pH өзгеруі.Көбінесе ерітінділердің рН өзгеруін қышқыл-негіздік индекаторлар арқылы немесе потегциометриямен анықтайды.
Қышқыл-негіздік индекаторлар негізінде әдетте молекулалық және иондық формасының түстері әртүрлі әлсіз органикалық қышқылдар алынады. Мысалы, лакмус – әлсіз қышқыл, оның HL формуласын келтіру оңай, ерітіндіде диссоциация жүреді:
HL + H2O ↔ H3O+ + L- қызыл көк
Қышқыл ортада тепе-теңдік диссоциацияланбаған бағытқа қарай ауысады және ерітіндінің түсі қызыл болады. Негіздік ортада H3O+ ионы су молекуласы түзілуіне қатысады. Тепе-теңдік оң жаққа аниондар түзілу бағытына қарай ығысады және ерітінді көк түске енеді. Түстің өзгеруі рН 6-дан 8-ге дейінгі аралықта пайда болады (1.22-кесте). Әртүрлі индекаторлар әртүрлі рН мәндерінде түсін өзгертеді. Универсалды индекатор – индекаторлар қоспасы, ол ақырындап рН-тың кең аралығында түсін өзгереді.
Гидролиз. Гидролиз (гидро... және грек. lysіs – айыру, ыдырау) – су мен түрлі заттар арасындағы иондық алмасу реакциясы. Гидролизге тұздар, гидридтер, тиоангидридтер, галогенангидридтер, әр түрлі органикалық қосылыстар ұшырайды.
Гидролиз — кейбір химиялық қосылыстардың су молекуласының әсерінен төмен молекулалы түзілімдер жиынтығына ыдырау қасиеті. Гидролиз сулы ерітінділер жағдайында немесе судың және су буының қатты, сұйық және газ тектес заттарға тигізер әсері нәтижесінде жүзеге асады.
Тұздардың көпшілігі суда ерігенде оның иондары, судың сутек не гидроксид ионымен қосылуын тұздар гидролизі деп атайды.
Алмасу реакциясы кезінде түзілген тұздың қасиеті туралы айту үшін, оның құрамына қандай негіздер мен қышқылдар кіретінін білуіміз керек.
Тұздарды табиғатына қарай 4 типке жіктейміз: І – тип: Күшті негіз бен күшті қышқылдың тұзы. ( NaCl, KNO3, BaSO4 т.б )
ІІ – тип: Күшті негіз бен әлсіз қышқылдың тұзы. ( Na2CO3, K2S, BaSO3, т.б )