Беттік активті емес заттар деп, ерігенде беттік керілуді арттыратын заттарды айтамыз. Қысқа түрде оны былай белгілейміз БАЕЗ. БАЕЗ үшін .
Беттік активті заттар деп (БАЗ) еріген кезде фазалардың бөліну шекарасындағы беттік керілуді төмендете алатын қабілеті бар заттарды айтады. БАЗ-ға молекула құрылысы симметриялы емес, полярлы және полярлы емес топтары бар органикалық қосылыстар жатады.
Мынадай атомдық топтардың –СООН; –ОН; –NН2; –NО2; –СНО; –SО2ОН және т.б. полярлы қасиеттері болады. Бұл топтардың бәрі гидратацияға ұшырайды және гидрофильді болып табылады. БАЗ-молекуласының полярлы емес бөлігін гидрофобты көмірсутектер тізбегі немесе радикалдар түзеді.
БАЗ фазалардың бөліну шекарасында беттік керілуді төмендету қасиеті беттік активтілік деп аталады. Гиббстің атымен G белгілеген, өлшем бірлігі Дж · м/моль немесе Н · м2/моль
БАЗ үшін
Молекуланың полярлы ассиметриясы күшті білінген сайын, қосылыстың беттік активтілігі жоғарылай түседі. Гомологтық қатар бойынша БАЗ молекуласының полярлы емес бөлігі беттік активтілікке қатты әсер етеді. Бұл заңдылықты Г.Дюкло анықтап, онан соң П.Траубе ереже түрінде дәлірек өрнектеді, ол Дюкло-Траубе ережесі деп аталады: қаныққан май қышқылдары, спирттер қатарын бір тізбекке СН2-тобына ұзартса олардың сулы ерітінділерінің беттік активтілігі 3 - 3,5 есе өседі. 13 дәріс Адсорбция Жоспар:
Адсорбция изотермасы.
Фрейндлих теңдеуі, тұрақтыларды анықтау.
Гиббс теңдеуі, тұрақтыларды анықтау.
Ленгмюр адсорбциясының изотермалық теңдеуі.
БЭТ теориясының ережелері. БЭТ теориясының изотерма теңдеуі
Адсорбция деп қандай да бір заттардың қатты не сұйық фазалардың бөліну қабатында өздігінен сіңірілуін айтады. Сіңірілетін затты адсорбтив, өз бетіне қандай да бір затты сіңіруші денені адсорбент деп атайды.
Заттың молекуласы не иондары адсорбциялануына байланысты молекулалық не иондық адсорбция деп бөледі. Адсорбция кезінде адсорбент пен адсорбтив арасында химиялық әрекеттесу болуы мүмкін, мұндай адсорбцияны хемосорбция деп атайды.
Сұйық немесе қатты заттардың бүкіл көлемінде газ немесе будың жұтылуын адсорбция деп атайды.
Сұйық беттегі адсорбция Гиббстің адсорбция изотермасы теңдеуібойынша анықталады.
Мұндағы: С – заттың концентрациясы
- еріген заттың концентрациясына байланысты беттік керілудің өзгеруі;
R – газ тұрақтысы
Т – абсолюттік температура
БАЗ адсорбциясы Ленгмюрдің мономолекулалық адсорбция теңдеуіне бағынады:
Г∞-максималды адсорбция
С – концентрация
К – сорбциялық теңдіктің тұрақтысы
Егер мономолекулалық адсорбция газ фазасында жүрсе, онда Ленгмюр теңдеуінде концентрация орнына қысым қолданылады.
Адсорбция практикада мономолекулалы болғандықтан көбінесе Фрейндлихтың тәжірибелік теңдеуі қолданылады.
Х – адсорбцияланған заттың мөлшері мольда;
m – адсорбенттің массасы