. Бір өлшемді массивті сипаттау. 10.2. Массив элементтерін енгізу. 10.3. Массив элементтеріне мән беру. Массив – бір типтегі элементтердің реттелген жиыны. Олар бір атаумен – идентификатормен аталады да, индексті айнымалы ұғымына сәйкес келеді.
Мысалы, мынадай тізбек
0 1 1 2 3 5 8 13 21
Фибоначчи тізбегінің 9 элементін құрайды (алғашқы екі санды таңдап алып, келесі санды алдыңғы екеуін қосу жолымен алады).
Ал мынау өзіне және бірге ғана бөлінетін жай сандар тізбегінің алғашқы 7 элементі:
1 3 5 7 11 13 17
Осындай бір текті тізбектерді массив түрінде Си тілінде сипаттап, оған бастапқы мән беріп инициалдау үшін былай жазамыз:
int fib[8]={0, 1, 1, 2, 3, 5, 8, 13, 21}; немесе
int fib[]={0, 1, 1, 2, 3, 5, 8, 13, 21}; деп көрсетеміз.
Массив элементтерімен жұмыс орындауда, алғаш массив элементтеріне мән енгізу қажет. Массив элементтеріне мән енгізу әртүрлі әдістермен атқарылады.
Төменде үш түрін қарастырамыз.
1) массив элементтеріне кездейсоқ сандарды енгізу;
2) массив элементтеріне анық мәндерді енгізу;
3) есептеулер арқылы анықталатын мәндерді енгізу.
1. С/С++ тілдерінде кездейсоқ сандар беретін функциялар бар.
Олар: int rand() – 0..RAND_MAX аралығынан кез келген кездейсоқ бүтін сан береді, мұндағы RAND_MAX константасы (бас əріптемен жазылуы тиіс) ең үлкен бүтін санға 32767-ге тең болып саналады;