Сольвожүйелер теориясы.Аррениус ұсынған қышқылдар мен негіздердің моделінің әлсіз жері қышқылдық-негіздік әрекеттесулерді тек сулы ерітінділерде қарап шектеуі болды. Еріткіш ретінде басқа сұйықтықтар алынғанда иондық теория түсіндіре алмайтын жайттардің беті ашылды. Алайда суда жүретін үдеріс пен бейсулы еріткіште жүретін үдерістің арасында үлкен ұқсастық бар екендігі байқалды. Мұны алғаш байқаған америкалық ғалым Франклин өзінің сольвожүйелер теориясын ұсынды.
Судың диссоциациялануына сай аквохимия негізі қаланып, заңдары белгіленсе, дәл осыған ұқсатып сұйық аммиактың диссоциациялануын жазып:
2H2O = H3O+ + OH- 2NH3 = NH + NH
аммонохимия негіздерін салуға болады.
Сулы ортада оксоний Н3О+ катионын түзетін заттар қышқылдар болса, сұйық аммиакта аммоний NH+4 катионын бөле диссоциацияланатын заттар қышқылдық қасиет көрсетуі тиіс. Сол сияқты судағы гидроксид ОН- аниондарының орнына аммиакта NH-2 амид аниондары жүретіндіктен KNH2 тәрізді заттар негіздерге жатады.
Сольвожүйелер теориясында қышқылдар деп диссоциацияланған кезде еріткіштің өзі түзетін оң ионға ұқсас катион - лиат беретін заттарды, негіздер деп диссоциация-ланғанда еріткіштің өзі түзетін теріс ионға ұқсайтын анион- лионий бөлетін заттарды айтады.
Протондық теория.Иондық және сольвожүйелер теориясын сипаттағанда табиғаттағы ешбір затты ерекше етіп қарауға болмайды деген пікір айтылды. Алайда химиялық реакцияларға қатысатын бір бөлшектің бойында оқшау ерекше қасиеттердің болатынын айтпай кетуге болмайды. Ол бөлшек протон - сыртында электрон қауызы жоқ жалғыз ион.
Протондық теория бойынша сутек катионы Н+ қатысқан реакциялар протолитті реакциялар деп бөлінеді. Теория бойынша өзінен протон бөле алатын бөлшек (молекула не ион) қышқыл, ал протон қосып ала алатын бөлшек негіз деп саналады. Сулы ерітіндіде Н+ бөлетін молекуланың протондық теория тұрғысынан алғанда да қышқыл болып шығатыны даусыз. Бірақ ол зат еріткіш болмағанда да не судан басқа еріткіште де өзінен протон бөлетіндей қабілеті болса қышқылдар қатарында қала береді. Мәселен, иондық теория бойынша HCl газын суда ерігенде ғана қышқыл деп санасақ, протондық теория оны сусыз - ақ қышқыл деп таниды. Міне осының өзінен соңғы теориядағы қышқылдың анықтамасы бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда кең екендігі көрінеді.
Протолиттік реакцияның мысалы ретінде хлорсутектің суда еруін алайық:
HCl + H2O H3O+ + Cl-
HCl өзінен протон бөліп қышқылдық қасиет көрсетсе, Н2О оны қосып алып негіз ролін атқарады. Бұл реакция негізінен бір бағытта солдан оңға қарай жүретіні мәлім.