Лекция Тілдің граматикалық құрылысын танып,оның негізгі ерекшеліктерін анықтауда оған тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды ажыратып алуымыз керек



бет1/2
Дата29.09.2023
өлшемі53,3 Kb.
#111629
түріЛекция
  1   2

2 лекция
Тілдің граматикалық құрылысын танып,оның негізгі ерекшеліктерін анықтауда оған тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды ажыратып алуымыз керек.Өйткені,тілдің грамматикалық құрылысы сала сала жүйелерден құралады да, олардың тұтастығы сол жүйелерге тән белгілі бір заңдылықтарға сүйенеді.Қазақ тілінде ең басты гр ұғымдарға;гр мағына,гр форма,гр категория жатады.Қазақ тілінде бұл үшеуі бір бірімен диалектикалық бірлікте болады,тілдің грамматикалық құрылысын құрайды,қалған жекеленген грамматикалық единицалар мен құбылыстар осы ұғымдардан туындайды.Ең алдвмен негізгі гр ұғымның бірі грамматикалық мағына.Тілдегі әрбір сөздің лексикалық мағынасымен бірге,гр мағынасы болады.Сөздің лек мағынасы нақты ұғымдық мағына бір сөзден екінші бір сөзді айыратын ,риецтірлік сөздік мағынасы болса,ал гр мағына сөздің тым жалпы мағынасы.Сол сөздердің әр түрлі тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижеснде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын,және сөздердің бір-біріне бөлінбей керсінше белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттері арқылы біріктірілетін жалпы мағыналар болып саналады.
Мысалы:Қазақстан лек мағынасы:елді мекен,гр мағынасы;заттық атау зат есім.
Исаев Абайдың
туғанда дүние есігін ашады өлең
Өлеңмен жер қойнына кірер денең
Туғанда: лек мағ:туу,дүниеге келу,гр мағ:етістік
Салттылық мән
Өткен шақтық мән
Бір қимылдың мезгілін білдіріп тур.

Дүние
Лек мағ:әлем


Гр мағ: жалпы дерексіз зат
Қатыстық меншіктік мән(ілік септігі жасырылып тұр)

Есігін
Лек мағ:үйдің бір бөлігі(ауыспалы мағынада қолданылып тұр)


Гр мағ: жалпы зат атауы
Бір затқа яғни дүниеге тәуелді болып тұр
Тәуелділік 3 ші жаққа қатысты болып тұр (оның есігі)
Тура обьектіні білдіріп тұр(табыс септігі білдіреді есігін)

Ашады
Лек мағ: ауыс мағынадағы ашу қимылы


Гр мағ:жалпы қимылды білдіреді етістік
Сабақты болуы
Ауыспалы осы шақ
Үшінші жақтағы субьектінің қимылы

Өлең
Лек мағ: нақты өлең деген зат


Гр мағ:зат есім
Ашу қимылының гр субьектісі

Өлеңмен
Лек мағ: өлең деген зат


Гр мағ;зат есім
Өлеңмен немен бір нәрсенің көмегін көрсетеді

Жер
Лек мағ: топырақ


Гр мағ: жалпы зат атауы
Қатыстық меншіктілік мән бар(себебі жердің қойнына бооу керек ілік септігі жасырынып тұр)

Қойнына
Лек мағ: нақты қойын деген зат


Гр мағ: жалпы зат атауы
Бір щатқа яғни жерге тәуелді болып тұр
Тәуелділік 3 ші жақта тұр
Қимылдың бағытын білдіріп тұр

Кірер
Лек мағ:кіру деген қимыл


Гр мағ:бірінші етістік
Келер шақтық мән
Үшінші жақ субьект арқылы ол қимылдың іске асуы

Дене: лек мағ: адамның дене мүшесі


Гр мағ: зат есім
Тәуелділік мағына
Кіру қимылының гр субьектісі

1 лексикалық,бірнеше грамматикалық мағына болады.


Түбірге қосылған әрбір қосымша өзгеше мағына береді.


А.Ысқақов грамматикалық мағына лек мағынамен жарыса отырып сол лексткалық мағынаны айқындайтын саралайтын мағына деп көрсеткен.


С.Исаев:Грамматикалық мағына лексикалық мағынамен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындайтын саралайтын мағына емес,сөздің сол лексикалық мағынасының жалпылану негізінде пайда болатын мағына.


Лексикалық мағынаға қарағанда грамматикалық мағына одан кейін пайда болады,яғни лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы ,содан кейін сөйлеу процесінде сөздің жұмсалу мақсатына қарай оған әртүрлі тұлғалардың қосылуы арқылы немесе сөйлемде басқа сөздермен әрқилы қарым- қатынасқа түсуі арқылы үстеледі,демек соның нәтижесінде екінші қатардағы мағына болып табылады.


Екіншіден грамматикалық мағына дұрыс көрсетіліп жүргендей ,сөйлеу процесінде сөздің әртүрлі грамматикалық тұлғалары арқылы түрленуінен тұрады.


Үшіншіден,гр мағына сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсуінің нәтижесінде пайда болады.(Кітапты оқы,баяндаманы жаса)

Профессор С.Исаев гр мағынаның жасалу жолына қарай үш түрін анықтап көрсетеді.


1.Жалпы гр мағына
2.Категориялы гр мағына
3.қатыстық гр мағына

•Жалпы гр мағына лексикалық мағынаның жалпылану негізінде пайда болады.Ол ешбір грамматикалық формасыз ,ішкі семантиканың абстракциялануы негізінде пайда болады.Жалпы гр мағына сөздердің семантикалық сипаты болып саналады.Сөздерді топтастырудың семантикалық принципіне негізделеді.Мәселен:Қазақ тілінде жалпы семантикалық принципке негізделе сөздер топтасты мысалы 10 сөз табы бар деп айтатын болсак,дегенмен бұл жердегі жалпы грамматикалық мағыналарымыз ешбір қосымшасыз беріледі.Бұл жерде форма жасырын тұрмау керек нөлдік формада сөздер тұрмауы керек яғни түбір қалпында тұрған сөз.Мысалы,үстіне қызыл көйлек киген.


Студент оқиды жазады десек,Студент сөзі жалпы гр мағына бола алмайды.Өйткені,
Атау септігінде тұрған сөз жалпы грамматикалық мағына бола алмайды.
Немесе нан же (нанды же табыс септігі жасырын тұр)

•Грамматикалық мағына арнайы гр формалар арқылы да беріледі.Грамматикалық форма деген ұғымға ең алдымен түбірге үстелетін қосымшалар преффикстер ,суффлектиктік тәсілдер жатады.Мысалы орыстарла человек и люди беріледі.Біз кісі кіссілер дейміз.


Казак тілінде грмамматикалық форма арқылы берілетін мағына категориялы грамматикалық мағына деп аталады.Яғни категориялы грамматикалық мағына ең алдымен белгілі бір гр форма арқылы беріледі ,екіншіден,сол арқылы сөздердің түрлену жүйесі болып табылады,соның нәтижесінде сол топтағы сөздерің грамматикалық немесе лек грамматикалық катеогориясы болып табылады.Яғни категориялы гр мағына арнайы гр формалар арқылы беріледі. Сөз тудырушы жұрнақ гр форма болып саналады.Ендеше сөз түрлендіруші жұрнақтармен қазақ тіліндегі төрт жалғаудың бірінде келетін болса ол категориялы гр. Мағынаны жасайды. Мысалы,Студенттердің арманы өте көп.Студен тер көптік жалғау дің ілік септік.Категориялы гр мағына .Арманы(ы тәуелдік жалғау)
Біреу келді(кел ді жедел өткен шақ)
Сабаққа келеміз ( кел е көсемше міз жіктік жалғау)
Нөлдік формада тұрған сөздеріміз де категориялы. Гр мағ білдіреді.

•Гр мағына сөйлеу процесіндп сөздің басқа сөздермен байланысқа түсуі. Негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы орын тәртібі ,интонация ,т.б аналитикалық қатыстық тәсілдер арқылы беріледі біз оны қатыстық қр мағына деп атаймыз.


Мыс,талдан таяқ жас бала таянбайды.
Бала бүркіт түлкіден аянбайды.
Егер де осы сөйлемге назар аударатын болсақ,екі рет бала деген сөз қолданылған бірінші бала заттық ұғым,бала бүркіт дегенде сындық мағына (қатыстық мағына)

Шәкәрім :Менде ақыл тура ма? Сұраулық шылау (қатыстық гр мағына)


Қатыстық гр мағына сөйлемде атқаратын қызметтерімен байланысты және контекстік болып келеді ,сөйтіп сөздерді топтастырудың синтаксистік принципіне негізделеді.Яғни қатыстық гр мағына ол жалғыз бір ғана сөзден тұрмайды,аты айтып тұрғандай бір сөзге екінші бір сөз қатысты болу керек,бұлар аналитикалық жолмен беріледі ,көбінесе сөз таптарының өзінің мағынасын ауысып өзгеше мағынада қолданылып турғанына да назар аударуымыз керек.Мыс,Абай жолын оқыдым.(Абай жолы қатыстық гр мағ.)

Гр мағынаның жалпы берілу тәсілдері


Қазақ тілінде гр мағынаны берудің 3 тәсілі;
1.Семантикалық(лек мағ жалпылану)
2.синтетикалық(гр формалар арқылы беріледі)(тәуелдік,жақтық,жеуешелік,көптік немесе меншіктік,тура немесе жанама обьектілік,мезгілдік,мекендік,шақтық)
3.аналитикалық негізгі сөздердің тіркесуі арқылы гр мағынаның берілуі.
Мыс,Мықшима аяғымда былғары етік
Киіз байпақ тоңдырмас ызғарында (былғары тері,былғары етік сындық мағына,киіз байпақ сындық мағына,киіз үй сындық мағына)

Тоқпағы мықты болса киіз қазық жерге кірер .


Бір-бір киіз үй әкелгенде Итбайдың үйі ұнамды болып шықты.


Қара мақмалмен ұсталған түлкі тұмағы бар.


Қара
Лек мағ: түс


Гр мағ: сын есім

Қара мақпал


Қатыстық гр мағна (аналитикалық тәсіл)

Тысталған


Лек мағ: қаптал
Гр мағ:етістік
Категориялы гр мағ(синтетикалық тәсіл)
Өткен шақтық мағына

Түлкі тымағы


Қатыстық гр мағ(аналитикалық тәсіл)

Бар
Модаль сөз


Жалпы гр мағына

Абай Майбасардың пәтеріне жетті


Абай
Лек мвғ: адам есімі


Гр мағ: зат есім
Жекелік мағына
Гр суббьект бола алады
Категориялы гр мағына(синтетикалық тәсіл)

Майбасардың


Лек мағ: есімі
Гр мағ: зат есім
Қатыстық меншіктілік мән
Категориялв гр мағ( синтетикалық тәсіл)

Пәтеріне
Лек мағ;баспана


Гр мағ: зат есім
Тәуелдік 3 жағы
Барыс септік бағыттық мағына
Категориялы мағ( синтетикалық тәсіл)

Жетті
Лек мвғ: жету,ьару


Гр мағ: етістік
Өткен шақ жедел
Жақтық мағына
Категориялы мағына(синтетикалық тәсіл)
3 лекция
Граматикалық форма дегеніміз -белгілі бір гр топтағы сөздердің яғни сөз тобының немесе сөз табының түрлену өзгеру,жүйесі болып табылатын парадигмалық сипаттағы тұлғалары форма тудырушы қосымшалары (форма тудыратын жұрнақтар және жалғаулар)жатады.Өйткені олар сөз табының парадигмалық сипаттағы тұлғалары ең алдымен белгілі бір категориялы грмматикалық мағынаны білдірумен байланысты,екіншіден,гр мағна біреу емес бірнешеу,түрлену жүйесіне байланысты әр тектес,біріңгайлас,әрі өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы мәндегі гр мағналардың бірлігінен тұрады.яғни гр форма белгілі бір парадигмалық жүйедегі түрлену жүйесі.Егер де сөзжасамда парадигма бір негізден тараған сөздерді көрсететін болса,ал,морфологиялық парадигма бір сөздің әртүрлі түрлену жүйесін,түрлену ерекшелігін көрсетеміз.Мыс,бала
баланың
балаға
баланы
балада
Септік

Менің сенің сіздің балаңыз тәуелдену парадигмасы


Демек,гр форма белгілі бір түрлену жүйесіне тән.Біріншіден ол белгілі бір сөз табына тән екіншіден түрлену парадигмасы түрлену жүйесіне тән.Қазақ тілінде барлық сөз таптары бірдей түрлене бермейді.Сондықтан да түрлену парадигмасы дегенде көптік,септік,тәуелдік,жіктік жалғаулары екенін түсінуіміз кнрек.Екіншіден кез келген гр форма арқылы берілген мағына грамматикалық мағынаның бір түрін жасайтынын түсінуіміз керек.Бір парадигмалық жүйедегі қосымшалар өз ішінде бір-бірімен мағыналас теңдес болса да арасында қарама қайшылықтар болуы мүмкін ,Мысалы,атау септік пен ілік септіктің жалғаулары бір емес.


Бұдан шығатын қорытынды:
Гр форма бұл белгілі бір түрлену жүйесіне тән форма ,екіншіден белгілі бір гр мағынаның бір түрін білдіретіндігі ,олар қаншалықты парадигмалық жүйеде тұрғанымен өз ішінен бір-біріне қарама қайшы келетіні ыңғайлас,мәндес келетіні.

Қазақ тілінде гр формаларға:көптік,тәуелдік,септік,жіктік жалғаулары және форма тудыратын жұрнақтар яғни сын есімнің шырай тұлғалары,етіс,күшейтпелі етістік ,тұйық етістік,рай,шақ,есімше,көсемше тұлғалары жатады.


Гр формаға сөз тудырушы қосымшалар жатпайды.

•Гр мағынамен гр форманың сәйкестігі және нольдік форма


Гр мағынамен гр форма бір-біріне сай келеді дегенге сөздің құрамында ол екеуінің саны үнемі бірдей бола бермейді.кейде бір тұлға бірнеше гр мағынаны және керісінше бірнеше гр форма бірғана мағынаны білдірп тұратн кездері кездеседі.Мәселен,кітабың (кітап+ым үш түрлі мән береді


1.тәуелділік мағына негізгі мағынасы
2.жақтық мағына
3.сол затқа ие бір -ақ адам яғни мен екенін көрсетеді.)
Сөз таптарының әрбір гр тұрлғасы сөзге арнайы форма тудырушы қосымша қосылуы арқылы гр мағынаны білдіреді.Ал гр мағына сөйлеу процесінде контекстің ішінде айтылады.кейбір жағдайла қазіргі тілімізде ешбір гр тұлғасыз ақ ,белгілі бір гр мағына беріліп тұрады.Сондай ақ кейде сөздің құрамнда белгілі бір гр форма болғанымен ол өз бетінше гр мағынаны білдіре алмайды.яғни кейде сөздің құрамнда форма болмайды ,кей жағдайда форма тұрады бірақ ешқандай мағынаны бермеуі мүмкін.(рилит форма) менімен

К.Аханов Морфема дегеніміз тілдің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық единицасы деген.


Лексикалық мағынаны білдіретін морфема негзгі мормфема түбір морфема деп аталса,гр мағ білдоетн морфема-көмекші морфема деп аталады.

Қырғыз тілінің маманы Юнусалиев қырғыз лексикологиясы атты еңбегінде жақ ,жан етістіктерінің түбірі жа деп көрсетеді.ал қы сабақты етістікті тудыратын жұрнақ,жан дегендегі н салт етістікті тудыратын жұрнақ деп көрсетеді.бұлар түбір мен аффикстің бір біріне кірігп кеткендігін көрсетеді.


Профессор Багарадитский бұларды сіңісу деп атайды.Тіл біліміне кіріспе деп аталатын еңбегінде бұндай морфпманы сіңіскен түбірлер деп атайды.


Осындай мәселе қазақ тілінде де кездеседі


Бүлін,бүлік деген сөздерге назар аударсақ негіздері бүл екендігі белгілі.жарық,жалын,құтыл,құтқар деген түбірлерді сіңіскен түбірлер деп көрсетеміз.Демек сөзді біз бөлшектеген кезде оларды түбір морфема және қосымша морфема екендігіне назар аударамыз.

Морфемалардың ішнде ең жиі кездесетінң жұрнақтар мен жалғаулар.


Жұрнақ:сөз тудырушы


Сөз түрлендіруші

Қосымша:дара көп мағыналы болады,омонимдес,синонимдес,антонимдес


Қазақ тілінде сөз тудырушы жұрнақтарды лексико грамматикалық категория ретінде карайды,форма тудыратын қосымшаларды функцоналды грамматикалық форма ретінде қарайды.Ал жалғауларды жалпы таза гр категория ретінде қарайды.


Морфема-1950 жылдан бастап қолданыла бастады.


Бадуенде Куртоне негізін салған бұл ұғым бертін келе тұтас сөздерге сол сияқты олардың бөлшектеріде морфема деп атайтын жағдайға жетті.

Морфема :түбір морфема


Қосымша морфема болып бөлінеді.

1967 жылы шыққан қазақ тілінің грамматикасы атты еңбегінде қосымшаларды сөз тудыратындар,сөз түрлендіретіндер,сөз жалғастыратындар деп 3 топқа бөледі.


Түркологияда қосымша деген ұғым афыикстермен де беріледі.


А.Ысқақов қосымшаларды жұрнақ-сөз тудыратын,форма тудыратын


,жалғау деп бөледі

Ы.Маманов қосымшаоарды-сөз түрлендіруші,сөз тудырушы және форма тудырушы деп қарастырудан гөрі қазақ тілінің тілдік материалы олардв 2 ге бөлуді қуаттайды :яғни сөз тудырушы және форма тцдырушы


С.Исаев қосымша-сөз жасамдвқ қосымшалар және форма тудыратын қосымшалар

4 лекция
Тіліміздегі негізгі ұғымдардың бірі -гр категория.Гр категория ұғымы бір жағынан гр мағынамен гр формамен байоаныств,ал екінші жағынан олардан күрделі. Гр катег деген ұғым барлық зерттеулерде біркелкі түсіндірілмейді.Ғалымдарлың көзқарасында айырмашылық кездеседі.М: А .Ысқақов: тілде өзіне тән гр формасы бар жалпы гр мағына гр категормя деп аталады.


Ақманова:слова ленг терминов Тілдегі лингвистикалық единицалардың яки оның бір тобының гр амал тәсілдер арқылы берілетін жалпы сипаттарының бірі деп көрсетеді.
Ғалым Бондаренко :Біріңғай мағыналы грамматикалық формалар қатарын бір-біріне қарама-қайшы жүйесі деп көрсетеді.
А.Ысқақов:гр категориялардың өрісі біркелкі болмайлы.Кейбірі тым жалпы,әрі өрісті болса қарымды болса,кейбірі өрісі аз,қарымы аз тым жалпы болады.Мәселен: тым жалпы категория деп сөз таптары категориясы,қосымшалар категориясын алсақ олардың әрқайссын іштей саралап әлденеше ірілі-ұсақты жалпы категорияларға бөлуге болады.Айталық,сөз таптары кат жалпы ерекшеліктеріне қарай есімдер категориясы етістіутер категориясы көмекгі сөздер кат деп бөлсек одан әрі ұарай есімдер катег зат есімдер кат,сын есім ,сан есім кат деп жіктерге бөлуге болады.Және оларды әрі қарай жіктеуге болады.Мысалы есімдіктер категориясын жікьеу сілтеу сұрау белгісіздік болымсыздық деп саралауға болады дейді А.Ысқақов
Демек ғалым жалпы гр категорияның әртүрлі болатынын айтып отыр.Біреуі кең мағынада қолданса,біреу тар мағынада қолданады.
Міне осы Пікірлерге гр катег деген ұғымды ғылыми тұрғыда түсіндіруде бірізділік нақтылық жоқ
Гр кат ең алдымен гр мағынамен гр ыормамамен тікелей байланысты.Егер гр мағынамен гр форма болмкса гр кат болуы мүмкін емес.екіншіден,гр кат болуы гр мағынамен гр форманың өзара бірлігімен тұтастығымен сәйкестігімен олардың арасндағы диаоектикалық сәйкестікпен ондағы жүйелікпен байланысты.Үшіншіден гр катег сипатта беру үшін гр мағыналар жиындығы біржағынан өзара біртектес өзара мипатта екінші жағ бір-бірі қарама-өайшы мағыналар болып табылады.Яғни ғалым С.Исаев гр кат өз ішінде бр-ьіріне қарама қайшы қасиетте бола алатын бірнеше тектес мәндес гр мағынаның жиынтығы бірлігі дейді.Ғалым бір ғана гр мағына және бір ғана гр форма гр катег құрай алмайды.Мыс:Септік кат,тәуелдік кат жақ кат гр категориялар біраө ілік немесе барыс кат деген ұғымдар жоқ.Сөйтіп гр кат негізінде гр кат мағ жиындығы олардың гр формалар жүйесі сияқт арнайы гр тәсілдер арқылы берілуі жатады.осы тұрғыдан кедгенде С.Исаев гр кат болудың алғышарттары:
1.ьірнеше кемінже екі гр мағына болуы керек
2.ол мағыналар бір бәрәне тектес ыңғвйлас мәндес болуы керек әртектес мағыналар гр кат құрай алмайды
Ол гр мағыналар каншама тектес ыңғвйлас болса да бірінші жақ екінші жаққа немесе екінші жаққа қайшы келеді
4.әрі тектес әоі ыңғайлас әрі бір бірәне қарама қайшы мағыналардың бірлігі тұтастығы болып келеді
5. Сол тектес мағынада қайшы мағынада бөлек бөлек гр форма арқылы беріледі.
6.олардың белгілі бір парадигмалық жүйе құрауы арқылы мағынадық тұлғалық сәйкестік бір жиындық болады
Және осындай талаптарға сәйкес келсе гр кат болып табыла алады.

Очы тұрғыдан келгенде жіктік кат


Жіктіліп келіп суб кім немесе не екенін білдіреді .бұл жақ кат негізгі ортақ мағынасы.Кай жақты алсақта осы мағына бар.Солай бола тұра жақ жағынан кейде жекеше көпше бір-біріне қарама қайшы.және сол әрбір қайшы мағ әрқайссыгп тән гр тұлғасы бар.және бұл тұлғалар парадигмалық түрлену жүйесін жасайды.осылардың бірлік жиынтығы гр катег жасайды
Лексикалық мағынаның жалпылану арқылы пайда болатын грамматикалық мағыналар жүйесі еш гр тұлғасыз семантикалық тәсіл арқылы ғана берлетн болса онда гр кат жасалмайды.өйткені гр кат тек гр мағыналар жиынтығы ғана емес сол тектес мәндес бір-біріне қарама қайшы мағ білдіретн парадигмалық сипаттағы грамматикалық тұлғалар жүйесі болып табылады.Яғни гр катег болу үшін мағынамен бірге гр форма болуы керек.Гр кат гр сипаты жағынан жасалу жолы мен тұлғалық жүйесі жағынан біркелкі емес.Гр катег белгілі бір гр топтағы сөздердің тұлғалану түрлену жүйесіне соған лайық олардың гр мәніне сөйлеу процесінде ол сөздердің атқаратын қызметіне басқа сөздермен қарым-қатынаста байланысла болғандықтан гр кат шартты түрде:морфологиялық және синтаксистік деп екіге бөлеміз
Сондай ақ морф кат сөз түрлендіру мәнді морф кат және топтау я жіктеу мәнді морф кат деп бөлу дәстүрі кездеседі.Гр немесе морф категориялар сөз таптарына қарай топталып жіктеледі.Ал бұның өзі гр катег сол чөз табының гр ерекшелігі түрлену жүйесінің сипаты екенін білдіреді.Яғни гр катег белгілі бір сөз табының өзіне тән ерекшелігі дегенді білдіреді.
Тіліміздегі сөз таптарының барлығына бірдей гр катег бола бермейді.Гр катег бар сөз таптарына зат есімнің сан мөлшер катег,тәуелділік каьег,септік катег,сын есімнің шырай категор,етістіктің салт сабақ катег,етіс категор,болымды болымсыз етістік катег,рай,шақ және жіктік категор.
Белгілі сөз табына қатысиы гр катег гр сипаттары сол сөз табының семантикалық грамматикалық ерекшеліктерімен айқындалады.сондықтан да гр категориялар түрлену жүйесімен семантикаоық сипаты бірдей емес.олардың морф көрсеткіші болып табылатын гр мағыналары бірде таза гр мағына үстесе,сол сөз табының сөз түрлену жүйесінің формасы болса ал бірде ондай формалар таза гр сипаттан гөрі түбірдің семантикасына аздап болса да өзгеріс енгізеді,мағыналық реңк үстейді.М:шырай катег етіс,салт сабақты етістік,болымсыз етіатік сөзге реңк мәнін қосады.көптік тәуелдік септік рай шақ жақ катег түбін білдіретін мағынаға ешбір нұқсан келтірмейді.сондықтан да морф сипаты жағынан гр катег бір тобын сөз сипатына қанлай да болсын әсер етуіне қарай лексико гр катег деп атайды,ал екінші тобын яғни түбір семантикасына ешбір әсер етпкйтін өзгертпейтін тек оған қосымша мән үстейтін түрлерін таза гр катег деп айтамыз.
5 лекция

Сөздерді таптасиыру принциптері


Сөздерді семантика құрылымдық топтарға бөлудің грамматикалық ілім ретінде тым ерте замандарда пайда болуы сол дәуір ойшылдарының тіл табиғатын тани түсу үшін,сөздерді осылайша жіктеудің де қажеттілігін білуі морфологияның өзекті мәселе болғандығын дәлелдейді.Оның дәлелі біздің эрамызға дейінгі 4 ші ғ жазылған Панинидің еңбегінде влғаш рет сөздер түрлі топтарға жіктелген.Сөздерді логикалық мағыналық тұрғыдан тұрлі топтарға бөлуші ежелгі үнділер,негізінен 4 сөз тобын ажыратқан.Атап айтсақ:есім,етістік,сөз алдына қойылатын көмекші сөздер және демеулік.Ежелгі үнділердің тіл туралы еңбектерінен бастау алған сөз таптастыру ісі кейінгі дәуірлерде қытай,грек,араб ойшыл ғалымдарының еңбектерінде жалғасын тапты.Бұл ғалымдарда сөздерді түрлі топқа жіктеуде логикалық мағыналық тұрғыдан келді.Оларда 4 немесе 3 сөз табы бар деген пікірлерін алға тартты.Әлемдік лингвистикадағы сөз таптастыру ілімінің жаңа сатыға көтерілген дәуірі тіл білімі тарихында грамматикалық кезең деп аталды.Бұл біздің эрамызға дейінгі үшінші,екінші ғасырларды көрсетті.Осы кезеңнің көрнекті өкілдерінің бірі Аристак сөздерді есім,етістік,есімше,шылау,есімдік,сөз алдына қойылатын көмекші,үстеу және жалғаулық деп 8 сөз табына бөледі.Орыс тіл білімінде сөздерді түрлі топқа бөлу ісінің дамуы барымында бірнеше бағыттың қалыптасуы байқалды.


1.Семантикалық бағыт-бұл бағыттың сөз таптастырудағы басты тірегі сөздің мағынасына келді.Яғни сөз таптастырудың негізгі өзегі ретінде сөздің мағыналық жағы алынды.Көрнекті өкілдері:Ломоносов,Востоков,Потерняков,Греч болды.Алайда бұл бағыт 19 ғасырда көптеген тілші ғалымдардың сынына ұшырай бастады.

2.Бұл мәселені шешу үшін формальді грамматикалық бағыт дүниеге келді.Бұл бағыттың өкілдері сөз таптарын анықтауда негізгі белгі ретінде сөздің формасын алуды ұсынды.Олардың басты идеясы сөз тұлғасы сөздің мағынасын да анықтайды дейді.Бұл бағыттың алғашқы іргетасы Аксаков еңбектерінде қаланып,кейіннен Москва мектебінің өкілдері Портунатов және оның шәкірттерінің еңбектерінде жалғасады.




3.Орыс тілінің морфологиясын сипаттаудағы былайша әртектілік сөз таптарын анықтау ісінде бұдан әрі ізденісті талап етті.Тілші ғалымдардың алдына жаңа міндет қойылды.Осы міндетті шешу үшін лексико-грамматикалық бағыт дүниеге келді.Көрнекті өкілдері:Черва,Виноградовтар болып табылатын бұл бағыттың негізгі идеясы сөздерді түрлі таптарға жіктеу барысында олардың семантикалық және формальді белгілері біріктіріп қарау керек болды.Осы көзқарастардың негізінде аталған ғалымдар сөздерді таптастыруда бүгінгі таңда әбден орныққан семантика,морфологиялық және синтаксистік принциптерді ойлап шығарды.Және орыс тіліндегі сөздерді тапқа жіктеуде оларды нақты қолданды.Орта ғасырдағы араб ғалымдарының еңбектерінде түркі тілі сөздері араб лингвистикалық ілімінің үлгісімен есім,етістік,демеулік деп бөлінсе 18 ғ бастап түркі тілдерін зерттеуге ден қоя бастаған Ресей ғалымдарының еңбектерінде орыс тіл білімінің ықпалының әсерінен 8 немесе 9 сөз табы бар екендігі көрсетілді.Түркі тілдеріндегі сөздерді түрлі тапқа бөлуде аталған принципті жүйелі түрде қолдану керектігін 1936 жылы баравков деген ғалым революция и писменность деген журналда жазады.Қазақ тілі туралы жазылған алғашқы арнаулы еңбек Ильминскийдің “Материалы к изючение киргизкого наречие”атты зерттеуі 1860 жылы қазанда шыққан болатын.Бұл зерттеуде сөз таптарының толық жүйесі берілмейді ғалым есім сөздердің аясында зат есім сын есім сан есім есімдікті атайды,бұл сөз таптарының мағыналық топтарын жасалу жолдарына қысқаша сипаттама береді.Етістікті жеке сөз табы ретінде сипаттайды.Есімше,көсемшеге тоқталып,жасалу жолдарын көрсетеді.Автор еңбегінің грамматикалық бөлімінде сөз қозғамаса да ,сөздік бөлімінде А құдайым тіркесіндегі “а”-ны одағай деп атайды,ал Құдайым-ай деген тіркестегі “ай”-ды демеулік деп көрсетеді.Ғалым бірақ сөз таптарының ешқайссына анықтама бермейді.Қазақ тілінің грамматикалық құрылысын қарастырған келесі еңбек Терентевтің 1875 жылы Санк Петербургте жарық көрген “Грамматика Турецкая,Перцитская,Киргизская и Озбекская деп аталатын еңбегінде орыс тілі мен салыстырыла келе қазақ тілі сөздерін:зат есім,сын есім,есімдік,сан есім,жалғаулық,септеулік,үстеу,одағай,етістік деп 9 сөз табына бөледі.Автор қазақ тілі сөздерін осылай топтастыруда негізінен семантикалық принципті ұстанады.Ал кейбір сөз таптарын анықтауда синтаксистік принципке жүгінеді.19 ғ екінші жартысымен 20 шы ғ бірінші ширегінде қазақ тілін зерттеуге арналған келесі еңбек Миллиоранскийдің “Краткая грамматика Казах ,киргизская языка”деген еңбегінде ғалым қазақ тілі сөздерін семантикалық және синтаксистік белгісі тұрғысынан жіктейді,8 сөз табын көрсетеді.Яғни зат есім,есімдік,етістік,сан есім,үстеу,шылау,септеулік және демеулік.Ғалым зат есім мен сын есімді бір сөз табы деп қарастырады.Ал демеуліктерге:қой,ғой,,ау секілді демеулік пен одағайларды жатқызады.1897 жылы Орынборда Каталинскийдің Грамматика Киргизская деген еңбегі басылады.Автор қазақ тілінде 9 сөз табы бар деп санайды.Олар:зат есім,сан есім,сын есім,есімдік,етістік,үстеу,септеулік,жалғаулық және одағай.Бұл еңбекке де жоғарыда айтылған жайттар тән.Автор сөз таптарын атайды бірақ анықтама бермейді,жасалу жолдарына тоқталады.Мағыналық топтарын қарастырады кейбір категорияларға жіктейді.1900 жылы Москвада Лаптептік Материалы по казах киргизского языка еңбегі басылады.Автор зат есім,сын есім,сан есім,есімдік,үстеу ,жалғаулық,одағай,септеулік және етістік деген сөз таптарын көрсетеді.
1927 ж Ташкентте Архангелскийдің “Грамматика казакского языка деген еңбегі басылып шығады.Ғалым семантикалық принципті ұстана келе қазақ тілінде 8 сөз табы бар екендігін айтады.Олар: есімдік,сан есім,есім(зат есіммен сын есімді бірге қарастырады),етістік,септеулік,жалғаулық,үстеу және одағай.

Қазақ тілінің гр құрылысын сипаттауға орыс туркологтарының еңбектеріне төмендегідей жайттар байқалады:


1.Түркологтардың еңбектерінде 8 немесе 9 сөз табы ажыратылады.Сөз таптарына анықтама берілмейді.Қысқаша жолу жасалынады.Түрленуі бірқатар мағыналық топтары категориялары ғана сөз етіледі.
2.Тіл білімі салаларының аражіктері ажыратылмайды.Морфология кейде этимология деп аталынып кетеді.Көмекші сөз таптары кейбір еңбектерде синтаксис саласында ғана қарастырылады.
3.Барлық еңбек орыс тілінде орыс тілінің грамматикасының қалпымен жазылады.Орыс тілімен салыстырылады.
4.Қазақ тілі сөздерін таптастыруда негізінен семантикалылық белгі басшылыққа алынады кейде синтаксистік принципке сүйенеді.

Ахмет Байтурсынов “Тіл құралы атты еңбегінде”қазақ тіліндегі сөздерді әуелі атауыш сөздер,шылау сөздер және одағай деп топтастырады.Ғалым атауыш сөздер тобына:зат есім,сын есім,сан есім,есімдік,етістікті жатқызса,шылау сөздер тобына:үстеу,демеу,жалғаулықты жатқызады.Ғалым қазақ тілі сөздерін үш топқа жіктегенде негізінен лексикалық мағынаны басшылыққа алады.Яғни сөздердің лексикалық мағынасының негізінде қаншалықты дербес немесе дербес еместігін ескереді.Осы үлкен үш сөз тобын жіктеп,қазақ тілінде 9 сөз табы бар деп көрсетеді.Яғни зат есім,сын есім,сан есім,есімдік,етістік,үстеу,демеу,жалғау және одағай.Одағайды ғалым еліктеуіш және лептеуіш деп бөліп көрсетеді.


Профессор Қ.Жұбанов өзінің “Қазақ тіліндегі сөз таптары”атты еңбегін жарыққа шығара алмай кеткен,кейін бұл еңбек жалпы жоғалып кетеді.Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің “Жұбановтану” зертханасы қорынан ғалымның бұрын соңды баспа беиін көре алмаған еңбектерін зерделеу кезінде сөздерді семантика құрылымдық топтарға бөлу ісіне қатысты ой тұжырымдар ұшырасады.Қ.Жұбанов сөздерді тапқа айырғанда 3 түрлі негізге сүйенуіміз керектігін айтады.1.Лексикаоық қасиеттеріні.2.Морфологиялық қасиеттеріне қарай .3.Сөйлпмде қай мүше болып қай орында тұратынына қарай деп айтып кетеді.Бұл пікір 1935 жылы айтылған екен.Бұл жалпы туркология үшін өте үлкен жаңалық еді.Қ.Жұбанов қазақ тілі сөздерін түбір ,шылау және одағай деп үлкен үш тапқа жіктейді.Түбір тапқа:зат есім, сын есім,орынбасар ,етістік,мезгіл-мекен есім,сан есім.Шылауға:үстеуіш(яғни септеуліктер),жалғаулықтар мен демеуліктерді бірге қарастырады,одағайларды жеке топ ретінде қарайды.Қ.Жұбанов қазақ тілі сөздерін:зат есім,сын есім,сан есім,мезгіл мекен есім,орынбасар,шылау және одағай деп көрсетеді.


1936 жылы ауыл мұғалімі журналының бесінші алтыншы сандарында Сергеньаевтің грамматикалық категориялар туралы мақаласы басылып шығады.Мұнда 3 түрлі белгі көрсетіледі.1Семантикалық,синтаксистік және морфологиялық.Семантикалық белгі мен синтаксистік белгі өзара тығыз байланысты .Семантика сөздің мәні болса ,синтаксис сөздің сөйлемдегі функциясына байланысты болады дейді.Ал сөздің мәнінің өзі сөйлем ішінде ғана айқындалады дегенді айтады.Ал морфологиялық принципті соңғы орынға шығаруын ғалым кейбір сөз таптарын ажыратуда морфологичлық принциптің ешқандай рөлінің жоқтығымен түсіндіреді.
1936 жылы халық мұғалімі журналында Н,Сауранбаевтің “Қазақ тіліндегі сөз таптары және олардың таптастырылуы” атты мақаласы жарық көреді.Автор семантикалық және грамматикалық өзгеру ерекшелігіне қарай сөйлемде атқаратын қызметіне қарай сөздердің бөлінуінің сөз таптары дейміз деп анықтайды.8 сөз табын көрсетеді.олар:зат атауыш,сын атауыш,сан атауыш,амал атауыш,есімдік сөздер,етістік сөздер және шылау, одағайлар деп береді.
1838-1939 ж С.Аманжолов өзінің Орта және орталау мектепиерінің 5-6 шы сыныптарына арналған қазақ тілі грамматикасы атты оқулығында сөздерді мағынасы сөйлемдегі қызметіне қарай,ерекше тұлғалық ерекшелігіне қарай 8 сөз табына бөледі.Олар:зат есім,сын есім,сан есім,есімдік,етістік,үстеу,шылау және одағай.
Қазақ тілі білімінде сөз таптастыру мәселесіне оң ықпалын тигізген іс әрбір сөз табын жеке-жеке зерттеу нысанасына айналдыру.Бұл 1940 жылдардан басталады.
Мысалы:
1947 жылы А.Ысқақов “Қазіргі қазақ тіліндегң үстеулерлі “зерттейді.
1953 жылы Ш.Сарбаев одағайды зерттейді
1953 жылы Ж.Шакенов сын есім
1954 А.Хасенов сан есіп
1955 ж Р.Әміров жалғаулық шылаа
1961 Ә.Ибатов Есімдік
1965 Б.Катембаева еліктеуіш сөздерді
19 Ы.Маманов етістік
1950 ж халық мұғалімі журналының 9-10 шы сандарында А.Ысқақовтың “Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердң таптастыру”туралы көлемді мақаласы жарық көреді.Ғалым сөздерді таптастырғанда сөздердің семантикалық мағынасф,морфологиялық формаса және сөйлемдегі қызметі алыну керектігін айтады.
1968 ж Қазақ тіліндегі сөздер мен сөз таптарының морфологиялыққұрылысы атты еңбегінде Ерғалиев қазақ тілі сөздерінен негізінен негізгі сөз таптары,көмекші сөздер және азат сөздер деп 3 топқа бөледі.Ғалым негізгі сөз таптарының бірінші ретінде есімдер деп зат есім сын есім сан есім есімдікті атайды,ал күй амалдары деп аталатын екінші етістікті,үшінші тобын хал-жағдайлық сөздер деп үстеуоерді көрсетеді,4 ші күй категориясына еліктеуіштерді жатқызады,ал көмекші сөздерге шылауды жатқызса,ал азат сөздерге модаль сөздер мен одағайларды жатқызады.Азат сөздер жайында ғалым негізгі сөздерге де көмекші сөздерге де қосылмайтын сөздер бар деп көрсетеді.Олар сөйлемде белгілі бір қызметке ие емес және басқа мүшемен байланысы жоқ еркін категория.Шартты түрде оларды азат сөздер деп қарау керек деп көрсетеді.ә
1967 ж шыққан Қазақ тілі грамматикасында қазақ тіліндегі сөздер семантикалық,морфологиялық белгілеріне қарай ең әуелі атаушы сөздер көмекші сөздер және одағай сөздер деп үш топқа бөлінеді.
Атаушы сөздер деп өмірде кездесетін ұғымдар мен түсініктерді не тікелей не жанай білдіріп олардың атаулары ретінде қабылданатын және жұмсалатын өздеріне тән толық лексикалық мағ бар соған лайық қалыптасқан дыбыстық құрамдары мен екпіндері бар дербес сөздер аталады дейді.Атаушы сөздердің өздеріне тән дербес мағыналары болғандықтан олар адамның қатынас құралына арқау не таяныш есебінде қызмет етеді өзге сөздермен тіркесіпте,тіркеспей де,жеке дара да қолданыла беретінін айтады.Және олар гр заңға сәйкес түрленетінін көрсетеді және жеке сөйлем мүшесі бола алатынын көрсетеді.Ал көмекші сөздер деп лексикалық мағыналары солғындаған я жоғалған жәрдемші сөздер аталады.Көмекші сөздердің кейбірі дыбыстық жағынан тұрақсыз болады жеке екпіндері болмайды,дербес мағыналары болмағандықтан тек атаушы сөздермен тіркесіп жүреді,соған орай сөйлемде өз алдына мүше бола алмайды немесе сөйлемдерлі байланыстыратын дәнекер есебінде жүреді.Ал одағай сөздер деп адамның әрқилы сезім күйімен байланысты айтылатын сөздер көрсетіледі.Өздерінің шығу ерекшелігіне қарай одағайлар өзге сөздермен атауыш пен көмекші сөздермен семантикалық қатынасы болмайды,сөйлем мүшесі болмайды бірақ олар бүтіндей сөйлемнің орнына балама есебінде жұмсалады.
Қазақ тілінде сөздерді грамматикалық топтарға я сөз таптарын жіктеуге ұсынылатын басты принцип ол семантикалық принцип С.Исаев грамматикалық-семантикалыө принцип депкөрсетеді.Екіншіден,осындай грамматикалық топтарға белгілі бір өзіндік түрлену жүйесі өзгеруі тұлғалық парадигмасы немесе оған қарама-қайшы түрленбеу тұлғалық өзгеріске түспеу тән болып келеді.Сондықтан түрлену жүйесіне негізделген категориялық грамматикалық мағыналар жүйесімен грамматикалық категориялардың болуы болмауы сөздерді таптастырудың екінші негізгі принципі морфологиялық принципке негізделеді.Мысалы:зат есім мен етістік түрленетін сөз табы болатын болса,ал сын есім мен үстеу түрленбейтін сөз табына жатады.Сөздерді таптастырудың үшінші синтаксистік принципі сөйлемде өзіне тән белгілі бір қызмет атқарумен және сол сөздермен тіркесу сипатымен яғни қандай топтағы сөздермен қалай тіркесе алуымен байланысты.Осы көрсетілген принциптердің негізінде зат есім сан есім сын есім етістік үстеу шылау одағай еліктеуіш сөздер және модаль сөздер деген 10 сөз табы көрсетіледі.
Исаев:Атауыш сөздерден басқа көмекші сөздердің бір түрі шылау және одағай сөздермен модаль сөздер.Бұлар жеке-жеке сөз таптары болып қаралады.Өйткнні олардың жеке лексикалық мағынасы болмаса да өзі қатысты сөзге я сөйлемге қосымша грамматикалық мән үстейді немесе ойға қатысты көңіл күй я модальдылық мән үстейді.Модаль сөздерді жеке сөз табы деп қарастыру 1958 жылдан басталады.Е.Жанпейісов қазақ тіліндегі модаль сһздер атты кондидаттық десертация жазып,жан-жақты зерттеген бірақ жеке сөз табының статусын ала-алмаған.Дегенмен 2002 жылы қазақ грамматикасында модаль сөздер жеке сөз табы ретінде қаралған.
6 лекция

Зат есім



Айналамыздағы қоршаған ортадағы зат пен жан-жануар атаулыға барша құбылыс пен уақиғаға болмыс атаулыға есім атауыш болып келетін сөздерді зат есімдер деп атаймыз.Лексикалық тұрғыдан алғанда зат есімдер өз алдына мағыналық дербестігі бар заттық ұғымды білдіретін сөздер.Табиғат пен қоғамдық тіршіліктік қыр-сыры қаншалықты алуан түрлі болса , олардың бас- басына дерлік атауыш ретінде жұмсалатын сөздері де алуан түрлі.Зат есімдер тікелей сезім арқылы тануға болатын нақтылы нәрселерден бастап мысалы су,жер,айғай бастап адамның тек ақыл ойы арқылы түсіндірілетін түрлі абстрактілі зат есімдерді мысалы наным сенім,ырым десек барлығының аттарын білдіреді.Лексико-семантикалық өрісі кең сөз табының бірі зат есім болып табылады.Мәселен,күнделікті өмірімізде жиі айтылатын жиі қолданылатын түрлі бұйымдар мен нәрселердің аттарын ,тағам аттары,жан-жануар аттары,өсімдік атаулары,табиғат денелері мен құбылыс аттары,кәсіппен адамның тегін білдіретін атаулар,тұрмыс салтқа қатысты атаулардың барлығы зат есім деп аталады.зат деп аталатын сөздердің өздеріне тән морфологиялық ерекшеліктері де бар .Олар өздерінің лексико-семантикалық сипаттарына қарай , сөйлемдегі өзге сөздермен қарым-қатынасқа түсуіне қарай,сол қатынасқа қажетті көптік ,тәуелдік,септік және жіктік жалғауларын қабылдап түрленеді.Сонымен қатар зат есімдердің сөз тудыратын және форма тудыратын арнайы қосымшалары бар екендігін білуіміз керек.Зат есімдер тілдегі өзге сөздердің барлығына әрі ұйытқы әрі өзек болып қызмет атқаратындықтан әдетте сөйлемнің барлық мүшелері ретінде қызмет атқарады.Ең негізгісі бастауыш,анықтауыш және толықтауыш.Бұл үш түрлі белгіні яғни семантикаоық прирципті ,морфологиялық принципті және синтаксистік принципті бір-бірімен ұштастырғанда ғана зат есім деп аталатын сөз табының толық түсінеміз.Зат есімнің ең негізгі белгісі-заттың субстаттивтік мағынасын білдіруі.Дегенмен,заттық мағынаны білдіру қабілеті басқа сөз табында да кездеседі.Мысалы:қараның ашуы келгенше сарының жаны шығады.Сын есім субстаттинденіп тур.
Зат есімнің лексико-грамматикалық сипаты
Зат есімдердің қай қайссы болсын заттық ұғымды білдіретіндіктен олар негізінен біркелкі болғанмен іштей нақтылық және абстрактілік,жалпылық және жалқылық,даралық және жинақтылық,жекелік және топтық сияқты семантикалық категорияларға бөлінеді.Тілімізде немесе өмірде көзбен көріп қолмен ұстауға болатын заттарды деректі зат есімдер немесе конкретті зат есімдер дейміз.
Ой арқылы сезінетін зат есімдер бар оларды дерексіз немесе абстрактілі зат есімдер дейміз.Заттардың ішінде даралау немесе жинақтау ұғымы да кездеседі мысалы құрт,құмырсқа,апа,қарындас деген секілді сөздер белгілі бір заттардың аты ретінде жұмсалады ал егерде біз құрт-құмырсқа,апа-қарындас,төсек-орын десек біз жалпылап тұрғандығымыз.Ал егерде біз мая мая шөп,тау-тау астық ,қора-қора мал десек,даралау ұғымын көрсетеміз.
Зат есімдерді семантикалық ерекшеліктеріне қарай:
мал атаулары
өсімдік атаулары
құрт-құмырсқа
Үй мүліктері
Саяси -әлеуметтік салада қолданылатын атаулар деп бірнеше топқа бөліп қарауға болады.
Зат есімдердің ішінде өздеріне тән семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар кейбір топтары бар.Мысалы айталық,адам зат есімдері немесе ғалам зат есімдері ,жалқы есімдер,көптік мәнді есімдер,эмоционалды-экспрессивті есімдер және көмекгі есімдерді жатқызуымызға болады.
Тіліміздегі зат есімдерді семантикалық және грамматикалық жағынан талдаған кезде олардың бір саласы адам атаулары екінші саласы адамнан өзге жан-жануар зат атаулары болып бөлінеді.Осы аталған екі топтың алғашқысына қатыстының барлығы кім деген сұраққа жауап береді,екіншісі не деген сұраққа.Адам атаулары жалпы адамға тән атаулар,мамандық атаулары,туыстық атаулар,лауазым атаулары жатқызамыз.Зат есімнің бұл тобын адам атауымен байланысты болғандықтан оларды семантикалық ерекшеліктеріне қарай адамзат есімдері немесе персондық есімдер деп атаймыз.Ал не деген сұрақ адамнан өзге барлық жан-жануарлардың күллі заттар мен құбылыстардың аттарына қойылады.Зат есімдердің бұл тобы адамнан өзге жан жануарлардың заттардың атауларын түгел қамтитындықтан оларды өздерінің ерекшеліктеріне қарай ғаламзат есімдері немесе наперсондық есімдер дейміз.Яғни қазақ тілінде зат есімдерді:адам зат есімдері және ғалам зат есімдері деп бөлеміз.
Тілдегі әр алуан деректі және дерексіз ұғымдарды білдіретін зат есімдер әдетте жалпы есімдер деп аталады.Мыс,ағаш,су дала студент.Ал заттар мен заттық ұғымдарды жалпылама атамай даралап атайтын зат есімдерді біз жалқы есімдер дейміз.Мыс:Көкшетау,Асқар,Тайбурыл
Жалқы есімдер екі үлкен салаға бөледі:кіссі аттары(анамастика ғылымы айналысады)
Географиялық атаулар(топонимика ғылымы айналысады)

Сонымен қатар заттары жекелеп даралап атамай,оның жиынын тобымен атайтын зат есімдер кездеседі бұлдарды көптік мәнді есімдер деп атаймыз.Мыс.Ұн,шекер,алтын,құм


Көптік мәнді есімдердің алғашқы тобы сұйық заттар атаулары(айран,сүт)
Газ тектес заттар(азон)
Уақ майда заттар(шаң,түбіт
Дерексіз ұғымды білдіретін заттар атаулары (айла ақыл дау
Өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары(алтын қола
Жаратылыс құбылыстарының атаулары(қар боран

Зат есімдердің ішінде затты я заттық ұғымды әддеттегінше атаумер қатар сол аталған заттық сын-сипаты жағынан қалай екендегін қоса-қабат білдіретін олардың кейбір өзіндік сипатын нақтылай түсетін әсерлеу немесе бейнелеу жолымен кездесетін топтары да кездеседі(көл,төбе,тау,арба-көлшік,таушық,арбашық,сандық-сандықша,кітап-кітапша,бала-балақан)


Зат есімдердің көпшілігі өздерінің лексикалық мағыналарында жұмсалып,өздеріне тән түрлену жүйелері сөйлемде өз алдына дербес мүше болу қызметін сақтап отырады.Ал кейбір зат есімдер өздеріне тән байырғы қызметінен жартылай айырылады.Көюінесе көмекші есімдер есебінде жұмсалады.Көмекші есімдер деп-лексикалық мағыналары бірде бүтіндей сақталады,бірде солғындайды өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай синтаксистік жағынан кейде жеке дара мүше ретінде ,кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып,морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз.Көмекші есімдер сан жағынан көп емес.Олар:алды арты асты үсті жаны қасф маңы ортасы іші сырты басы беті шеті тұсы түбі маңы сияқты сөздерді жатқызамыз.Көмекші есімдер кәдімгі зат есімдерше қолданылады ,


Көмекші есімдердің негізгі сөздерге үстейтін қосымша мағыналары көбінесе көлемдік мезгілдік қатынастарды білдіреді.Көмекші сөздердің мағыналары қаншалықты солғынданғанмен шылау сөздердегідей бүтіндей я жартылай жоғалып кетпейді.Көмекші есімдер алдында тұрған ілік жалғаулы сөзбен әбден жымдасып сонымен біртұтас семантикалық бірлік түзеді.Яғни көмекші есім деп-грамматикалық өзгеріске түсіп,дерексізденуі нәтижесінде заттық мағынадан айырыла бастаған тәуелдік жалғаулы көюінесе мекендік септіктерде қолданылып матаса байланысқан тіркестің екінші сыңары қызметінде жұмсалатын зат есімнің кеңістік мәнді ерекше бір тобы.Лексикалық жағынан алған кезде көмекші есімдердің білдіретін мағынасы бірнәрсенің үстінгі немесе астыңғы жағы деген сияқты мағыналарды білдіреді.Көмекші есімдер іштей 2 ге бөліп қарастырамыз:горизонталь бағыттағы кеңістік қатынасты білдіретін есімдер(алды арты қасы жаны маңы тұсы айналасы төңірегі
Вертикаль бағыттағы кеңістік қат.білдретін(асты үсті беті түбі )

Зат есімдер Түрлену жүйесі


Ең алдымен сан мөлшер категориясы (Көптік категориясы)
Қазақ тіл білімінде сан мөлшер категориясы көптік жалғау тұлғасымен байланысты қарастырылады.Көптік ұғыммен оған қарама-қайшы жекелік ұғымның болуы жалпы зат атауларына тән қасиет.Осы көптік және жекелік ұғымдарлың арақатынасынан сол ұғымның белгілі морфологиялық тұлғалар арқылы берілуінен сан мөлшер категориясы туындайды.Егер сан мөлшер категориясын тек ғана көптік жалғау шеңьерінде қарайтын болсақ ,онда одан көптік жалғаудың сыр сипаты ашылғанмен ,оның қызметі ,стильдік ерекшеліктері айқындалғанымен ,грамматикалық категориялар сипаты ашылмай қалар еді.Жекелік ұғыммен сәйкесті қатысты қарағанда ғана оның категориялы сипаты айқындалады.Көптік ұғымды білдірудің тәсілдері әртүрлі.Жекелік ұғымның оған қарама қайгы грамматикалық формасы болуы.Көптік ұғым тек ғана көптік жалғау арқылы берілмейді.Бұл жөнінде А.Ысқақов :тілімізде көптік категориясы да көптік жалғау категориясы да бар.Ал осы екеуі бір емес бірдей болмайды.Көптік категориясы деген ұғым тым жалпы ұғым.Ал көптік жалғау категориясы одан әлдеқайда жалқы ұғым.Көптік категориясы тілімізде үш жолмен беріледі:лексикалық тәсіл(су,сүт,ұн
Морфологиялық тәсіл(біз,мұғалімдер
Синтаксистік жолмен(мая мая шөп,120 машина

Осы тұрғыдан келгенде А.Ысқақов көптік жалғаудың ерекшеліктерін тоқталалы:


1.Көптік жалғау жалғанатын сөздердің сөйлемнің біріңғай мүшелері болған жағдайда олардың әрқайсысы көптік мағынада қолданылады ,бірақкөптік жалғаудың жалғануында ерекшеліктер бар.
А)көптік жалғау біріңғай мүшенің әрқайсына түсірілмей жалғанады.Мыс:ол соңғы күндері көбінесе домбыра алып мөлдір күйлер сұлу әндер тарта бастады.
Ә)көптік жалғау біріңғай мүшелердің бұрыңғыларына жалғанбай тек тсоңғыларына жалғанады .Мыс,Жүр арқан,сойылдарыңды ұмытпа.
2.Сөйлемнің бастауышы жіктеу есімдігінің екінші жағының анайы,сыпайы түрлерінің көпше формаларында және жалпылау есімдігінің екінші жағында тұрса етістіктің жіктелетін формаларында туратын баяндауыштарда көптік формада бастауыштармен қиысып жұмсалады. Мыс,Сендер ауылдың қарасын көргенде тоқтаңдар.
3.Бір сөзде бірнеше жалғау қабаттасып келгенде көптік жалғау орын жағынан өзге жалғаулардың бәрінен бұрын тікелей түбірден соң жалғанады.Мыс:отыруларыңызды сұраймыз оқушылар.
А.Ысқақов:көптік жалғау қажетіне қарай сөздің мағынасын анықтап айқындап қолданылған жағдайда түбір мен жұрнақтың немесе түбір мен формалардың арасында да жұмсалатындығы айтылады.Мыс,Абай ұрыларша шапан бөркін айналдырып киіпті.

Көптік жалғаудың негізгі мағынасы заттың көптігін білдіру .Ал бірақ негізгі мағыналардан бөлек те мағыналарды білдіретін жағдайлары да бар.


1.сан есімге,үстеуге жалғанып сол сөзді білдіретін ұғымның жалпы мөлшерін болжамын білдіреді.мыс,жасы қырықтарда,ертеңдер келер
2.абстрак зат есімдерге жалғанып ,оның көптігін емес әртүрлілігін салмақ мөлшер көлем өлшемін ьілдіреді.Мыс ойлар сәулелер
3.даралық мәндегі зат атауларына жалпы есімдерге жалғанғанда олардың көптігін емес көпке ортақтығын білдіреді.мыс,әкелер,шешелер
4.заттың көптігін емес көпке ортақ екенін көрсетеді.Мыс,астарыңды ішіңдер,жұмыстарыңды бітіріңдер
Көптік мағына аналитикалық жолмен берілгенде сан есімдер көптеген талай біраз сияқты көптік ұғымды білдіретін сөздер,қайталама қос сөздер,зат атауына анықтауыш болып ол заттың көптігін білдіргенде зат атауына көптік жалғау жалғанбайды.Мыс:Көп адам,жүз елу кітап,
Көптік мағына бір кездегі екілік ұғымының көрсеткіші болған ыс іс қосымшасы арқылы да (егіз,көз) жіктік жалғау қы ты(бардық,келдік) ж
Жалпы көптік жалғау қазақ тілінде заттың көптігін білдіргенде сол затқа көптік мән үстейді бірақ сөз байланыстыру қызметін атқармайды.Сондықтанда С.Исаев бұны грамматикалық жұрнақ деп атаған.

Тәуелдік категориясы


Бір заттың екінші бір затқа тәуелдік қатысы болуы тілдегі ақиқат құбылыс.Бұндай заттардың арасындағы меншіктілік тәуелділік қатынас қай тілде болмасын кездеседі.Қазақ тілінде бұл мән яғни тәуелділік ұғым тәуелділік жалғау арқылы яғни ілік септігі мен тәуелділік жалғауының тіркесінің және меншіктелуші зат атауы мен буын үндестігіне бағынбайтын нікі-,-дікі,тікі қосымшалары арқылы дәлелденеді.Осы арқылы яғни жақ түрлеріне байланысты тәуелділік грамматикалық мағыналар жиынтығы парадигмалық жүйе болып табылатын белгілі грамматикалық формалар негізінде берілуі қазақ тілінде тәуелділік категориясы болып қалыптасады.А.Ысқақов:Еленуші үш жақтыңтың біріне бір заттың меншікті екенін білдіретін грамматикалық катег тәуелдеу кат деп аталады дейді.Және ғалым тәуелдік катег үш түрлі тәсіл арқылы берілетінін көрсетеді:1.Морфологиялық я синтетикалық тәсіл
2.синтаксистік немесе анаоитикалық тәсіл
3.аралас
Синтаксистік тәсіл біз сіз есімдіктеріне ілік септік қосымшасын оған анықталатын заттың атын білдіретін сөз ешбір қосымшасыз тіркесу арқылы жасалады.Мыс,біздің үй,сіздің аудан
Аралас тәсіл-бұрынғы анықтауыш компоненттің есімдіктері ғана емес басқа есімдерден бола беретіндігі жағынан және соңғы анықталушы компонентінің үнемі тәуелдік жалғаулы сөз болатындығы жағынан .мыс,біздің үйіміз,олардың балалары деп көрсетеді .Таза синтаксистік тәсілден басқашалау болып келеді.Бұл тәсіл матасу категориясына негіз де тірек те болумен қатар стилистикалық өрісі мен ерекшеліктері жағынан таза синтаксистік тәсілден әлдеқайда кең болып келетіндігін айтады.
Морфологиялық тәсілге келетін болсақ ғалым екі түрлі қосымша арқылы берілетіндігін айтады.1.нікі дікі тікі кітап менікі
2тәуелдік жалғау менің студентім
Сенің студентің сіздің студентіңіз оның студенті
Тәуелдеудің:оңаша тәуелдеу және ортақ тәуелдеу деген екі түрі бар.
Оңаша тәуелдеуде бір немесе бірнеше зат бір ғана затқа немесе адамға тәуелді болып келеді.Яғни ие болат зат біреу болады.Сондықтан ол ілік септігіндегі сөз тек ғана жекеше тұлғада тұрады.Мыс менің балам,менің үйім
Ортақ тәуелдеу керсінше бірнеше затқа не адамға тәуелді болады
Біздің үйіміз,біздің үйлеріміз

Септік категориясы


Сөйлемде сөздердің арасындағы алуан түрлі синтаксистік қатынастарды көрсетіп,өзі жалғанған сөзге әртүрлі грамматикалық мағына үстеп,сөз бен сөзді байланыстыруда үлкен орын алатын зат есімнің парадигмалық түрлену жүйесінің бірі септік жүйесі.Әдетте септік жалғау кейде тікелей өзі ,кейде басқа тұлғалармен қабаттасып,зат пен қимыл,зат пен заттың арасындағы субьектілік придикаттық ,тура және жанама обьектілік,меншіктілік қатыстық,мекендік мезгілдік,көлемділік,амалдық,құралдық сияқты қатынастарды білдіреді.Септік жалғау түрлерінің басын қосып ,біріктіріп зат есімнің түрлену паражигмасының түрі етіп отырған,септік жалғауларының мағыналық ортақтығынан гөрі қызметтік яғни сөзбен сөзді байланыстыру,тек зат есіидерге жалғануы және басқа сөз табына жалғанса оны заттандырып тұру


.А.Ысқақов сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен жалғастырып,селдестіріп тұратын тұлға және сөздердің жалғауларды қабылдау өзгерту жүйесін сөздердің септелуі немесе септеу деп атау керек дейді.


1967 ж қазақ тілінің грамматикасында 1 том.септелу деп сөздердің сөйлем ішінде өзге сөздермен дәнекерлесу үшін септік жалғауларын қабылдап ,грамматикалық тұрғыдан өзгеріске түсуін айтамыз.


С.Исаев септік жалғауларына зат пен оның іс-әрекеиі я зат пен заттың арасындағы субьектілік,обьектілік меншіктілік,қатыстық,мекендік,мезгілдік,көлемдік,амалдық,құралдық,себеп,мақсаттық сияқты қатынастарды білдіріп,заттық мән үстеп тұратын түрлену тұлғасы деген анықтама берген.


Жалпы қазақ тілінде 7 түрі бар.Септелудің екі түрі:Жай септеу


Тәуелдік септеу(тәуелденіп барып септелуі)

1.Атау септік кім ? Не?


2. Ілік септік кімнің? Ненің?(ның нің дың дің тың тің)
3.Барыс септік кімге? Неге? Кайда?(ға ге қа ке а е)
4.Табыс септік. Кімді? Нені?(ды ді ты ті ны ні н)
5.Жатыс септік кімге ? Неге ? Қайда? (Да де та те нда нде)
6.Шығыс септік кімнен? Неден? Қайдан (дан ден тан тен нан нен)
7.Көмектес септік кіммен? Немен?(мен пен бен)

Қазақ тілінде септік залғаулар өзіне тән грамматикалық тұлғалар арқылы белгілі бір грамматикалық мағынаны білдіріп ,сөйлемде өзіне тиісті қызмет атқарады.Яғни Септелу парадигмасына тән грамматикалық мағынаның болуы,форманың және сөйлемдегі атқаратын қызметі.Септік түрлері осындай 3 түрлі сипаты арқылы бір жағынан жеке-жеке грамматикалық тұлға ретінде танылады,екіншіден бұлардың жиынтығы парадигмалық жүйе ретінде септік категориясын құрайды.


Атау септігі


Түркологияда да,Қазақ тілі білімінде де көп уақытқа дейін септік парадигмасында атау септігі басқа септіктерге негіз болатын тұлға деп келді.19 ғ орта кезеңінен бері жарық көре бастаған грамматикалардан бастап,күні бүгінге дейінгі зат есімнің септік жүйесіндегі бірінші септік түрі арнайы тұлғалық көрсеткіші жоқ,басқа септік түрлеріне негіз болатын тұлға,бір ғана мәнде емес кейде басқа септік түрлерінің (мысалы,ілік пен табыс)қолданылатын ерекшеліктері болғандықтан,атау септік деп атаудан гөрі негізгі немесе белгісіз я обсалютті кейде қосымшасыз я түбір немесе аморвты септік деп атау керек.

Қазақ тіл білімінде атау септігі басқа септік түрлерінің орнына жұмсала алады деген пікірдің қате екендігі көрсетіледі.Мысалы; Нан жедім.нені деген сұраққа деген жауап беріп тұр.


Себебі бір жай сөйлемде екі атау септігінде тұрған сөз тұруы мүмкін емес.

Қазіргі қазақ тілі грамматикасында 1967 жылғы:сырт қарағанда септік жалғау қатарында аталып,отырғаны болмаса ,атау септігінің арнайы жалғауы жоқ.Дұрысында атау септігі септік жалғауын қабылдамай тұрғандағы күйі.Оны атау септік деп септік жалғауының басына қою,өзге септік жалғауларының грамматикалық табиғатын тани түсу үшін аса қажет.Ойткені,ьарлық сертік жалғауларына негіз болатын осы атау күйінде берілетін сөз .


А.Ысқақов атау септік формасы біржағынан басқа септік формаларын мағыналарын салыстырып,ажырату үшін қабылданған негізгі форма болса,екінші жағынан ол тек белгілі бір затты атау үшін емес одан әлдеқайда кең грамматикалық қызмет атқаратындықтан арнайы талданатын негізгі форма деп қаралады.Осыған орай негізгі септік деп аталуы керек дейді.


Қазақ тіл білімінде атау септік тұлғасы септік жүйесінде басқа септік түрлерімен тең деңгейде емес оларға немесе басқа септік тұлғаларын үстеуге негіз болатын тұлға .демек зат есімнің түбір тұлғасы деген ұғыммен пара-пар түсіндіріледі.Ең алдымен атау септік басқа септік түрлерімен білдіретін грамматикалық мағынасы сипаты,атқаратын қызметі жағынан теңдес,сыбайлас,ыңғайлас болмай тек басқа септік түрлеріне негіз болатын ғана болса ,онда атау септігі септіктер жүйесінің бір түрі ретінде ене алмайтындығын түсінуіміз керек.Яғни белгілі бір парадигмалық түрлену жүйесіне негіз болатын тұлға ол жүйенің шеңберінде тұрады.Екіншіден,атау септік тұлғасын басқа септіктерге негіз болатын тұлға деп қарайтын болсақ, онда атау септік ұғымы зат есімнің түбір тұлғасы деген ұғыммен пара-пар болады.Сөйтіп тек ғана септік түрлеріне ғана емес сонымен бірге зат есімнің басқа түрлену жүйесіне(мәселен , тәуелденуге немесе көптелуге)негіз болатын тұлға болатынын естен шығармаған жөн.Онда ол септік жүйесі шеңберінен сырт қалуға тиіс.Атау септігінің басқа септік түрлері сияқты арнайы гр көрсеткіші жоқ .Сондықтан да атау септігі зат есімнің түбір тұлғасымен сәйкес ,ұқсас келеді.бірақ екеуі бір емес.Атау септігінің өзіне тән арнайы грамматикалық формасы болмағанмен ,зат есімнің түбір тұлғасынан өзгеше болады,басқа септік түрлері білдіретіндей арнайы грамматикалық мағынасы болады және сөз арқылы формасыз атау септік тұлғасы басқа септік тұлғалары сияқты семантикалық мән және синтакчистік қызмет атқарады.Міне осы қасиеттері арқылы атау септік қазақ тілінің септік жүйесінде септіктердің басқа жүйесімен тең дәрежеде қолданылады ,парадигмалық түрленудің бір кқрсеткіші болып табылады.


Қазақ тілі грамматикасында көрсетіліп жүргендей атау тұлғасындағы сөздің баяндауыш ,анықтауыш болу қызиеттері кейбір септеулік шылаулардың тіркесуі атау септігіндегі емес одан бүтіндей бөлек зат есімнің түбір тұлғасы болып табылады.Баяндауыш қызметін атқарып тұрған зат есім еш уақытта атау септігінде тұрмайды.Ол жіктелген нөлдік форма.Ал жіктелген зат есім субстаттивтік мәннен гөрі номиналдық мәнді білдіруге яғни субьектінің кім екенін білдіруге айналады.тағы да бір ескеретін жайт,есім баяндауыштар тек ғана зат есімнен болып қоймайды сан есімнен де сын есумнен де болатындығын ескеруіміз керек.Анықтауыштағы қатынаста септеулік шылаулардың тіркесуі арқылы қолданылуы,атау септігінен өзгеше зат есімнің түбір тұлғасы болып табылады.


Ілік септік
Ілік септіктің білдіретін басты мағынасы грамматикалық меншіктілікті ,иелікті ,қатыстықты көрсетеді.Ілік септіктің білдіретін меншіктілік мағынасы иелік ,таза меншіктілік сол сияқты органикалық таза байланысты(мұнайдың қалдығы,еттің көбігі)туыстық(баланың ағасы)бүтіннің бөлшегін(кітаптың беті,үйдің терезесі)Заттар арасындағы тәуелдік қатынасты білдіреді(судың сылдыры)сапалық қасиетті (аттың жүйрігі)белгілі бір қасиеттің артықшылығын,ерекшелігін көрсетеді(жігіттің жігіті)жалпы ілік септіктегі сөз тәуелдік жалғаулы сөзбен анықтауыштық қатынаста байланысып отыр.Яғни ілік септік тұлғасының бір ерекшелігі ол өзі жалғанған сөзді тәуелдік жалғаулы сөзбен байланысып тұруын талап етеді.сөйтіп бұлардың арасында үш жақты байланыс матасу пайда болады.

Түркодогияда зат есімнің ілік септік тұлғасымен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысын изафет деп атайды.Яғни ілік септік тұлғасымен тәуелдік жалғаулы қосымша тұратын болса мысалы досымның хаты бұны изафет 3 деп таниды.Ал ілік септік тұлғасынсыз конструксмяны изфет 2 деп атайды.Ал жалғаусыз тіркесті изафет 1 деп атайды қол сағат,жібек орамал.


Септік жалғауларының грамматикалық және көлемдік болып бөлінуі.


Түркологияда септік жүйесін 2 ге бөліп қарастырылады.Дегенмен ғалымдар қазақ тілінде бұл қолданыстық жоқ екенін айтады.Дегенмен,С.Исаевтің еңбегінен бұл қолданысты көреміз.
Білдіретін мағынасына атқаратын қызметіне қарай атау,ілік,табыс септік жалғаулары арқашан заттық мәнде жұмсалады,бір ғана қызметте жұмсалады сөйьіп зат есімнің таза гр формасы ретінде танылып грамматикалық септік болып табылады.
Барыс,шығыс,жатыс, көмектес септіктері заттық мағынамен қоса адвербалдық мағынада да жұмсалады.Мысалы барыс септігіндегі тұрған сөз жанама толықтауышпен қоса пысықтауыштың да қызметін атқарады.Айталық.Кітапты Мафтунаға бердім(жанама толықтауыш)
Ауылға машина кетті(пысықтауыш)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет