1. Дәріс тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері. «Әдебиет- сөз өнері»


-8-дәрістің тақырыбы: Лирикалық шығармаларды орта және жоғары



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата18.10.2023
өлшемі0,5 Mb.
#118769
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
ҚӘОӘ лекция

7-8-дәрістің тақырыбы: Лирикалық шығармаларды орта және жоғары 
сыныптарда оқыту мен талдау 
Лириканы оқытудың оз заңдылығы бар. Оның интонациялық, синтаксистік, 
фонетикалық ерекшеліктері мәнерлеп оқу үстінде ашылады. Лириканы мөнерлеп оқу 
оның табиғатынан туындайды. Мәнерлеп оңудың өзіндік шартары бар. Солардың бірі - 
кідіріс. Оның үш түрі бар: 
Грамматикалық кідірістің (бұл кейде өлең аралық немесе тасымал кідірісі деп те 
аталады) эмоциялылығы жоғары. Бұған әр сөзді бөліп, ашық, түсінікті, тыныс белгілеріне 
орай кідіріп оқу жатады. 
Логикалық кідіріс. Бұл - табиғи кідіріс. Мұнда шығарманың мән-мағынасына орай, 
сол шығарманың идеясын ашатын жекелеген создерге салмақ түсіріледі. Бүл кезде тыныс 
белгілеріне онша назар аударылмайды. 
Психологиялық кідіріс. Мүнда жеке сөздерге, сөз тіркестері мен тармақтың әсеріне 
көбірек салмақ түсіріледі. Бұл кідіріс арқылы лирикадағы негізгі ой ашылады. Яғни, 
қуану, шаттану, толғаныс, өкіну, сағыну, кекету және басқа көңіл- күй беріледі. 
Лириканың жекелеген компоненттерін таныту әдебиет сабағындағы басты мәселе. 
Оларға тақырып, идея, образ, композиция, сөз, тіл жатады. Ең алдымен лири-каның 
тақырыбы ашылады. Мәселен, Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жүртым» өлеңінің 
тақырыбы -үстем тап билеген замандағы өмір қайшылығы, ал идея-сы орта тартысының 
шындығын ашу, заман келбетін шынайы беру. Ел жүртының қамын ойлап, кем кетігін 
түгелдеудің жолын қарастырып, өмір шындығын бүрке-мелемей, ашық көрсеткен ақын 
ішкі жан дүниесін тол-қытқан, ашындырған мәселені жайып салады. Осы ойын беруде 
ақын қолданған амал-тәсілдерді айқындап, тіл өрнегін талдау керек. 
Мәселен, Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескер-медім» (14жол) өлеңін талдап 
көрейік. Өлең мәтінін толық келтірейік. 
Жасымда ғылым бар деп ескермедім, 
Пайдасын көре тұра тексермедім. 
Ержеткен соң түспеді уысыма, 
Қолымды мезгілінен кеш сермедім. 
Өлең мәнерлеп оқылғаннан кейін, мәні ашылады. Мәнерлеп оқыған кезде тиісті 
кідірістің түрлерін қолданамыз. Абайдың бұл өлеңі баяу, салмақты үнмен оқылады. 
Ақынның оқу-білімнен кеш қалып қойған-дағы өкініші кезінде психологиялың («жасымда 
ғылым бар деп ескермедім, 
ержеткен соң түспеді уысыма, қолымды мезгілінен кеш сермедім, бұл махрұм 
қылмағыма кім жазалы») кідіріс қажет. Оның құрылымы үш түйінді ойдан тұратындығы 
айтылады. Олар: 
- ақын өкінішінің себебі (алты жол); 
- баласын оқуға беру (төрт жол); 
- өзі туралы (төрт жол). 
Осыдан соң мынадай сұрақтар қойылып, өлең мәнін аша түсуге болады: 


1. Ақын неге өкініш етті? 
2. Ақын баласын қандай оқуға берді? 
3. Ондағы мақсаты не? 
4. Сол кездегі оқу туралы шектеулі түсінік қандай еді? 
5. Аңынның оқуға насихаттағандағы мақсаты не? 
6. Ақынның өзі туралы ойы қандай? 
Өлең мәтініндегі «махрұм», «қызмет қылу», «шен алу», «қарасөзге дес бермеу», 
«басқа шауып төске өрлеу» деген сөздерге түсінік беріледі, мағынасы айқындалады. 
Жазушы М.Әуезовтің: «Көркемөнер - біздің ішкі дүниемізге, жан жүйемізге әсер етіп, 
адамдық қалпымызды тәрбиелейді» дегені еске түсіріледі. Әрбір көркем мөтін оқушының 
танымдық біліктілігін қалыптасты-рып, эстетикалық деңгейіне қозғау салады. Осы өлең 
арқылы жастар оқу-білімге деген көзқарасын, ғылымның мәнін, қоғамға, адамзатқа 
пайдалы болып, игілікті істер атқаратындай, азамат болу керектігін түйсінеді. 
Осы ой Абайдың басқа да өлеңдерінде жалғасатындығы айтылады. Қазіргі кездегі 
«ғылым», «білім» сөздерінің мағынасы ашылып, оқу-білімнің пайдасы ұғындырылады. 
Абай өлеңдерін оқытудың өз ерекшелігі бар. Олар шағын лирика ғана емес, 
көбісінде эпикалық сипат ба-сым. Сондыңтан Абай өлеңдерін оқуға үлкен дайындық-пен 
кіріскен жөн. Ол үшін Абайдың өмірі, өскен ортасы туралы мәліметтерді кірістіріп, Абай 
жасаған заманның ерекшелігін түсіндіре кету керек. Осы тұста М.Әуезовтің «Абай 
жолынан» үзінділер келтіріп, оқушыларды көлемді шығарма оқуға дайындай беру керек. 
Мәселен, Абайдың шығармасына үлкен жаңалың қосатын өлеңі -«Интернатта оқып жүр». 
Бүл өлеңде сыншылдың та көп, қоғамы үшін жаны ашушылық та байңалады. Жаңа буынға 
басшы болған Абай патшаның билік жүйесіне терең сын айтады. Қазақ баласының ендігі 
талаптанатыны тек орыс оқуы болу керектігін Абай бұрын да айтқан. Алайда екі түрлі оқу 
бар: бірі патшаға қызмет қылатын шала оқу; екіншісі толық адам болуға бастайтын терең 
оқу. Ақын бірінші оқуға баратын баланың халңы үшін залалды адам болып шығатынын 
дәлелдейді. Абай жастарға «Сен арман еткен чиновник пен адвокаттарды Толстой, 
Салтыков Щедриндер қаншалыңты әшкерелегенін, сорақы кескіндерін әйгілеп 
бергендерін ойлаңдар!» дейді. Сөйтіп, Абай адам бойындағы қазынаның үлкені -білім 
екенін ескертіп, соған жетуге насихаттайды. Бүл тұста «Абай жолы» романындағы Абай 
мен орыс чинов-нигінің кітапханадағы кездесуін айтып кетуге болады. 
Поэзия қай дәуірде де адамның көңіл күйін, буырқанған, шабыттанған, күш жігерге 
шақырып, қайраттанған, рухтанған, өмірлік мұраттарға ұмтылған сәттерін бейнелі, көркем 
суретпен бере алған. Халқымыздың азаттықты аңсауы тек найзамен келе бермеген. Елдің 
намысын қайрап, рухын көтеруге өлең жырдың да себі тиген. Алаштың қайраткер түлғасы 
М.Шоқай: « Ұлттың төуелсіздік - отаршыл озбырлардың езгісінен, талан-таржысынан 
атамекеніміз бен халқымызды құтқару болып табылады», - деген. Өткен дәуірдің 
тоқсаныншы жылдарының орта тұсынан былайғы жыр өлеңдер не-гізінен, тәуелсіздікті 
жырлап, еркіндік деген үғым жаңа идеялық көркемдік сапада жырлана бастады. Мысалы, 
ел мен жер, атамекен, тіл мен дін, мемлекеттік рәміздер секілді таңырыптар желі тартып, 
өзіне дейінгі поэзия-да орныңқан дөстүрлерді жалғастырды. Мәселен, Иран-Ғайып, 
С.Тұрғынбеков, К.Ахметова, Е.Раушанов, Ғ.Қайырбеков, И.Сапарбай жырларында елдің 
егемендікке қол жеткізген сәті тебірене жырланып, оның баянды болуына деген тілек 
аңсарлары көрінеді. Ақындар төуелсіздікті жырлаудың ғасырларға кеткен жалғастығын 
дәнекерлеп, жаңа көркемдік ізденістерге, тың тақырыптың арналарға, биік күрескерлік 
рухқа қадам жасайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет