1 дәріс тақырыбы. Білімнің ерекшеліктері мен оның қазіргі әлеуметтік –мәдени жағдайдағы рөлі. ҚР-дағы оқыту-тәрбиелеу процесі. Жоспар


Мұғалім мамандығының әлеуметтік педагогикалық мәні



бет17/40
Дата03.09.2022
өлшемі1,23 Mb.
#38389
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40
Байланысты:
лекции (1)

2. Мұғалім мамандығының әлеуметтік педагогикалық мәні
Атақты педагог-ғалым В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым - шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер- ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады»-деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі” деген екен. Демек, қазір мектеп алдындағы басты міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы шарт.
Мұғалімнің кәсіптік дәрежесін арттырудың жолдарын қарастыратын әлемдік педагогикалық ойларды жинақтай келе, ғалым Ш.Таубаев мынадай қорытынды жасаған: “Кәсіптік қызығушылық педагогкалық қызметті бағалауда, білуге деген қажеттіліктен туындайды, ал ол жоғары кәсіптік қажеттілікке тек мұғалімнің жеке өз басының ұмтылуы арқылы ғана айнала алады”. Осы бағытта қазіргі таңда мұғалімдерге мынадай әдістемелік талаптар қойылады:

  1. Педагогикалық - психологиялық деңгейін көтеру.

  2. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын, әдістемелер мен тәсілдерді зерттеп, меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысына қолдана білу.

3. Өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс атқаруға ынталандыру, қажетті жағдайлар туғызу, педагогтарды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету.
4. Авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар, мақалалар ізденістер жасауға ұмтылдыру, қызықтыру, ынталандыру және ондай мұғалімдерге қолдау көрсету.
5. Педагогтардың жұмысында еңбекті ғылыми ұйымдастыруда әр мұғалімнің күнделікті ісіне енгізу.
Педагог кадрлардың өзін-өзі анықтауының негізгі мазмұны олардың жалпы педагогикалық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және мәдени даярлығының табиғи бірлігі болып табылады.
Осы айтылған мәселелерден алдымызға қойып отырған оқушылар білімінің мемлекеттік талапқа сай болуын қамтамасыз ету, стандарт деңгейін анықтау проблемасының өзектілігі мен білім беру сапасынын арттыру міндеттері шығады.
Жақсы педагог-оқытушы - қазіргі таңда қоғам үшін аса қымбат қазына болып есептелмек. Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті қазақстанның қарышты экономикасы десек те, жақсы экономикадан демеу алатын, қуатты әлеуметтік мемлекеттің қабілетті халқы үшін де ең қажеттісі – білімділік.
Білімді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына бағыт-бағдар беріп және логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіріп жүрген мұғалімдеріміз баршылық. едагогикалық мамандықтың мәні оның өкілдері арқылы жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекет негізінен көрінеді. Бұл әлеуметтік әрекеттің ерекше түрі, ол жинақталған мәдениет пен тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беруге және қоғамда нақты әлеуметтік роль орындауға даярлық негізінде жеке бастың дамуына жағдай тудыруға бағытталған.
Бұл іс-әрекетті педагогтар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, өнеркәсіп пен мекемелердің жетекшілері, өндірістік және басқа топтар, жалпы ақпарат құралдары жүзеге асырады. Бірақ, ең бірінші іс-әрекет – ол кәсіби әрекет, яғни педагог арқылы жүзеге асырылады, ал қалғандары – жалпы педагогикалық болып табылады. Педагогикалық іс-әрекет кәсіби әрекет сияқты арнайы қоғам ұйымдастырған білім беру мемкемелерінде: мектепке дейінгі мекемелер, мектептер, кәсіби-техникалық училищелер, орта арнаулы және жоғары оқу орындары, қосымша білім беретін мекемелер, біліктілікті жоғарылату, қайта даярлауда үлкен орын алады.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсіну үшін оның құрылымын талдау қажет, ал оның өзін мақсат, мотив, әрекет (операция), нәтиже бірлігінде қарау керек.Іс-әрекеттің, оның ішінде педагогикалық іс-әрекеттің жүйелі сипаттамасы мақсат болып табылады(А.Н.Леонтьев).
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсатын жүзеге асырумен тығыз байланысты. Бұл жалпы стратегиялық мақсат әр түрлі бағыттағы тәрбие мен оқытудың нақты міндеттерін шешуге бағытталған.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты – тарихи құбылыс. Ол әлеуметтік даму тенденциясының көрінісі ретінде өңделіп қалыптасады, адамның рухани және табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып талап қояды. Онда бір жағынан, әр түрлі әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылығы болса, екінші жағынан – жеке тұлғаның қажеттілігі мен бағыты көрінеді.
Тәрбие мақсатының проблемасына А.С.Макаренко көп көңіл бөлген, бірақ оның бірде-бір еңбегінде жалпы анықтамасы жоқ. А.С.Макаренко жеке тұлғаны педагогикалық жобалауға жақын болды, ал педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын жеке тұлғаның даму бағдарламасынан және жеке ерекшеліктерін коррекциялаудан көреді.
Педагогикалық іс-әрекет мақсатының негізгі объектісі тәрбиелеуші орта, тәрбиеленуші іс-әрекеті, тәрбиелеуші ұжым және тәрбиеленушілердің жеке дара ерекшеліктері болып табылады. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын жүзеге асыру әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді шешумен байланысты, атап айтқанда тәрбие ортасын қалыптастыру, тәрбиеленуші іс-әрекетін ұйымдастыру, тәрбие ұжымын құру, жеке тұлғаны дамыту.Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты – динамикалық құбылыс. Оның дамуы мынадай, қоғамдық даму тенденциясы ретінде пайда болып, педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны, формасы, әдістерін қоғам қажеттілігіне сәйкестендіріп, жеке тұлғаның өз бетімен және социуммен дамуын қамтамасыз етеді.Педагогикалық іс-әрекеттің барлық қасиеттері көрінетін негізгі бірлігі ол мақсаты пен мазмұнның бірлігі, яғнипедагогикалық рекетболып табылады. Педагогикалық әрекет түсінігі педагогикалық іс-әрекеттің барлық формаларына (сабақ, экскурсия, жеке әңгіме т.б.) тән. Мұғалімнің педагогикалық әрекеті ең алдымен танымдық міндет формасында көрінеді. Өз біліміне сүйене отырып, теория жүзінде өз әрекетінің құрал, пән, нәтижесін салыстырады. Педагогикалық міндеттердің ерекшеліктерін жүзеге асыру ол оңай емес. Олар ойлауды, фактор, жағдайларды талдауды талап етеді. Сондықтан, педагогтың шығармашылығы жаңа педагогикалық міндеттерді шешуді іздестірумен байланысты.
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері.Тұтас педагогикалық процесте жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері оқыту (преподавание) және тәрбие жұмысы болып табылады.
Тәрбие жұмысы–жеке тұлғаның жан-жақты даму міндетін шешу мақсатында тәрбие ортасын ұйымдастыру мен тәрбиеленушілердің әр түрлі іс-әрекетін басқаруға бағытталған педагогикалық әрекет. Ал оқыту – ол оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға бағытталған тәрбие әрекетінің түрі.
Білім беру мазмұнының проблемасымен айналысатын ғалымдар (В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б.) оқытудың білім мен іскерлік компонеттерінен басқа, адамның оқыту процесінде игеретін шығармашылық әрекет тәжірибесін және қоршаған ортаға деген эмоционалды-бағалы қатынасын жатқызады. Оқыту мен тәрбие жұмысының бірлігінсіз білім беру элементтерін жүзеге асыру мүмкін емес. Біртұтас педагогикалық процесс – ол «тәрбиелеп отырып оқыту» мен «оқыта отырып тәрбиелеу» бірігетін процесс (А.Дистервег).
Оқыту прцесінде ерекше орын алатын оқыту әрекеті мен тұтас педагогикалық процесте жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын салыстырып өтейік.
Кез келген ұйымдастыру формасы сияқты, оқыту да уақытты, нақты мақсатты, оған жету варианттарын қажет етеді. Оқытудың тиімділігінің маңызды критерийі оқу мақсатына жету болып табылады.
Ал тәрбие жұмысы кез келген ұйымдастыру формасы ретінде нақты мақсатқа жетуді талап етпейді. Тәрбие жұмысында мақсатқа бағытталған нақты міндеттерді алдын-ала көруге болады. Тәрбие міндеттерін шешу тиімділігінің маңызды критерийі эмоция, мінез-құлық, іс-әрекетте көрінетін тәрбиеленушілер санасының өзгеруі.
Оқыту логикасын нақты түрде бағдарламалауға болады, ал тәрбие жұмысында жоспарлауға қоғамға, еңбекке, адамдарға, ғылымға, табиғатқа, заттарға, қоршаған орта құбылыстарына, өз-өзіне қатынасы кіреді. Оқу мақсаты іс-әрекетпен анықталады, яғни оқушының танымдық әрекетін тудырып, бағыттау.
Оқыту процесіндегі оқушылар іс-әрекетінің тиімділігінің критерийі – білім мен іскерлікті игеру, танымдық және практикалық міндеттерді шешу тәсілдерін меңгеру, дамудың алға жылжу деңгейі болып табылады. Оқушылар әрекетінің нәтижелері оңай көрініп, сапалық және сандық көрсеткіштермен реттеліне алады.
Тәрбие жұмысында мұны көрсету өте қиын. Дамушы жеке тұлғада педагогтың іс-әрекет нәтижесін көрсету өте қиын. Тәрбие жұмысында уақытымен кері байланысты бекіту мүмкін емес.
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері кез келген мамандықтың педагогының іс-әрекетінде, яғни оның оқыту және тәрбие жұмысында көрінеді. Мысалы, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде өндірістік оқыту мастері іс-әрекетінде екі міндетті шешеді: қазіргі технология талаптарын және еңбекті ұйымдастыра отырып білім, дағды, іскерліктермен қаруландыру, білікті жұмысшыны дайындап шығару. Сондықтан болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау мақсаты біртұтас педагогикалық процесті басқаруға даярлауды қалыптастыру болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымыН.В.Кузьмина педагогикалық іс-әрекет құрылымында бір-бірімен тығыз байланысты 3 компонентті көрсетеді:
1. құрылымдық,
2. ұйымдастырушы,
3. коммуникативті.
Педагогикалық іс-әрекеттің бұл түрлерін нәтижелі жүзеге асырудаіскерліктер мен қабілет қажет.
Құрылымдық әрекетүшке бөлінеді:құрылымдық-мағыналы (оқу материалын таңдау, педагогикалық процесті жоспарлау және құру),құрылымдық-оперативті (өз әрекеті мен оқушылар әркеетін жоспарлау),
құрылымдық-материалды (педагогикалық процестің оқу-материалды базасын жобалау).
Ұйымдастырушы әрекетоқушылардың әр түрлі іс-әрекетпен
айналысып, ұжым және біріккен іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған әрекеттер жүйесін орындау.
Коммуникативті әрекетпедагогтың тәрбиеленушілермен, мектептің
басқа педагогтарымен, қоғамның өкілдерімен, ата-аналармен педагогикалық қатынас орнатуға бағытталған әрекет.
А.И.Щербаков құрылымдық, ұйымдастырушылық және зерттеушілік компоненттерді жалпы еңбек функцияларына жатқызады, яғни олар кез келген әрекетте көрініс береді. Бірақ ол педагогикалық процесті жүзеге асыру кезеңінде мұғалімнің функциясын нақтылап, педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырушы компоненттерінеақпараттық, дамытушы, бағдарлы,мобилизациялықкомпоненттерін біріктіреді. Бұл жерде зерттеушілік функцияғааса көңіл бөлу қажет. Зерттеушілік функцияны жүзеге асыру мұғалімнен педагогикалық құбылыстарға ғылыми тұрғыдан қарауды, эвристикалық ізденуді, ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін игеруді, өзінің және басқа мұғалімдердің тәжірибесін талдауды талап етеді.
Педагогикалық әрекеттің құрылымдың компоненті өз ішінде аналитикалық, болжамдық және жобалау болып бөлінеді.
Іс-әрекеттің барлық компоненттері, функциялары кез келген педагог маманның жұмысында көрінеді. Оларды жүзеге асыру педагогтан арнайы іскерлігін талап етеді.
Өз өзін бақылауға арналған тапсырмалар мен сұрақтар:
«Педагогтың қызметін қалай елестетесіз» атты шағын шығарма жазу.
Педагогтың мамандық шеберлігі неде, оны қалай түсінесіз, осы тақырыбқа реферат дайындап әкелу.
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі құрылымын бөліп көрсет?
Педагогикалық іс-әрекетте педагогтың орыны?
Педагогикалық іс-әрекет – оқыту-тәрбиелеу үрдісі араларындағы айырмашылығы, түсіндіріп, мысалдар келтір.
Қазақстанда мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-әрекеті және оны осы іс-әрекетке даярлау мәселесіне Н.Д. Хмельдің докторлық диссертациясы мен монографиясы, сондай ақ оның Л.А. Ивахновамен және Н.Н. Ханмен бірлесіп жазған бірнеше оқу құралдары арналған
Н.Д. Хмель мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің субъектісі оқушы емес, педагогикалық процесс деген идеяны басшылыққа алып, берілген іс-әрекеттің және мұғалімді оған даярлаудың теориясын құрды. Л.А. Ивахнова мен Н.Н. Хан аталған теорияға сүйене отырып, мұғалімнің дидактикалық даярлығын қалыптастыру мәселесін шешіп, оның негізінде педагогикалық ЖОО-да болашақ мұғалімдерді дайындау әдістемесін жасады
Қазақстандық ғалым-педагогтардың аталған еңбектері бізге мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымын анықтауға және оны берілген іс-әрекетке даярлаудың моделдерін жасауға мүмкіндік берді.
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігіне арналған шетелдік ғылыми әдебиеттерге жасалған талдау кәсіби-педагогикалық құзіреттілік ұғымы былай анықталатындығын көрсетеді: кәсіби-педагогикалық құзіреттілік - теориялық білімдермен және адамгершілік құндылықтармен қамтамасыз етілген педагогикалық іс-әрекетке даярлық, мұғалім құзіреттілігінің құраушысы болып табылатын ізгілік принциптері, зерттеу жүргізу немесе оған қатысу қабілеті .
Америкалық ғалым-педагог Л.Шульман 1987жылы pedagogical content knowledge (педагогикалық контенттік білімдер) терминін енгізді. Бұл педагогикалық жағдайларды және оқушылар іс-әрекетін ұйымдастыру үшін қажетті білімдер (content knowledge) мен дағдылардың (pedagogic skills) үйлесімді көлемін біріктіруге мүмкіндік берді. Л.Шульман білімдердің педагогикалық контентін «контенттің мұғалім (teachability) жұмысына қатысты аспектілерін біріктіретін контенттік білімдердің ерекше формасы ретінде қарастырады»
Мұғалімдер пәндік (мысалы, физикалық) және педагогикалық білімдерін өзінің күнделікті кәсіби іс-әрекетінде білімдердің контентінде біріктірулері тиіс.Педагогикалық контенттік білімдер оқушыларды не ынталандыратынын, оқушылардың әртүрлі пәндерге, оқуға және оқытуға қатыстарын не анықтайтынын біледі; когнитивтік дамуына ықпал етеді.
Ресейде мұғалім даярлығының мазмұнын зерттеудің бірнеше бағыттары қалыптасқан.
Бірінші бағыт мұғалімнің теориялық білімдерінің мазмұны мен жүйесін, сондай ақ оқу-тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру үшін қажетті педагогикалық іскерліктер мен дағдылардың тізімі анықталған профессиограманы зерттеп әзірлеумен сипатталады .
Екінші бағыт іс-әрекеттің жалпы теориясын басшылыққа алып мұғалім іс-әрекетінің келесі құраушыларын ажыратады: гностикаклық, жобалаушылық, конструктивтік, ұйымдастырушылық және коммуникативтік.
Н. В. Кузьмина педагогикалық жүйе ұғымын енгізе отырып, оның құрылымдық құраушыларын ғана емес, сонымен бірге педагогикалық іс-әрекеттің функциональдық құраушыларын да ажыратады. Осы модельдің шегінде келесі бес құрылымдық құраушыларды ажыратады:
1) педагогикалық ықпалдың субъектісі; 2) педагогикалық ықпалдың объектісі 3) олардың бірлескен іс-әрекетінің пәні; 4) оқытудың мақсаттары және 5) педагогикалық қарым-қатынас құралдары .
Н.В.Кузьмина мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінен аталған бес құраушыны ажыратып, олардың әрбірімен тиісінше іскерліктер жүйесінің, демек педагогикалық мәселелер жүйесінің келесі бес құраушысын, байланыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет