6-дәріс.Тақырыбы. Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Нарықтың мәні мен атқаратын қызметтері. Нарықтың түрлері мен жіктелуі.
2.Нарық механизімінің негізгі элементтері: Сұраныс, Ұсыныс, баға, бәсеке. 3.Әртүрлі белгілеріне сәйкес нарықтың түрлерін жіктеу.
4.Нарықтың түрлері. Нарықтың инфрақұрылымы.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Адамзаттың өмір сүру тарихында экономиканы ұйымдастырудың төмендегідей үлгілері қалыптасқан. Олар жоспарлы-нұсқаулы (әміршілдік-әкімшілдік), нарықтық, аралас болып келеді.
Шаруашылықты әміршілдік-әкімшілдік әдіспен ұйымдастыру өндірушінің үстемділігіне негізделеді. Бұндай жағдайда, әрине, нарықтық механизм қажет емес. Тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы шаруашылық байланыстар орталық органдардың шешімі арқылы анықталады. Әміршілдік әдісте барлығы алдын ала баланс құру арқылы есептелінеді. Орталық органдар өздерінің қарамағындағы шаруашылықтарға не өндіру, кімге өндіру және қандай бағамен өндіру керек деген сұрақтарды бұйрық-нұсқау түрінде беріп отырады.
Нарықтық механизм бұған қарама-қарсы принципке негізделген, онда шаруашылық субъектілердің ешқайсысы сұрақтарды алдын ала, саналы түрде шешумен айналыспайды. Бұл сұрақтар өте қарапайым түрде шешіледі: тауар өндірушілер мен тауар тұтынушылар нарық арқылы экономиканың өзекті үш мәселесін ( не өндіру, қалай өндіру және кім үшін өндіру керек? ) шешу мақсатында әрекет етеді.
Нарықтық экономика төмендегілерден көрінетін белгілі бір басымдылықтарға ие:
ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі;
өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді;
ұжымдық пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді дамытуды қамтамасыз етпейді.
Нарықтық экономиканың әрекет етуі жиынтығында нарық жүйесін құрайтын оның белгілі бір элементтеріінің болуын көздейді.
Нарықтық экономиканың бірінші әрі маңызды элементі өндірушілер мен тұтынушылар.
Нарықтық экономиканың екінші элементі ретінде өндірістік бірліктерді корпоративті басқару базасындағы меншіктің жеке немесе алуан нысандармен ерекшеленетін экономикалық ерекшелік жүреді.
Нарықтық экономиканың үшінші элементі баға. Нарықтық экономиканың екінші элементі ретінде өндірістік бірліктерді корпоративті басқару базасындағы меншіктің жеке немесе алуан нысандармен ерекшеленетін экономикалық ерекшелік жүреді.
Нарықтық экономиканың үшінші элементі баға. Баға сатушы тауар бірлігін сатуға жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетуге келіскен, ал сатып алушы сатып алуға, ақысын төлеуге дайын тұрған ақша мөлшерін көрсететін экономикалық санат.
Нарықтық экономиканың төртінші элементі-орталық буыны сұраныс пен ұсыныс сияқты құрамдас болады. Сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік, яғни тұтынушылардың керекті тауарларға төлей алатын ақша сомасы. Ұсыныс дегеніміз берілген бағада сатуға арналған тауарлардың саны. Ұсыныс нарықтағы немесе тауар өндірушіні қанағаттандыратын тиісті баға бойынша өндіріп, сатуға ұсынылуы мүмкін тауарлардың жиынтығы.
Нарықтық механизмнің бесінші элементі - бәсеке. Ол пайданы мол табады және осының негізінде өндіріс көлемін кеңейтуге жол ашады
Бәсеке (лат conkurentia-қақтығысу, жарысу) - тауар өндірушілер арасында өз мүдделерін қанағаттандыру үшін болатын экономикалық бақталастық, тауарларды өндіру мен өткізудің тиімді жағдайы, неғұрлым жоғары пайда алу.