Демек стилистика мен тіл мәдениетінің арақатынасын айқындау маңызды мәселеге жатады. Стилистиканың қарастыратын негізгі мәселелері жоғарыдағы айтылған жайлар болса, тіл мәдениетінің арқауы – тілдік құрылымның жарасымдылығы. Проф. Б.Н.Головиннің өте дұрыс атап көрсеткеніндей, тіл мәдениетінің өзіне тән дәлдік, дұрыстық, тазалық, байлық, мәнерлегіштік, қисындылық, әдептілік тәрізді сапалары болады, өзіндік категорияларға ие Ал зерттеу хронологиясы жағынан стилистика мәселелерінің тіл мәдениеті мәселелерінен әлдеқайда ерте қолға алынғаны белгілі. Айталық, стилистиканың алғашқы элементтері ертедегі Греция мен Римнен, одан кейін Еуропа мен елдерінен бастау алғаны тіл тарихынан мәлім, ал тіл мәдениеті мәселелерінің қарастырылуы кейінгі жылдардың жемісі. Қысқасы, өзіне тән категориялары мен белгілері бола тұра, тіл мәдениеті стилистикамен тығыз байланыста ғана дами алатын, стилистиканың жетістіктерін пайдалану нәтижесінде өсетін ғылым саласы болса керек. Тілдік құралдарды орнымен, мақсатқа сай жұмсай білу – тіл мәдениетіНІҢ НЕГІЗІ.

Пайдаланатын әдебиеттер
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2006.
2. Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқытудың методикасы. А., 1985.
3. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.
4. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2006.
5. Мұсабекова Ф. Қазақ тілі стилистикасының мәселелері (методикалық талдау) А., 1979.
6. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А., 1984.