1 Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Цитология ғылымының дамуы


 Клеткааралық байланыстар



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата29.09.2023
өлшемі0,5 Mb.
#111560
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Цитология лекция (1)

2. Клеткааралық байланыстар 
Көпклеткалы 
жануарлар 
организмдерінің 
органдары мен 
ұлпаларының 
құрамындағы клеткалардың өзара байланысы клеткааралық байланыстар деп аталатын 
күрделі арнаулы құрылымдарды құрайды. 
Клеткааралық байланыстардың бірнеше түрлері бар: жай клеткааралық байланыс 
(құлып және саусақ тәрізді байланыстар), десмосомалық, тығыз байланыстар, лента 
тәрізді десмосомалар, саңылау тәрізді байланыс. 
Жай клеткалық байланыстар.
Қабат құрайтын клеткалар ерекше құрылымдарды 
құрамастан өзара байланысады. Екі клетканың плазмалеммаларының арасында 15-20 нм 
клеткааралық кеңістік болады. Жай байланыстан басқа клеткаларды өзара байланыстырып 
бекітетін «құлып» деп аталатын арнаулы құрылым болады. Бұл әдісте бір клетканың 
плазмалық мембранасы екінші клетканың плазмалық мембранасының ойындысына сәйкес 
келетін өсінді құрайды. Құлып тәрізді немесе тісті байланыс эпителиальдық ұлпаларда 
көп кездеседі. 
Тығыз байланыс.
Екі көршілес клеткалардың мембраналары мейлінше жақындап, 
бір-біріне жабысып, қалыңдығы 2-3 нм бір жалпы қабат құрайды. Байланыстың аймағы 
макромолекулалар мен иондарды өткізбейді. Тығыз байланыс ми капиллярларының 
эпителий клеткаларының арасында ми клеткаларына қаннан заттардың еркін 
диффузиялануына кедергі болып гемото- энцефальдық тосқауыл құрайды. Мұндай 
байланыс клетканың апикальдік жиегінде болады. 


Десмосомалар 
– көбінесе эпителийлік клеткаларға тән. Десмосома (грекше 
desmoc-байланыс, soma-дене) ара қашықтықтары 30-50мкм екә көршілес клеткалардың 
плазмалық мембраналарының диаметрі 0,5 мкм-ден екі дөңгелек немесе сопақша 
участкелерінен түзілген. Мембрананың астында клетканың ішінде орналасқан 
тонофибриллалар бекитін тығыз пластинка болады, кейде клеткааралық кеңістікте 
цементтеуші зат байқалады.Жанасатын клеткалардың десмосомалары көбінесе бір-бірне 
тығыз беттеспейді, арасында сұйық ағатын клеткааралық кеңістік болады. 
Десмосомалардың функциясы- клеткаларды өзара бекіту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет