1-дәріс. С/С++ тіліндегі программа құрылымы


char S1[10]=”123456789”, S2[]=”Болат”



бет18/19
Дата01.04.2023
өлшемі127,45 Kb.
#78169
түріПрограмма
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
char S1[10]=”123456789”, S2[]=”Болат”;
Соңғы сөз ұзындығы тіркестің символдары санымен анықталады.
Символдар тіркесін пернелерден енгізу үшін екі стандартты функция – scanf() немесе gets() қолданылады, ал олардың прототиптері stdio.h тақырыптық файлында болады.
Символдық таңбаларды енгізу/шығару
Символдарды біртіндеп енгізу/шығару үшін printf() және scanf() функцияларының %c форматы қолданылады.
getch()параметрсіз функция, басылған перненің кодын (int) бере­ді, экранға ешқандай символ шығармайды.
getchar() – параметрсіз функция. Пернеден символдарды бір-бір­леп енгізеді. Сөз тіркесі <Enter> пернесі басылғанша енгізіле береді, оған дейін оны өз­гер­туге де болады.
putch(c) – бір символды (c – cимволдық айнымалы немесе конс­танта), яғни бір таңбаны ғана экранға шығарады.
putchar(c) – бұл да тек бір таңбаны экранға шығарады.
Бұлар conio.h тақырып файлы бойынша жұмыс істейді.
Сөз тіркестерін өңдейтін функциялар:
1) strlen (str) функциясы str сөз тіркесіндегі символдар санын (соңғы нөлді есепке алмайды), яғни жолдың ұзындығын анықтайды, оның типі int, тақырыптық файлы <string.h>.
2) strcat (stroka1, stroka2) функциясы қатарларды біріктіру үшін қолданылады. Ол stroka1 жəне stroka2 тіркестерін біріктіріп, нəтижені stroka1 айнымалыға меншіктейді, stroka2 тіркесінің мəні өзгермейді.
3) strcmp (stroka1, stroka2) функциясы екі сөз тіркесін салыстыру үшін қолданылады. Егер олар бірдей болса, функцияның мəні 0-ге тең болады, əйтпесе ол екі тіркестің айырмасын береді.
4) strcpy(str1, str2) функциясы сөз тіркесінің көшірмесін алу үшін қолданылады, мұнда str2 айнымалысындағы сөз тіркесі str1 айнымалысына көшіріледі.
5) strstr(str1, str2) функциясы 2-ші көрсетілген жолды 1-ші жолдың ішінен іздейді.
6) strset (str, ch) функциясы берілген қатардағы барлық символдарды көрсетілген символға (char ch) ауыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет