1 дәріс Тақырыбы: Ерітінділер түсінігі. Жоспары: Кіріспе



бет30/38
Дата26.10.2022
өлшемі1,68 Mb.
#45445
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
Байланысты:
лекцяя ерітінділер

12 дәріс Беттік керілу
Жоспар:
Беттік керілу.
Беттік меншікті аудан, беттік жалпы аудан
Жұғу және таралу құбылыстары
Қатты денелер мен сұйықтықтың көрші фазалармен арасында беттік бөліну қабаты болады. Фазалар көлемі мен беттік қабатта заттардың молекулаларының күйі бірдей болмайды. Сұйық-ауа екі фазалы жүйе мысалындағы сұйықтың беткі және ішкі қабатындағы молекулаларға молекулалық күштердің әсерін қарастырамыз. Сұйықтың көлемдік фазасындағы А молекуласын және сұйықтың беткі қабатындағы Б молекуласын бөліп қарастырамыз.

сұйықтық

А молекуласын жан-жақтан қоршаған молекулалардың тартылу күштері өзара тең, сондықтан олардың теңгеруші күші нөлге тең болады. Сұйық-ауа бөліну қабатында орналасқан Б молекуласына, шекаралас фазалардан әртүрлі күштер әсер етеді, себебі сұйықтың бірлік көлемінен әсер ететін тартылыс күштерінің қосындысы ауаның бірлік көлемінен әсер ететін күштерге қарағанда өте көп болады.
Б молекуласына әсер ететін Р теңгеруші күштері сұйықтың беттік қабатына перпендикуляр және төмен бағытталған. Беттік қабаттың барлық молекула-лары осындай теңгерілмеген күштер әсерінде болады. Сұйықтың ішкі қысымы сұйықтың көлемінде орналасқан молекулалардың өзара тартылыс күштерін айтады. Сұйықтың ішкі қысымы, оның ішінде полярлы ерітінділерде, өте жоғары болады, 108 Па. Ішкі қысымға тең тартылыс күштері сұйықтың молекуласын беттік қабаттан ішкі көлемге қарай тартады, соның нәтижесінде сұйықтың беттік ауданы берілген жағдайда мүмкін болатын ең кіші шамаға дейін азаяды.
Сұйықтықтың беткі ауданын үлкейту үшін ішкі қысым күшін жеңіп, белгілі бір механикалық жұмыс жасауы қажет.
Т, P, n (1)
Беттік керілуді және және компоненттердің моль сандары тұрақты жағдайларда Гиббс энергиясының фаза аралық бет шамасы бойынша жекеше туындысы ретінде қарастыруға болады.
Беттік керілу σ кез-келген сұйықтың негізгі сипаттамасы болып табылады. Беттік керілудің энергиялық және күштік мағынасы бар. Энергиялық мәні: Бірлік бет ауданның беттік Гиббс энергиясына тең шама, яғни σ бірлік бет ауданды түзу үшін қажетті жұмысқа тең шама (энергиялық өлшемі Дж/м2).
σ күштік мәні: σ берілген көлемде дененің беттік бос ауданын ең кіші шамаға қысқартуға тырысатын және бірлік бетке жанама бойымен әсер ететін күшке тең шама (бұл жағдайдағы өлшемі н/м). Таза еріткіштердің σ, ерітінділердің беттік керілуінен өзгеше болады. болған жағдайдағы ерітіндінің беттік керілуінің еріген заттар концентрациясына байланыстылығы беттік керілу изотермасы деп аталады. белгісі σ-ның С-ға байланыстылығын сипаттайтын тәуелділік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет