Дәріс №7. Мәтіндік ақпаратты енгізу және бейнелеу компоненттері Жоспар Мәтіндерді шығару.Мәтіндерді енгізу және редакторлеу. Біржолдық редакторлар.Мәліметтерді енгізу және шығару терезелері.. Көпжолдық редакторлар. Компоненттердің қасиеттері, оқиғалары және әдістері.
Кілттік сөздер:редакторлар, қасиеттер, оқиғалар, әдістер, енгізу, шығару терезелері
Иллюстрациялық материал: слайд
Белгі (Label) объектісі программа терезесінде мәтіндерді (жазбаларды) құру үшін пайдаланады. Жоғарыда аталған Width, Height, Font, Color, Name, Caption, Cursor, Enabled, Left, Top қасиеттерімен қатар, ол мына қасиеттерге де ие:
Қасиет
Қасиеттің сипаттамасы
Мәндер мысалы
Align
Өрісті ол тұрған объектіге (формаға) қатысты түзету
alBottom, alClient, alLeft, alNone, alTop
Alignment
Мәтінді өріс шекарасында түзету
taCenter, taLeftJustify, taRightJustify
AutoSize
Өрістің шекарасын мәтіннің шекарасына теңестіру
True, False
Visible
Объектінің көрінуі
True, False
Wordwrap
Мәтіннің сөздерін жаңа жолға тасымалдау
True, False
Редактрлеу өрісі (Edit) обьектісі пернетақтадан символдар жолын енгізу және редакторлеу үшін қолданылады. Компонент Standard парақта орналасқан(7.1-суретте таңдалып тұрған компонент)
7.1 сурет. Standard парақ
Мұнда жол бойынша курсордан басқа пернелерді пайдаланып ығыстырулар және пернелерінің көмегімен символдарды өшіру, текстің бөлігін қиып алу және т.б. операцияларды орындауға болады. Біржолды редактор және -тен басқа пернелерге әсер етпейді.
MaskEdit- бір жолдық редактор, мәліметтерді енгізу- шығаруда маска қолданылады.
Пайда болған жолды (Text қасиеті) санға немесе санды жолға түрлендіру қажет болған жағдайда Pascal-да Vаr және Str стандартты функциялары немесе Delphi ортасынын функциялары: StrToFloat немесе FloatToStr пайдаланады. Бізге белгілі қасиеттерден басқа Edit редактрлеу өрісі мына қасиеттерге ие: