3-дәрістің тақырыбы: Әдебиеттік оқу курсы мен әдебиеттің тарихи курсы.
Мектептегі әдебиет пәнінің мазмұны мен құрылысы, өзіне тән ерекшеліктері,
оқыту принциптері
Әдебиеттің адамзат қауымы ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі. «Өнер алды-
қызыл тіл» деп, халық даналығы айтқандай, әдебиет сөз, тіл өнері.«Әр оқу пәні бойынша
меңгерілуге тиісті білім мазмұны мен мөлшерін, білік пен дағдыларды және оқу жылдары
бойынша бөлінген бөлімдер мен тақырыптардың мазмұнын анықтайтын құжат бағдарлама
деп аталады».
Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған бағдарламалар оқу пәнінің
белгілеу формасы болып табылады және білім мазмұнын нақты оқу үрдісіне енгізу үшін
жоспарланған мазмұнның іске асырылуы үшін қызмет етеді. Қазақ әдебиетін оқыту
әдістемесінің қалыптасу үрдісінде негізгі басымдылық бағдарламаға берілген. Қазақ
әдебиетін дербес пән ретінде оқыту 30 жылдардан басталып, 1932 жылы шыққан
бағдарлама әдістеме тарихындағы әдістемелік туынды болды. Қазақ әдебиетінен бірінші
оқу бағдарламасы ретінде тарихи маңіызды болып табылатын бұл құжат бағдарламалық
мазмұннан алыс, негізінен тізім түрінде көбіне қоғамдық, саяси тақырыптағы
туындылардан құрылған еді. Тек 1934 жылы ғана тарихи- әдебиетік жүйемен тізілген таза
әдебиет бағдарламасы жасалды. Алайда мұнда да көркем мәтіндерді оқытудың әдіс-
тәсілдері тиісті дәрежеде көрсетілмеді.
1937 жылдың желтоқсанында өткізілген тіл және әдебиет мұғалімдерінің
республикалық кеңесінде «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту сапасының жайы,
тұрақты оқулықтар мен программалар жасаудың мәселелері» талқыға салынып, соның
қортындылары бойынша 1937-1938 оқу жылында ана тілі мен қазақ әдебиетінің
программасы жасалынып, оның негізінде оқулықтар жазылды. Ү-Х сыныптарға арналған
бағдарламада әдебиетті мектепте оқыту , Ү-ҮІІ сыныптар үшін «Әдебиеттік оқу», ҮІІ-Х
сыныптар үшін «Тарихи әдебиеттік курс» деген атпен беріліп, екі сатыға салынып
көрсетілді. Мұнда әдебиетті оқыту әдістеріне біршама көңіл бөлініп, шығарманың
көркемдік-идеялық мазмұнын ұғындыруға бағыт алынды. Ал бағдарламаның әдістемелік
нұсқауларының кеңейтілуі 1941 жылы жетілдіріп шығарылған бағдарламада көрініс
тапты. Бұл бағдарлама бұрынғы бағдарламаларға қарағканда әдістемелік, білімдік
жағынан әлдеқайда сапалы екенін танытты. Сөйтіп, бұл бағдарлама 1947 жылға дейін
қолданылып келді.
Кезіндегі идеялогиялық мәселелерді қайта құру жөніндегі науқандық
шараларға байланысты 1947 жылы қазақ әдебиетінің жаңа бағдарламасы шыққанымен ,
оның саяси идеялық деңгейін қайта қарастырып, 1951 жылы жаңа бағдарлама жарық
көрді. 1952 жылғы шыққан бағдарламада оқытылатын көркем шығармаларды маркстік-
лениндік ғылым тұрғысынан қайта қарап, іріктеп енгізумен бірге, ол шығармаларды оқып
үйренудегі жұмыс түрлері , әдіс-амалдары көрсетілді.1950-1960 жылдардың арасында бұл
идеялогиялық нұсқаулардың біржола орнықтырылуымен байланысты 1954 жылы әдебиет
бағдарламасы жаңартылып басылып, оның басты бағыттары содан кейінгі бағдарламалар
негізінде сақталынып отырды.
Содан кейінгі қазақ әдебиетінің жаңартылған бағдарламасы 1967 жылы
басталып, 1972 жылы мектептердің жаңа бағдарламаларға көшуі қарсаңында, яғни 1972-
1973 оқу жылдарында біршама өзгертіліп шығарылды. Сонымен қазақ әдебиетін мектепте
оқыту үшін жасалынып келген оқу бағдарламаларының даму, қалыптасу жолын шолатын
болсақ, 1940-1990 жылдар аралығында уақыт талабына және үстем идеялогиялық саясат
ықпалынан кейбір түзетулер болып отырғанымен, негізі сақталып келгенін, оқу
бағдарламалары мен оқулықтардың тұрақтану қалпында болғанын айтуға негіз бар. Бұл
бағдарламалардың негізі ұстанымдарында тарихилық, партиялық, концентристік
(өрлемелі қайталаулар) ұстанымдар алынды. Осындағы концентристік ұстанымның
бүгінгі бағдарламаларға әлі де өзек болып отырғанын айта кету жөн. Бүгінгі оқу
бағдарламаларының негізінен партиялық ұстанымды алып тастағанымен бағдарлама
жасаудың қалған дәстүрлері мен қалған тәжіри бесі сақталып келе жатқаны мәлім.
Мектеп, колледж, университет - білім беру мекемелерінің ішіндегі үздіксіоқу
процесін жүргізетін мекемелер. Ондағы басты қызмет - оқу процесі. Ол жалпы айтқанда
оқушы мен мүғалімнің белгілі бір уақыт ішінде бірлесіп жүргізетін жүмысы. Оқу процесі
мектепте бір оқу жылын қамтиды, ол оқу жартыжылдықтары мен оқу тоқсандарына
бөлінеді. Ал, басқа білім мекемелерінде ол семестрге жіктеледі. Оқу процесін
үйымдастыруда оқу материалдарын жоспарлау, оны сабақта қабылда-туға, игертуге
жағдай туғызу - басты мәселе болады. Оқу процесін жоспарлауда екі мақсат көзделеді.
Біріншісі -бір қалыпты жүмысты үйымдастыру; екіншісі - пәнді оқытудағы жетістік,
кемшіліктерді бақылап, саралау, бағыт бағдарын айқындау. Мектептегі оқу процесінде үш
жоспар жүзеге асырылады:
- күнтізбелік;
- тақырыптық;
- сабақ жоспары.
Күнтізбелік жоспар - бұл бағдарламадағы тақырып-тардың оқу тоқсандарына жөне
апталарға жіктелуі. Оқытушы осы жоспар арқылы пәнді жүргізуге бағдар жасап, әрбір
сыныпқа байланысты оқу мақсатын бірқа-лыпты, жүйелі жүзеге асырады. Күнтізбелік
жоспар жасауда әр сыныптағы апталық сағат саны, сол жылдағы күнтізбенің ерекшелігі
(мереке күндері, демалыстар) ескерілу керек.
Такырыптық жоспар - бұл бағдарламадағы әрбір тақырыпқа белгілі мөлшерде
берілген сағатты тақырып-тың күрделі немесе жеңілдігіне қарай бөлу. Бүл жоспар
тақырыпты ретімен, мақсатты түрде өтуге көмектеседі.
Сабақ жоспары - бұл әрбір сабаққа күнделікті жаса-латын жоспар түрі. Ол
мүғалімнің сабақты жоспарлы, үйымдасқан түрде өтуіне бағдар береді. Ал, колледж жөне
университеттерде жүмыстық оқу жоспары жаса-лады. Ондағы тақырыптар дөріс,
машықтандыру, зертханалық, арнайы курстар мен семинарларда өтіледі.
Сабақ - белгілі бір сынып оқушыларын, топ студенттерін белгіленген бағдарлама
бойынша оқытудың негізгі формасы. Онда оқу материалын оңып үйрену, меңгеру жүзеге
асырылады. Ол үшін сабақтың нақты мақсаты болу керек. Сабақ - оқу процесінің ең кіші
бөлшегі бола отырып, оның мақсатын, мазмұнын жүзеге асырады. Сабақтың тақырыбы,
мақсаты, әдіс-тәсілі аныңталған-нан кейін, оның дидактикалық материалы жасалады.
Мектепте өткізілетін сабақтың қалыптасқан қүрылы-мыбар. Олар:
- ұйымдастыру кезеңі;
- үй тапсырмасын сұрау;
- жаңа материалды түсіндіру;
- сабақты бекіту, үйге тапсырма беру;
- оқушы білімін бағалау.
Сабақтың бөліктеріне уақыт белгіленеді. Сабақ үстінде оқушылардың білім
дағдылары қалыптасады. Сабаңтың ойдағыдай өтуінің алуан түрлі шарттары бар. Ең
бастысы - мүғалімнің білімі мен өдіс тәсілдерінің жан-
жақтылығы. Сабақты жоспарлау, ұйымдастыру, өткізу үлкен нақтылыңты қажет
етеді. Сабақ - күрделі процесс. Сабаққа көптеген талаптар қойылады. Солардың
бастылары мыналар:
- оқушылардың сабақты бар зейінімен, ықыласымен тыңдауын ұйымдастыру;
- мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі, тиімді әдіс-төсілдері;
- оқушының теориялық жағынан меңгергенін іс -тәжірибеде, күнделікті сабақта
қолдана алуы;
- оқушы алдына проблема қойып, оны ізденіске бастау;
- оқушының шығармашылық белсенділігін арттыратындай өз бетінше жұмыс беру;
- көрнекі қүралдың нақтылығы, өсерлілігі, мазмүн-дылығы;
- мысалдардың өмірмен байланыстылығы, оқушыны ойлантуға, сөйлетуге,
төрбиелеуге ықпалы;
- сабақты басқа пөндермен, өнер салаларымен үйлесіміне, ұқсастығына қарай
түрлендіру.
Бұл мәселелерге қоса, әр сабақта педагогикалық, психологиялық, физиологиялық
талаптар ескеріледі. Бір сыныптағы оқушылар бірдей талап, өдіспен оқытылған сабақты
бірдей қабылдай бермейді. Осыдан келіп жеке оқушыларды зерттеу, олармен жеке
жұмыстар жүргізу талабы туындайды. Яғни, сабақта оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту
шарттары жүзеге асырылады. Осы бағыттағы жүмыстар колледжде, жоғары оңу
орындарында да жүргізіледі. Олардағы оқу процесі дәріс, машықтандыру, зертханалық
сабақтар үстінде жүзеге асады. Дөріс сабағын негізінен оқытушы лектор өткізеді. Онда
іргелі, блоктық тақырыптар жекелей өтіледі, студенттерге дәріс тақырыбы, жоспары,
керекті өдебиеттер үсыны-лады. Лектор жаңа материалды ауызша баяндап, ңажетті
тұстарын жаздыртып, бағыт-бағдар береді, дәйектер, мысалдар келтіреді. Студенттерге
қосымша әдебиеттер-ден, оқу қүралдарынан нақты тапсырмалар беріліп, жаз-баша
орындауға тиісті жұмыстар көрсетіледі. Бүлар машықтандыру (семинар) сабаңтарында
сүралады. Ал, зертханалық сабақтарда неғүрлым нақты тапсырмалар орындайды.
Мәселен, белгілі бір мәтінге өдеби, лингвис-тикалық талдау жасау, көркем мәтіннің
ерекшеліктерін ажыратут.б.
Өзінің мақсаты мен құрылымына қарай мектептегі сабаң екі топқа бөлінеді:
- оқыту-үйрету мақсатындағы сабақ;
- бақылау мақсатындағы сабақ.
Оқыту-үйрету мақсатындағы сабақты мынадай төрт түрге бөлуге болады:
- жаңа материалды үйрету, түсіндіру сабағы;
- білім дағдыны қалыптастыру сабағы;
- өткенді қайталау сабағы;
- оқушылар жіберген қате кемшіліктермен жұмыс сабағы.
Жаңа материалды үйрету, түсіндіру сабағы оңушы-ларды жаңа біліммен
ңамтамасыз етеді. Ол әрі-қарай көрнекілік, баяндау, түсіндіру түрлерімен
толықтырылады.
Білім дағдыны қалыптастыру сабағы алған білімді бекітіп, дамытады. Мұнда әр
түрлі тапсырмалар орындалып, оңушының жаңа материалды қалай игергені тексеріледі.
Өткенді қайталау сабағы бұрын өтілген таңырыптарды жүйелеп, қалай игергенін
білу мақсатында жүргізіледі. Бұл сабақты тоқсан соңында, белгілі бір ірі тақырыптарды,
тарауларды өткеннен кейін жүргізуге болады.
Оқушылардың ауызша жөне жазбаша жауаптарында жіберген қателерге үнемі
назар аударып, оларды түзеу жұмыстарын жүргізіп отыру керек.
Мәселен, тіл дамыту, мәнерлеп оқу, стильдік кемшіліктерді түзеу т.б.
жұмыстар жасалғаны жөн.
Бақылау "мақсатындағы сабақта оқушының игеріп меңгерген білімдері тексеріледі.
Бұл сабаңты мынадай үш түрге бөлуге болады:
- оқу материалдарын игеруін бақылау;
- ауызша жүйелі сөйлеуін, сөз, тіл байлығын бақылау;
- жазбаша жүмыс түрлерін орындай алуларын қадағалау.
Оқу материалдарын игеруін баңылауда оқушылардың сұраққа жауап беруі, өз ой-
пікірлерін айта алуы, оны мысалдармен, мәтіндермен дәлелдей алуы талап етіледі.
Ауызша сөйлеу кезінде оқушылардың ауызша жауаптарының жүйелі, нақты, толық
болуы, ойларын көркем, бейнелі жеткізуі баңыланады.
Жазбаша жұмыс түрлерін орындау кезінде оқушы-лардың әдебиет сабаңтарында
мазмүндама, шығарма, мінездеме, пікір, тезис, конспект түрлерін жаза білуі тексеріледі.
Мұнда сынып оқушыларының жас ерек-шелігі ескерілу керек.
Кейде осы сабақ түрлерін аралас етуге де болады. Мұнда оңыту үйрету және
баңылау сабақтарының эле-менттері аралас ңолданылады. Мөселен, жеңіл бір сағат-тың
таңырып өткенде, оны шағын бақылау немесе өздік жүмыспен күрделендіріп, алдын ала
дайындықсыз шы-ғарма, мазмүндама, жекежүмыс, ауызшасүрау түрлерін жүргізуге
болады.
Оқушылардың белсенділігі, ңызығушылығы әр са-бақта түрліше болады. Мектеп
практикасында қазір сабақ түрлері көп. Оларды шартты түрде дәстүрлі немесе дәстүрлі
емес деп бөлеміз. Қалыпты сабақтан дәстүрлі емес сабақтың өзгешелігі жалпы сабақтың
дәстүрлі құрылымы сақталғанымен, оны жүргізу, өткізу түрлері өзгереді. Олардың
қатарында бірнеше сабақ түрлерін атауға болады:
1.
Дәріс сабағы.
1.
Семинар сабақ.
2.
Пікірталас,диспут сабағы.
3.
Пресс- конференция сабағы.
4.
Пәнаралық оқытуға негізделген (қосарланған) сабақ.
5.
Сот сабағы немесе билер тартысы сабағы.
6.
Жәрмеңке сабағы.
7.
Концерт сабағы.
8.
Айтыс сабақтары.
9.
Композициялық сабақ.
10.
Әдеби-монтаж сабағы.
11.
Көзқарас сабағы.
12.
Брифинг сабағы.
13.
Іздендіру сабағы.
14.
Кездесу сабақтары.
15.
Емтихан, есеп-сынақ сабақтары.
16.
Реферат қорғау сабақтары.
17.
К-кпар сабағы.
18.
Жарыс, сайыс сабағы.
19.
Әдеби ойын сабағы.
20.
Көрнекілік сабағы.
21.
Әдеби әуендік сабақ,
22.
Сабақ викторина .
Бұл сабақтардың көпшілігі тәжірибеге соңғы кезде тереңірек еніп, нәтиже беріп
жүр. Бұлардың барлығын міндетті сабақ түрлері деп айтуға болмайды. Ең бастысы-
ұстаздардың сбақты түрлендіріп өткізуде біршама алға басуы ізденісін көрсету үшін
беріліп отыр.
Дәріс сабағы. Мұғалімнің материалды баяндауынан, түсіндіруінен түрады.
Сыныпқа
жетекші,
қорытындылаушы
сауалдар
қоя
отырып,
мүғалім
оқу
материалдарының негізгі тұстарын жаздыртады.Лекциялық сабақтардың мынадай
түрлекрі бар:
а) шолу түрлеріндегі лекция;
ә) монографиялық лекциялар;
б) әдеби-терминдегі лекция (өте сирек кездесетін түрі).
Машықтандыру (семинар) сабағы. Бұл сабақтың бірнеше ерекшелігі бар:
а) оқушылар белгілі бір тақырып бойынша өз бетімен дайындалады;
ә) оңушы сол тақырып бойынша хабарлама жасайды;
б) тыңдалған материалды талдайды;
в) талқыланған мәселені мүғалім қорытады. Сабақтың мұндай түрі оқушылардың
өзара ұқсас тақырыптарды қалай қабылдағанын тексеруге мүмкіндік береді. Мұғалім
оқушыларға алдын ала тапсырма беріп, тиісті әдебиеттерді көрсетеді.
Диспут сабағы. Мүғалімнің сабаңты пікірталасқа қүруы оңушы белсенділігін
арттырып, пәнге деген қызығушылығын өсіреді. Мұндай сабаққа мұғалім ба-лама
жауаптары болатын сұрақтар ойластыру керек. Сон-да оқушылар әр түрлі пікірлер айтып,
керекті дәлелдерін табады.
Сайыс сабағы. Бүл ортаңғы сыныптарда өткізуге қолайлы сабақ. Оқушылардың бе
лгілі бір тақырып бойын-ша білімдерін сарапқа сала отырып, шапшаң, мүдірмей жауап
таба білуі, езінің пөнге деген ықыласын жан-жақты білдіре алуы, сыныптас оқушылардан
ерек-шелігін таныта алуы көзделеді.
Көрнекілік сабағы. Оқытушының пөнді үйретуде қосымша материалдарды,
көрнекілікті тиімді қолдана алуы сабақты түрлендіре түсуге септігін тигізеді. Мәсе-лен,
белгілі бір тақырыпты аяқтаған соң, дағдылы жаз-ба жүмысы, қайталау сабақтарының
орнына сынып ішіне сол қаламгердің шығармашылығына байланысты мәлімет беретін
көрнекілік түрлерін іліп, еске түсіру, қорыту мақсатындағы сабақты үйымдастыруға
болады. Көрнекілік негізінен ақын жазушының шығармашы-лың өмірбаянын ретімен
қамтып, суретті, иллюстра-тивті, фильм материалдарын, үнтаспа, басқа да көру, есту
қүралдарынан түрады. Оқушы тек мүғалімнің бас-шылығымен, әр көрнекілікке
байланысты өтілген таңы-рыптарды пысықтайды, жеке тапсырма, ауызша және жазбаша
жүмыс түрлерін орындайды. Әрине, қай сабақ-тың түрі болсын негізгі мақсаты
оңушыларға білім дағ-дыларын беру, жаңа аңпаратпен ңамтамасыз ету. Ең бастысы
оқушыларға түсінікті, айқын білім мазмүны берілу керек.
Әңгіме сабағы. Бүл сабақты жаңа материалды түсіндіргенде де, өткен материалды
қайталауда да жүргізуге болады. Әрине, бүл қалыпты сабақтың түрін ығыстыру деген
емес. Әңгіменің көмегімен мүғалім не-ғүрлым маңызды сүрақтарды айқындап,
оқушылардың ой белсенділігін жоғарылатады. Мүндағы әңгіменің ди-дактикалық мәні
түрліше. Ол оқушының материалды қалай меңгергенін білуге ғана көмектеспейді.
Сонымен қатар, олардың білімін жүйелеуге, жаңа аңпаратты мең-геруге де көмектеседі.
Әңгіме жүргізуде қойылатын сүрақтар оқушыларға түсінікті әрі нақты болу керек. Оның
бір бөлігі оқушылардың есте сақтауын, қабылда-уын, өткен материалды қаншалықты
түсініп, меңгергенін білуге құрылса, екінші бөлігі жаңадан игеріп жатқан материалды
қаншалықты түсінгенін білуге бағыт-талады.
Достарыңызбен бөлісу: |