жарықтың сынатын қабілетіне негізделген.
Флуоресценттік микроскопия әдісі
тірі
клеткаларды зерттеу үшін қолданылады, кейбір заттардың жарық сәулелерінің әсерімен
жарық шығаратын қасиетіне негізделген.
Қараңғы өрістегі микроскопия әдісінде
түрлі
тірі клеткаларды байқауға болады.
Фазасы қарама-қарсы микроскопия әдісі
организмнен
шығарылып алынған физиологиялық ерітіндіге салынған ұлпалардың клеткалық
құрылымының нәзік бөліктерін зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл әдістің ерекше
құндылығы in vitro-да өсірілген клеткаларды зерттеуде.
Электрондық микроскопия.
1931 жылы Девиссон мен Калбин Германияда
шығарған.Электрондық микроскоптың құрылыс принципі жарық микроскопына ұқсас,
сәулелерінің ролін электр тогімен қыздырылған вакуумда орналасқан вольфрам жібінен
тарайтын
электрондар
тасқыны
атқарады,
әйнек
линзаларының
орнында
электромагниттер болады.
Авторадиография әдісі
клетканың нақтылы морфологиялық құрылымындағы
синтез процестерінің динамикасын зерттеуге, өзгермеген күйінде цитоплазмада ұзақ
уақыт сақталуын анықтауға және олардың клеткалар мен ұлпаларда, организмдегі
қозғалысын анықтауға мүмкігшілік береді.
Цитохимиялық әдіс
түрлі заттардың клеткада орналасуын және арнаулы құралдар
арқылы олардың санын анықтауға мүмкіндік береді.
Ұлпаларды қолдан өсіру әдісі
ұлпалар мен клеткаларды қолдан өсіріп, зерттеуді
организмнен тыс (in vitro) және организмнің өзінің құрамында жүргізуге болады.
Микрохирургия немесе микрургия әдісі
тірі клеткалардың қасиеттерін зерттеу үшін
қолданады, микроманипулятор деп аталатын құралмен клетканы кеседі, ішінен бөліктерін
шығарып алады.
Рентгенмен құрылымды талдау әдісі
молекулалардың құрамындағы атомдардың
кеңістіктегі орналасуын анықтауғв, олардың ара қашықтықтарын өлшеуге мүмкіндік
береді. Бұл әдісте зерттелетін обьектіге Рентген сәулелері бағытталады, пайда болған
дифракциялық бейнесі фотопленкаға тіркеледі.
Цитологияда қолданылатын өлшем бірліктері:
Микрометр (мкм) -0,001 мм тең;
Нанометр (нм) -0,001 мкм немесе 0,000001 мм тең;
Ангстрем (А) -0,1 нм тең.
Достарыңызбен бөлісу: