stdio.h тіркесі енгізу/шығару операциялары орындалатынын білдіреді. Ал math.h сөз тіркесі программада математикалық функциялар пайдаланылатынын көрсетеді
1-мысал. /* Герон формуласы арқылы үшбұрыш ауданын табу */ #include /* енгізу/шығару нұсқауы */ #include /* математикалық функциялар нұсқауы */ main() /* басты функцияны қолдану */ { int a,b,c; /* бүтін айнымалыларды сипаттау */ float p,s; /* нақты айнымалыларды сипаттау */ printf("\nҮшбұрыш қабырғаларын енгіз: \n"); scanf("%d%d%d",&a,&b,&c); p=(a+b+c)/2.0; s=sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c)); printf("s=%f",s); }
Бақылау сұрақтары: 1. C/С++ тілдерінің қысқаша даму тарихы.
2. С/С++ программасының жалпы құрылымы жəне құрамы.
3. Сипаттамалар қандай қызмет атқарады?
4. Операторлар түсінігі.
5. С/C++ тілінің негізгі объектілері.
2-дәріс. Мәліметтерді енгізу және шығару
2.1. Printf және scanf функциялары. 2.2. Формат тіркестері. 2.3. cout және cin функциялары.
Printf және scanfфункцияларында #include нұсқауы пайдаланылады, ал сin және cout функцияларында #include нұсқаулары пайдаланылады.
printf()функциясы мəліметтерді экранға шығару үшін қолданылады. Оның жалпы жазылу түрі:
printf(<формат тіркесі>,<аргументтер тізімі>); <формат тіркесі> –қос тырнақшамен (") шектеліп, аргументтердің қалай бейнеленетінін көрсетіп тұрады.
Формат тіркесінде мыналар болады:
1) мəтін ретінде шығарылатын символдар тіркесі;
2) түрлендіру ерекшеліктері;
3) басқару символдары.
Əрбір аргументке өз ерекшелігі сəйкес келуі тиіс, олар: