349
Қарақұйрық
тауларынан алып, сағат а-ның шығысында сасық-
көл көліне құяды. Жер асты, жауын-шашын сула-
рымен толығады. Жылдық орташа су ағымы таскес-
кен а. тұсында 4,15 м
3
/с. Жоғ. ағысы тау шатқалымен,
жонды-белесті жерлермен ағады. таскескен а-нан
төменде арнасы мен аңғары кеңейеді. Қарақол а-нан
төменде жайылмасы (ені 8–10 км) пайда болады,
сасықкөл көліне құяр сағасында адам өте алмайтын
батпаққа айналады. суы егін суғаруға, жайылмасы
шабындыққа пайдаланылады.
ҚАРАҚОЛ – Есіл алабындағы өзен. Ақмола обл.
Есіл, Жарқайың аудандары жерімен ағып өтеді.
Ұз. 92 км, су жиналатын алабы 1620 км
2
. Бастауын
сарыадыр тауларының солт-ндегі бұлақтардан
алып, Бұзылық а-ның тұсында Есіл өз-не құяды.
төм. арнасы кең, ағысы баяу, жайылмасы 50–100 м-
ге дейін жетеді, суы тұщы (тұзд. 0,8–1 г/л). салала-
ры – Бөріктал, Біртал. Жауын-шашын және жер асты
суларымен толығады. суы шаруашылықтарға пай-
даланылады. Жазда тартылып қарасуларға бөлініп
қалады.
ҚАРАҚОЛ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Шығыс Қа-
зақстан обл. Үржар ауд. таскескен а-нан оңт-ке қа-
рай 20 км жерде, өзімен аттас өз. аңғарында ор-
наласқан. Аум. 995 м
2
. Кен орны Қарақол өз-нің
бөктер конусындағы неоген сазының аллювий-
лі және аллювийлі-пролювийлі шөгінділерінің
сулы қабат кешенінде шоғырланған. Ол қиыр-
шықтасты-малтатасты және құмдақтар мен қиыр-
шықтар қабатшасынан тұрады. Кен орнының сулы
кешенінің қалыңд. 2–14 м-ден 120 м-ге дейін өзгереді,
орташа мөлш. 70 м. Грунт суының жер асты деңгейі
өзен жағалауында 0,0–0,1 м, одан алыстаған сайын
тереңд. 5–10 м-ге жетеді. Ұңғыма дебиті 60 л/с. Хим.
құрамы бойынша суы гидрокарбонатты кальцийлі,
кейде сульфатты-гидрокарбонатты натрийлі.
ҚАРАҚОҢЫЗ БӨГЕНІ, Жамбыл обл. Қордай ауд.
Қарақоңыз өз. бойындағы су жүйесі. 1986 пайда-
лануға берілген. Бөгеннің су сыйымд. 8,7 млн. м
3
.
суымен аудан шаруашылықтарының 2,8 мың га жері
суғарылады және суландырылады.
ҚАРАҚОҢЫЗ ҚОРЫҚШАСЫ – Жамбыл обл.
Қордай ауд. Қарақоңыз шатқалында орналасқан
мемл. табиғи-ботан. қорықша. Қорықша 1971 ж.
Қордай ауд. мемл. орман қоры жерінде құрылған. Жер
аум. 3,1 мың га. өсімдіктердің 500-ден астам түрлері
кездеседі. Оның ішінде Қазақстанның «Қызыл кіта-
бына» енгізілген Кавказ таудағаны, Кәдімгі пісте, не-
дзвецкий алмасы, жабайы жүзім, гладиолус, күшәла,
сасыр, жуа, рауғаш, қызғылт радиола, қызғалдақтар мен
жанаргүлдердің көптеген түрлері, т.б. өсімдіктер бар.
Қорықша аумағында ағаш егу тек санитарлық түрде
жүргізіледі. Басқа пайдалану түрлері, сонымен бірге
жайылым, шабындық қатаң белгіленген мөлшерде
жүргізіледі.
ҚАРАҚТАУ – Қызылқұм құмының шығысындағы
аласа тау жұрнағы. Оңт. Қазақстан обл. Арыс қа-
лалық әкімдігі аумағы мен Отырар ауд. жерінде
бойлық бағытта созылып жатыр. Абс. биікт. 388 м.
Ұз. 50–55 км, ені 5–8 км. солт-нде биікт. 303 м бо-
латын Бесшоқы тауы бар. Қ. аласа қырқалармен көл-
беуленіп, жазықты белестерге ұласады. сортаңды
сұр топырағында боз жусан, баялыш, күйреуік, сек-
сеуіл, т.б. өсімдіктер қалың өседі. таудың етегінде
Қызылқұмдық, тасбұлақ, Жұмабек, т.б. құдықтар
бар. Мал жайылымына қолайлы.
ҚАРАҚУЫС, Ү л к е н Қ а р а қ у ы с – сарыарқа-
дағы тау жотасы. Қарағанды обл. Қарқаралы ауд-
ның оңт.-шығысында орналасқан. Абс. биікт.
1342 м. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 26 км-ге
созылып жатыр, енді жері 10–15 км. Қ. девон мен
тас көмірдің әктастарынан, порфиритінен және
элювийлі-делювийлі интрузивтік гранитоидтарынан
түзілген. Беткейлерін сай-жыра, аңғарлар тілімде-
ген. таудың қызғылт қоңыр топырағында өлеңшөп,
бетеге аралас қараған, ал өзендерді бойлай терек, қа-
йың өседі. таудан көптеген бұлақ бастау алады.
ҚАРАҚҰДЫҚ МҰНАЙ КЕНІ, Маңғыстау обл.
Бейнеу ауд. Бейнеу а-нан оңт.-батысқа қарай 160 км
жерде орналасқан. Құрылым сейсмик. барлау жұ-
мыстары нәтижесінде 1964 ж. анықталған. Барлау
жұмыстары 1966 ж. басталды. Кен орны (1-ұңғыма
арқылы) 1971 ж. ашылды. Құрылымдық жағынан
өлшемі 12,8×8,7 км, қалыңд. 15–50 м антиклинальдық
қатпар. Кен орны көп қабатты ортаңғы және жоғ.
юра түзілімдерінде қалыптасқан. Онда 9 өнімді го-
ризонт анықталған. өнімді бөліктің қимасы кезек-
тесе қабаттасқан құмтастан, саздан, алевролиттен
және аргиллиттен тұратын терригендік шөгінді-
лерден құралған. Мұнай коллекторларының кеуект.
13,5–16,3% аралығында, өткізгіштігі 0,003–0,002
мкм
2
. Мұнайы жеңіл, жоғары парафинді (4,2–22,3%),
күкірті аз (0,03–0,49%), қышқылдығы төмен. Жоғ.
юраның мұнайынан (тығызд. 0,866 г/см
3
) ортаңғы
юра түзілімдеріндегі мұнай біршама жеңіл (тығызд.
0,866 г/см
3
). Бастапқы қабаттық қысым 25,3–29,7
МПа. темп-расы 78–111°с. Қабат мұнайының газға
қаныққандығы тереңдеген сайын жоғарылайды
(107–299,8 м
3
/т). Хлоркальций типті жоғары мине-
ралданған қабат суларының темп-расы 104–110°с-
қа, минералд. 132 г/л-ден 177 г/л-ге дейін жетеді. Кен
орнынан мұнай өндірілуде.
ҚАРАҚҰДЫҚӨЗЕК – Қарағанды обл. Ақтоғай
ауд-ндағы аңғар. Қойбағар тауымен Кеңтарлау және
табақкеңтатыр аңғарлары аралығында. солт-тен оңт-
ке қарай 15–20 км-ге созылып жатыр. Жер бедері жа-
зық. теңіз деңгейінен орташа биікт. 600 м. тас көмір
жүйесінің ортаңғы және жоғ. бөлімі жыныстарынан
түзілген. Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұ-
лыбас, бұталар өседі. Қ. аңғарында Құлабие бұлағы
мен Қарақұдық, Жамбасаққан құдықтары бар.
ҚАРАҚҰЙРЫҚ (Gazella subgutturosa) – сүтқо-
ректілер класының қуысмүйізділер тұқымдасына
жататын аң. Қазақстанда Үстірт пен Маңғыстауда,
Арал өңірінде, Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдала-
ның оңт-нде, Оңт. Балқаш өңірінде (тауқұм, сарыесік
Атырау) кездеседі. соңғы жылдары Қара Ертіс өз-
нің жағалауындағы құмдарда көрініп жүр. тұлғасы
сымбатты, дене тұрқы 101–126, шоқтығының биікт.
67–79 см. текесінің салм. 22–41 кг, ешкісінікі 20–34
кг. текелерінің мүйізі түп жағы бедерлі, ұшы бір-
біріне қарай аздап иілген, қара қоңыр түсті, ұз. 33–
43 см болады, ешкілері – тоқал. Құйрығы кішкентай,
қара қоңыр түсті. тұяқтары кішкентай, қара түсті,
сопақша әрі үшкір келеді. тері жамылғысы құм
түстес, сарғыш сұр. Көз алды, шат, тұяқ аралық иіс
бездері, көру және есту мүшелері жақсы жетілген,
осылар арқылы бір-бірімен тез табысады. тастақты,
350
батысқа қарай 12 км-ге созылып жатыр, енді жері 4
км шамасында. Беткейі тіктеу, шоқылы қырқалардан
тұрады. төм. тас көмір және пермь гранитоидтары-
нан, делювийлі-пролювийлі шөгінділерден түзілген.
Батысында Асқара тауы, шығысында ұсақ тұзды көл-
дер бар. Аласа таудың қоңыр топырақ жамылғысында
боз, селеу, шілік, т.б. өсімдіктер өседі. Етегі тұмсық
қыстауының мал жайылымы.
ҚАРАҚҰМ – Балқаш және сасықкөл көлдері ара-
лығындағы құмды алқап. Алматы обл-ның Ала-
көл ауд. жерінде, теңіз деңгейінен 350–450 м биік-
тікте. Балқаш жағалауынан сарықұм құмына дейін
доғаша иіліп 120 км-ге созылып жатыр, енді жері 30
км-ге жетеді. Аум. 1600 км
2
. Батысында тауқұм құмы,
оңт-нде Арғанаты, Арқарлы таулары және сарықұм
құмды алқабы жатыр. Қ-ның басым бөлігі қырқалы-
ұяшықты, төбелі (биікт. 5–30 м) келеді; жыңғыл ара-
лас жусан, еркек шөп, т.б. сораң шөптермен бекіген.
Айнала етегі сораң далаға ұласады. тұщы грунт
сулы қабаты жер бетіне жақын жатады. Қ-да айнала
түрксіб, Ақтоғай–Алакөл т. ж. және автомоб. жол-
дары өтеді. Құмды алқап қысқы мал жайылымы.
ҚАРАҚҰМ – Іле өз-нің оң жағалауындағы құмды
алқап. Қытаймен шекаралас орналасқан. Алма-
ты обл. Панфилов ауд. жерінде. Абс. биікт. 880 м.
Оңт-тен солт-ке қарай 50 км-ге созылып жатыр,
енді жері 34 км. Қ-ның батысында Бурақожыр (Бо-
рохудзир), шығысында Қорғас өзендері, солт-нде
тоқсанбай жотасы, оңт-нде Іле өз. аңғары жатыр.
Құм өсек, Бурақожыр, Қорғас және Іле өзендерінің
аллювийлі жыныстарынан түзілген. төбелі-қырқалы
құмдардың биікт. 20–25 м-ге дейін жетеді. Мұнда ақ
сексеуіл, жүзгін, жыңғыл, етегінде тораңғы өседі.
Алқапта шағын көлдер кездеседі.
ҚАРАҚҰМ – Каспий т-нің шығысында орналас-
қан құмды алқап. теңіз жағасынан 10–20 км жерде.
Атырау обл-ның Жылыой және Маңғыстау обл-ның
Бейнеу аудандары жерін қамтиды. Оңт.-батыстан
солт.-шығысқа қарай 150–160 км-ге созылған, енді
жері 35–45 км. Аум. 7100 км
2
. төбешік қырқаларының
биікт. 4–6 м. Батысы теңіз деңгейінен 19 м, шығысы
құмды, сазды топырақты шөлді аймақтарда мекен-
деуге бейімделген. Қоныстарын жыл маусымдарына
қарай (қыста сексеуіл, жыңғыл өскен бұйрат-бұйрат
құмдарға, жазда шөлді жерлерге қарай) ауыстырып
отырады. тау етектерінде, теңіз деңгейінен 2500–
3000 м биіктікте де кездеседі (мыс., «Алтынемел»
ұлттық табиғи саябағында). Күйіс қайырып, демалу
және ауа райының қолайсыз жағдайларынан қорғану
үшін тұяқпен тарпып қазуға оңай жұмсақ топы-
рақты жерлерден шағын (60×30 см) жатақтар жа-
сайды. Қорегі – 70-тен аса шөптесін өсімдіктер мен
бұталар. ылғалы мол жас шөптермен қоректеніп, қар
мен жаңбырдан жиналған қақтардан су ішіп шөлін
қандырса, қыста қар жалайды. Жаз айларында Қ.
таңертең және түс қайта жайылуға шығып, түсте
жатса, қыста жайылуы мен күйіс қайыруы алмакезек
ауысып отырады. Қазанның аяғынан желтоқсанның
ортасына дейін күйлейді. 5–5,5 ай буаз болып, сә-
уірдің аяғынан маусымның аяғына дейін (жаппай
төлдеу мамырдың 2-жартысында) лақтайды. Көбіне
1–2 лақ (егізі басым), кейде 3–4 лақ (өте сирек) та-
бады. Жаңа туған лақтың салм. 2–3 кг, дене тұрқы
48–58 см. 5–10 күнде шөп тістеп, 3 айдан аса енесін
емеді. Жас төлдер тез өседі: алғашқы 10 күнде салм.
4,5 кг, бір айда – 9 кг, 6 айда – 15 кг, бір жаста салм. 20
кг-нан асады. Шыбыштары 7–8 айда, серкештері 1,5
жаста жыныстық жағынан жетіледі. Қ-тың жаула-
ры – қасқыр, түлкі, қарақал және бұралқы иттер, құс-
тардан: бүркіт, қарақұс. Аусыл және туляремия ауру-
ларымен ауырады. дәмді еті мен әдемі терісі үшін көп
ауланған. терісінен сырт киім, жазғы аяқ киім, мәсі
тігіліп, саба және қауға жасаған. Қазір саны аз, Қа-
зақстанда бар-жоғы 13–15 мыңдай. Оның 5–7 мыңы
«Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында, қалғаны
Үстірт қорығы мен Ақтау-Бозащы қорықшасын-
да қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кіта-
бына» енгізілген.
ҚАРАҚҰЛБОЛДЫ, Қ а р а к ө л б о л д ы – Қара-
ғанды және Қызылтас тауларының аралығындағы тау.
Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. Қарашоқы а-ның оңт.-
шығысында 19 км жерде орналасқан. Байқожа өз-нің
аңғарында. Абс. биікт. 1083 м. солт.-шығыстан оңт.-
Қарақұлболды
Қарақұйрық
Қарақұм құмындағы жыңғылды төбе
351
Қарақұс
9 м төменде жатыр. солт.-шығысында тасшеңгелді
төбесі (биікт. 8 м), батысында Атансор қонысы ор-
наласқан. Қ-да теріскен аралас ақ жусан, еркек шөп,
изен, т.б. сораң шөптер өскен. Минералдылығы әр
түрлі, грунт сулары 2–6 м тереңдікте жатыр. Құмды
алқапта Айыршағыл, тортай, т.б. тұщы құдықтар,
Бөкен, Қарағай, т.б. қыстаулар орналасқан. Қ. өңі-
рінде мұнай кен орындары бар.
ҚАРАҚҰМ – тосынқұм құмының шығысындағы
құмды алқап. Қостанай обл. Жангелдин ауд. Шеген
а-ның оңт-нде 20 км жерде орналасқан. солт.-шы-
ғыстан оңт.-батысқа қарай Қабырға өз-н бойлай 10
км шамасында созылып жатыр. Барқанды-төбешікті
құмдардың салыстырмалы биікт. 2–10 м. Басым бөлі-
гін арна тәрізді сортаңды ойыстар тілімдеген. Грунт
сулары 2–5 м тереңдікте (минералд. 1,5–5 г/л) жатыр.
Құм етегінде Бозшакөл көлі, Қарақұдық, Қандыөзек
қыстаулары орналасқан. төбелерде еркек шөп, боз, т.б.
өсімдіктер өседі. Мал жайылымына пайдаланылады.
ҚАРАҚҰМЫҚ (Fagopyrum esculentum) – тарандар тұ-
қымдасына жататын бір жылдық, кейде көп жылдық
шөптесін өсімдік. Биікт. 15–70 см, сабағы тік, көп бұтақ-
талған. Жүрек тәрізді жапырағы кезектесіп орналас-
қан. Ақ не қызғылт түсті гүлдері жапырақ қолтығынан
жетіледі. Шілде айында гүлдеп, тамызда жемісі піседі.
Қ. – жармалы дақылдардың ішіндегі маңыздыларының
бірі. Оның жармасы диеталық дәмді тамақ, себебі,
дәнінде 9% белок, 70%-дай крахмал және 1,6% май,
сондай-ақ витаминдер (В
1
, В
2
), минералды тұздар (те-
мір, фосфорлы кальций) да болады. Қазақстанда Қ. не-
гізінен солт. облыстарда, әсіресе, Павлодар, Орт. және
Шығыс Қазақстан облыстарында егіледі. республика
бойынша егіс аум. 218 мың га, өнімділігі әр га-дан 9,7
ц. Қ-тың ерте пісетін сорттарының өсу мерзімі қысқа
(50–60 күн), сондықтан оны аралық дақыл ретінде пай-
далануға болады. Қ. – жылу және ылғал сүйгіш да-
қыл, топырақ темп-расы 12–15°с болғанда көктеп шы-
ғады. Қ. – суыққа төзімсіз өсімдік. Қ. көбінесе қара жә-
не қызғылт қоңыр топырақта жақсы өсіп, мол өнім бе-
реді, сондықтан топырақ қышқылдылығы рн 5–6,5 болу
керек. Егін жинау Қ. дәнінің 70–75%-ы қоңырланған
кезінде басталады. Қ. – шірнелі өсімдік. Бал аралары
оның әр га-сынан 50–60 кг, ал қолайлы жағдайда 100
кг-ға дейін бал жинайды. Күздік бидай үсіп кеткен
жылдары Қ-ты сақтық дақыл ретінде пайдаланады.
ҚАРАҚҰРТ (latradectes tredecіmguttatus) – өр-
мекшілер отрядының therіdііdae тұқымдасына жа-
татын улы өрмекші. денесі шағын (ұрғашысының
тұрқы 10–20 мм, еркегі 4–7 мм), түсі қара, құрсағында
қызыл дақтары бар. Қазақстанның шөлді және дала-
лы аймақтарында кездеседі. Жәндіктермен қоректе-
неді: ұрғашы Қ. топырақты аршып үңгірлеп, ұя салып
алады не кемірушілер інінің аузына жем ұстайтын
өрмек құрады. Оған түскен шегіртке, шілделік,
бұзаубас тәрізділерді улап өлтіреді. Ұрғашы Қ. өте
өсімтал: шілдеде 100–700 жұмыртқа салып, оларды
пілләсімен қорғауға алады. Жұмыртқадан шыққан
өрмекшілер пілләда қыстап, келесі жылы сәуірде жан-
жаққа тарайды. әсіресе ұрғашы Қ-тың уы адам мен
малға өте қауіпті. Қ. шаққан жерде қызыл дақ пайда
болады, сәл уақыттан соң білінбей кетеді. Қ. шаққан
адамның 10–15 минуттан кейін іші мен кеудесі қатты
ауырады, аяқтарының жаны кетіп, құрысып қалады.
дер кезінде жедел жәрдем көрсетілмесе, уланған адам
1–2 күннен кейін өліп кетуі мүмкін. сондықтан ондай
адамның бұлшық етіне дереу удың уытын қайтаратын
арнайы қан сарысуы (5–10 мл) енгізіледі. сонда адам
3–4 күннен соң айығып кетеді. сондай-ақ Қ. шаққан
жерді сол сәтінде сіріңкемен күйдіріп жіберу керек.
ҚАРАҚҰС (Aquіla helіaca) – сұңқартәрізділер отря-
дының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш
құс. Қазақстанның биік таулары мен ағашы және суы
аз шөлді жерлерінен басқа барлық аймақтарында кең
тараған. әсіресе жазықты және тау бөктерлеріндегі
аудандарда жиі кездеседі. Мекені – шоғырлы және
шағын қарағайлы ормандар, сексеуілді түлейлер, то-
ғайлар мен далалы, шөлейтті және шөлді жерлердегі
ашық алаңдар. Қ-тың қанатының ұз. 54–62 см, салм.
2,5–3 кг болатын ірі құс. сыртқы пішіні бүркітке
ұқсас, реңі қоңыр қара, көзі сарғыш, не ашық қо-
ңыр, тұмсығындағы балсірісі мен сирақтары сары
түсті. иығында ақ дағы болады, ересек құстарының
басы сарғыш қоңыр келеді. Ұябасары шәулісіне
қарағанда ірілеу. Ұшуы баяу, қанаттарын сирек
қағып, қалықтап ұшады. Ұшып жүргенде жалпақ
қанатының ұшындағы қауырсындары саусақ тәрізді
тарамдалып көрінеді. Ұясын ағаш бұтақтарынан
тұратын ағаштардың басына, бұталардың үстіне,
кейде ашық жерлер мен электр желісі тартылған
бағаналарға шәулісі мен ұябасары бірігіп үлкен етіп
салады. Қорегі – майда сүтқоректілер (сарышұнақтар,
құмтышқандары, құм қояны, т.б.), құстар (тауықтәріз-
ділер, үйректер, балшықшылар, шағалалар, қарқыл-
Қарақұрт
Қарақұс
352
Қарақұс
дақтар, ақтұмсық қарғалар мен ұзақтар, т.б.). сондай-
ақ тасбақалар, жыландар, кесірткелер, саяқ шегірт-
келер және өлекселермен де қоректенеді. Қ. – жыл
құсы. Қазақстанда наурыздың ортасынан қарашаның
басына дейін кездеседі. сәуірде ұясына 1–3 секпіл-
ді жұмыртқа салып, оларды 1,5 айдай шәулісі мен
ұябасары кезектесіп шайқайды. 2,5 айдан соң бала-
пандарын қанатына қондырып, ұядан ұшырады. Аф-
рика мен Оңт. Азияда қыстайды. Қазақстанда нау-
рызым қорығында қорғалады, Алматы хайуанаттар
саябағында 6 жұбы ұсталады. Қ-тың жылдан-жылға
саны азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақ-
станның «Қызыл кітабына» енгізілген.
ҚАРАҚҰС – семейтау тауларының орта бөлігіндегі
тау. Шығыс Қазақстан обл. семей қалалық әкімдігіне
қарасты аумақта орналасқан. Ертіс аңғарында. Абс.
биікт. 606 м. солт-тен оңт.-батысқа қарай доғаша
иілген. Ұз. 7–8 км-ге созылып жатыр, енді жері 3–4
км шамасында. Беткейі тіктеу, бірнеше ұсақ шоқы-
лардан тұрады. Батысынан Қарасу өз. бастау алады.
Жоғ. пермь және төм. триастың гранит, гранодио-
ритті жыныстарынан түзілген. Аласа таудың ашық
қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, жусан, бұта,
т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Етегі мал жайылымы-
на пайдаланылады.
ҚАРАҚҰС – Қызылтау тауларының солт-ндегі шоқылы
таулар. Қостанай обл. Арқалық қалалық әкімдігіне
қарасты аумақта орналасқан. терісаққан өз-нің аң-
ғарында. Ең биік жері Шарықты тауы (397 м). Батыс-
тан шығысқа қарай ендік бағытта тізбектеле созылған
шоқылы таулардың ұз. 22 км, енді жері 14 км шама-
сында. тау жұрнақтары жалаңаштанып, беткейлері
сай-жыралармен тілімденген. төм. тас көмір кезеңі-
нің жыныстарынан түзілген. солт-нде Қойкөмген,
Қосшоқы, шығысында Миялы, оңт.-шығысында Лек
төбелері, батысында Жаркөл, Шойындыкөл көлдері
орналасқан. тау баурайындағы бұлақтардан Шабдар
өз-нің салалары бастау алады. Карбонатты қоңыр
топырақ жамылғысында ксерофитті әр түрлі бетеге,
селеу аралас өсімдіктер өседі.
ҚАРАҚШЫ – Ақшатау жотасының солт.-батыс бөлігін-
дегі тау. Шығыс Қазақстан обл. Абай ауд. Жүрекадыр
а-ның батысында 35 км жерде орналасқан. Абс. биікт.
1151 м. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 12 км-ге
созылып жатыр, енді жері 8–9 км шамасында. солт.,
солт.-батыс беткейлері тіктеу, жартасты, оңт-ке қа-
рай күрт төмендейді. Ендік бағытта созылған көпте-
ген ұсақ шоқылардан тұрады. Палеозойдың кварцит,
құмтас, әктас эффузивтік жыныстарынан құралған.
солт-нен әлпейіс, оңт-нен Балқыбек өзендерінің сала-
лары бастау алады. таудың қоңыр топырағында қа-
раған, тобылғы, тасжарған, т.б. бұталар мен қайың,
көк терек, тал өседі.
ҚАРАҚЫЗ – Қызылқұм құмының батыс бөлігінде,
Қашқынсу қонысының оңт.-шығысындағы тұщы
құдық. Қызылорда обл. Қазалы ауд. Ажар а-ның
шығысында 61 км жерде орналасқан. тереңд. 10 м,
су шығымы 210 л/сағ. солт-нде Қаншыққан төбесі,
шығысында Жырақұдық құдығы мен Үштам қо-
нысы, оңт-нде Шаңқор қоныстары орналасқан. Құ-
дық қырқалы төбелер мен құм шағылдардың жаға-
лауында орналасқан.
ҚАРАҚЫЗ-ҚОҒАҚЫЗ – Батыс және Шығыс Қа-
ратау жоталары аралығындағы аласа таулар тізбегі.
Маңғыстау обл. Маңғыстау ауд-ның орт. бөлігінде,
Шетпе а-ның оңт.-батысында орналасқан. Абс. биікт.
237 м. Күрделі пішінді таулар батыстан шығысқа қа-
рай 20–22 км-ге созылған, енді жері 15 км-ге жуық.
Кемерленіп біткен беткейлері 45–56 м-лік жарқабақты
келген. Жер қыртысы пермьнің метаморфты құмтас,
әктас және конгломератты тау жыныстарынан түзіл-
ген. Кемерлі беткейінің етегінде қараған аралас жу-
сан, бұйырғын, баялыш, т.б. сораң шөптесіндер өскен.
солт. және шығыс етегінде тұщы бұлақтар кездеседі.
ҚАРАҚЫСТАҚ БӨГЕНІ – Қарақыстақ өз. алабын-
да, Жамбыл обл. т.рысқұлов ауд. жерінде орналасқан.
Бөген 1984 ж. салынған. суының жалпы сыйымд.
6,8 млн. м
3
. Қ. б. аудан шаруашылықтарының егістігін
суғарады және шабындықтарды суландырады.
ҚАРАМАН БЕЛГІСІ – Қаратау жотасының солт.-
батыс бөлігіндегі бұлақ. Қызылорда обл. Шиелі ауд.
Еңбекші а-ның солт.-шығысында 42 км жерде орналас-
қан. теңіз деңгейінен 500 м биіктік шамасында. Жер
бедері жонды-қырқалы, жоталы-белесті келген. Баты-
сында Ақжарбұлақ, оңт-нде өгейлібұлақ бұлақтары
орналасқан. Бұлақ жағалауы мал жайылымы.
ҚАРАМАҢДЫБАС МҰНАЙ-ГАЗ КЕНІ – Маңғыстау
обл. Жаңаөзен қ-нан солт.-батысқа қарай 28 км жер-
де, Қарақия ауд-нда орналасқан. Кен орны 1964–81 ж.
ашылып барланған. Көмірсутектерін сыйыстырушы
құрылым – екі күмбезді антиклинальдық көтерілім.
өнімді қабаттар ортаңғы және жоғ. юраның терриген-
дік шөгінділері. Қ. м.-г. к-нде 21 мұнайлы шоғыр бар-
ланған. Қабаттардың мұнайға қаныққан қалыңд. 1,5–
22 м. өнімді қабаттардың ашық кеуектілігі 18–26%.
Мұнайдың тығызд. 0,844–0,874 г/см
3
, құрамындағы
күкірті 0,17–0,2%, парафині 19,1–23,5%, шайыры
мен асфальтендері 1,5–7,4%-дан 18,0–21,5%-ға дейін.
Қабат темп-расы 65°с-тан 86°с-қа дейін ауытқиды.
Газ-мұнай шоғырларындағы газ шамасы 40–45 м
3
/т-ға
дейін. Газдың ауадағы салыстырмалы тығызд. 0,677,
құрамындағы ауыр көмірсутектер 10,5–14,6%, көмір
қышқыл газы 0,1–0,3%, азот 1,5–5,5%. Кен орны 1968
жылдан бері пайдаланылуда.
ҚАРАМАЯ – 1) Батыс Үстірт кемерінің орта бөлігін-
дегі төбе. Маңғыстау обл. Қарақия ауд. төлеп а-ның
солт.-батысында 65 км жерде орналасқан. Абс. биікт.
229 м. солт-тен оңт-ке қарай бойлық бағытта 3 км-ге
созылып жатыр. Енді жері 1 км шамасында. Беткей-
лері жайпақ, пішіні сопақ тәрізді келген. солт-нде
нұртанқазған, шығысында Басқараған құдықтары,
оңт-нде өзімен аттас көл мен төбе орналасқан. сор-
таң, сор топырақ жамылғысында бұйырғын, көк-
буын, баялыш, жусан, т.б. бұталар өседі; 2) Қарын-
жарық құмының солт.-шығысындағы төбе. Қарақия
ауд. төлеп а-ның солт.-батысында 52 км жерде орна-
ласқан. Абс. биікт. 209 м. Батыстан шығысқа қарай
ендік бағытта 10 км шамасында созылған, енді жері
3,5 км. Оңт. беткейі тік, солт. бөлігіне қарай еңістеніп,
сай-жыралармен тілімденген. Беткі қабаты неогендік
әктастан, гипстен түзілген. түпкі қабаттары палеоген
мен мезозойдың тау жыныстарынан тұрады. Баты-
сында өзімен аттас көл, шығысында өзімен аттас бұ-
лақ, оңт-нде Қарынжарық ойысы орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |