№1 ДӘріс стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасу, дамуы


Грамматика және стилистика



бет4/6
Дата15.11.2023
өлшемі0,68 Mb.
#123201
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1- дәріс. Қазақ тілінің стилистикасы

Грамматика және стилистика

Стилистика грамматиканы да өзінің зерттеу нысаны ете алады. Ол грамматикалық құбылыстарға стильдік талдау жасайды. Бірақ грамматикалық талдау мен стильдік талдау тәсілдері бір емес.

Морфология сөздердің тұлғалық көрінісін және грамматикалық мағынасын, яғни сөздердің құрылысын, өзгерілуін және құрамын талдап топтастырады. Стилистика ойды мәнерлі (выразительно) жеткізу үшін морфологиялық формаларды (тұлғаларды) қандай жағдайда қалай қолдануға болатындығын қарастырады. Яғни морфологиялық түлғадағы сөздердің, олардың варианттарының (синонимдерінің) ішінен сөйлеу не жазу арқылы жеткізілетін ойдың эмоциональды-экспрессивті реңін білдіре алатындарын сұрыптап қолдану принциптерін зерттейді

Синтаксис және стилистика

Синтаксис сөйлемнің құрылысын, сөздердің тіркесу заңдылықтарын қарастырады. Ал ойды білдіретін сөйлемдердің айтылуына, қолдану тәсіліне қарай әртүрлі реңдері болады. Ол қосымша мағыналар көбінесе сөздердің орын тәртібі мен сөйлемнің құрылысы арқылы беріледі. Ойды мәнерлі жеткізуде синтаксистік бұл тәсілдердің маңызы зор. Стилистика синтаксистік құралдардың мәнерлілігін, оны дұрыс пайдалану зандылықтарын зерттейді. Ғалымдардың пікірінше, синтаксистік стилистиканың мүмкіндігі мол. Өйткені тілдік қарым-қатынас сөйлем, оның әр түрлі мақсаттық түрлері, үлгілері негізінде жұмсалынатыны белгілі. Сондықтан сөйлемнің құрылымдық түрлері, сөйлем мүшелерінің әртүрлі қолданысы, жай сөйлем, құрмалас сөйлем түрлері – бұлар бай стилистикалық ресурстардың қатарына жатады. Мұны зерттейтін стилистиканың саласы - тіл құралдарының стилистикасы деп аталынады.


Белгілі бір салада, қарым-қатынастың белгілі бір түрінде осы тілдік құралдардың қызмет ету ерекшеліктеріне орай фунционалды стиль түрлері ажыратылады.
Әдебиет стилистикасының отандық ғылымда жеке сала болып қалыптасуы ғалым, академик В.В.Виноградовтың есімімен тығыз байланысты.
Стилистика жалпы халық тілінің стильдік жүйелерін, жалпыхалықтық тілдің ауызекі және жазба түрлері, олардың өздеріне тән ерекшеліктері, әдеби тілдің стильдерін тегіс қамтиды.
Стилистика тілдік единицалардың мәнерлегіштік мүмкіншіліктері мен олардың қандай формада және стильдің қай түрінде қалай қолданылатыны туралы мәселелерді қарастырады.
Қарым-қатынастың әртүрлі саласында, пікір алысудың мақсат-міндеттеріне сәйкес, ойдың мазмұнына лайық осы аталған тұлға бірліктерді таңдау мен ұйымдастырудың жалпыға ортақ пртнциптері қалыптасады. Бұл жағдай тілдік құралдардың қызмет ету процесінде бастайды. Бұл функционалды стилистиканың міндеті болып саналады. Әртүрлі функционалды стильдердің жасалуын негіздейді.
Стилистиканың салаларына мыналар жатады:
тіл құралдарының стилистикасы
функционалды стилистика
көркем әдебиет стилистикасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет