№1 ДӘріс стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасу, дамуы



бет1/6
Дата01.10.2024
өлшемі0,68 Mb.
#146341
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1- дәріс. Қазақ тілінің стилистикасы.

№1,2 ДӘРІС Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасуы, дамуы. Стилистиканың негізгі ұғымдары мен категориялары.

ЛЕКТОР: pHd ДОКТОР, АҒА ОҚЫТУШЫ

Дюсембина Гулсамал Ерболқызы

Стилистиканың жалпы мәселелері

  • 1. Стилистиканың анықтамасы, лингвистикалық пән ретінде қалыптасуын зерттейтін мәселелері, алдағы міндеттері, оны оқытудың маңызы.
  • 2. Стилистиканың жалпы тіл білімінде, оның ішінде қазақ тілінде зерттелу дәрежесі, ғылым саласы ретінде қазіргі дамуы туралы.
  • 3. Стилистиканың зерттеу нысаны, салалары, тіл біліміндегі алатын орны.
  • 4. Стилистика мен тіл мәдениетінің арақатынасы. Әдеби норма және стилистикалық нормалар.

Стилистиканың анықтамасы, лингвистикалық пән ретінде қалыптасуын зерттейтін мәселелері

  • Стилистика – ең алдымен, стиль туралы ғылым.
  • Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принцептерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады. Бұл ретте әсіресе, тіліміздегі синонимдер мен оның варианттары көбірек пайдаланылады.
  • Стилистика (лингвистикалық стилистика, лингвостилистика, жалпы стилистика) – тіл білімінің бір саласы. Стилистика тілдің көркемдегіш амал-тәсілдерін, тілдің жұмсалу аясының түрлі қоғамдық салаларда қолдануын, қатысымдық әрекетінің функциясын атқарады.
  • Стилистика мәселесі – өте күрделі өзінің функционалдығымен қарым-қатынас әрекетіндегі тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін ретке келтіретін сала. Стилистика коммуникация процесіндегі тілді пайдаланудың заңдылықтарын зерттейді. Стилистика түрлі қоғамдық салаларда тілдің амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызметті оқып үйретеді.

Стилистика ғылымының Зерттелу жайы

  • қазақ тіл білімінде стилистика мәселелерін зерттеуге жаңа-жаңа көңіл бөліне бастады. Қазақ тілі стилистикасының мәселелері арнайы зерттеу нысаны бола алмай келді. Сонда да қазіргі қазақ оқулықтары мен оқу құралдарында және көркем шығарма тілі жайында жазылған еңбектерде тіліміздің кейбір стильдік құбылыстары жайында жазылған азын-аулақ пікірлерді кездестіруге болады. Орыс тіл білімінде стилистика мәселелерінің зерттелуі ХХ ғасырдың 50-жылдардың ортасында қолға алынып, функционалды стилистика деген ғылым саласы пайда болып, оны тілдің коммуникативтік, эстетикалық қызметімен, қолданылу мәселелерімен тығыз байланыста қарастыра бастады. Солардың ішінен А.М.Пешковский, Л.В.Щерба, В.В.Виноградов, Г.В.Винокур, А.Н.Гвоздев, А.И.Ефимов, В.П.Мурат сияқты зерттеушілердің еңбектерін атауға болады.

Қазақ тілі стилистикасына жанама қатысы бар зерттеулер өткен ғасырдың 30-40 жж. көріне бастады, негізінен, оларда аударма мәселесі және көркем әдебиеттің тілі, стилі сөз болады. Мұндай саладағы зерттеулер өткен ғасырдың соңғы жылдары кең өріс алды, әдеби тілдің ерекшеліктеріне баса көңіл қоя бастады.
-Фольклордың тілі – Н.Адамбаева, Е.Жұбанов, Т.Қордабаев;
- Абай тілі - Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, Р.Сыздықова;
- М.Әуезовтің тілі – М.Балақаев, К.Аханов, Е.Жанпейісов, М.Серғалиев;
- Ғ.Мүсіреповтің тілі – М.Серғалиев, Б.Шалабай т.б. ;
- Ә.Кекілбаев, М.Мағауин тілі – Р.Сыздықова және т.б.
Ғылым Академиясының "Вопросы языкознания" журналы ұйымдастырған екі жылдық дискуссия материалдарына байланысты қазақ тілі стилистикасы да көптеген мәселелерді қарастыра бастады, сөйтіп стилистикалық зерттеулер жарық көре бастады. Мұндай ізденістер функционалды стилистика мен тіл құралдары стилистикасының проблемларын зерттеуді мақсат етеді.
Мәселен, кейбір еңбектер:
    • - қазан төңкерісіне дейінгі баспасөз тілінің (Б.Әбілқасымов),
    • - кеңес дәуіріндегі баспасөз тілінің (С.Исаев),
    • - қазақ ауызекі сөйлеу тілін (Р.Әмір),
    • - қазіргі кездегі баспасөз тілінің (О.Бүркітов, А.Алдашева, Б.Момынова),
    • - көркем әд. тілінің (Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, М.Серғалиев, Б.Шалабай


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет