1 Дәріс тақырыбы Кіріспе. Катты де ненің құрылысы



бет17/35
Дата04.05.2023
өлшемі1,19 Mb.
#89991
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Қола дегеніміз – мыстың мырыштан өзге барлық элементтермен қосылған қорытпасы. Қоланың атауы негізгі легирлеуші элементтер бойынша беріледі. Сонымен оны қалайылы, алюминийлі, берилийлі, кремнийлі және басқа қолаларға бөледі. Қола Бр (қола) әріптерімен маркаланады, оның соңынан әріптер, сонан кейін легирлеуші элементердің атауын және процент есебімен мөлшерін белгілейтін цифрлар жазылады. Мысалы, БР ОЦС 6-6-3 маркасында 6%Sn, 6%Zn, 3%P болады. Мыс пен никель қорытпаларының да басқа атаулары болады: мельхиорлар, куниальдар, нейзильберлер.
Қалайылы қола аса қаттылық пен морт сынғыштыққа ие. Қола құрылымындағы -фазаның пайда болуы оның тұтқырлығы мен платикалылығының шұғыл төмендеуіне әкеп соқтырады.
Сондықтан, қалайының мөлшерін одан әрі қарай 25%-ке дейін арттырғанда, қола беріктігінің артуына қарамастан, құрамында тек 14%-ке дейін ғана Sn болатын қоланың практикалық маңызыелеулі болады. Қосарланған қалайылы қола қымбат болғандықтан сирек қолданылады.
Қалайылы қоспаны арзандату мақсатымен, стандартталған құйылатын қоладағы қалайының мөлшері 3-6% Sn-нен аспайтын болады. Zn және Pb-нің көп мөлшері қоланың сұйықтай аққыштығын арттырады, құйманың тығыздығын, антифрикциялық қасиеттерін және кесу арқылы өңделуін жақсартады. Қалайылы қоланың құрылымы, мыста ерімейтін қорғасынның жұмсақ кірмелері болуының салдарынан, антифрикциялық қорытпалардың құрылымына қойылатын талаптарды толық қанағаттандырады.
Алюминийлі қола. Алюминийлі қола жоғарғы механикалық, антикоррозиялық және антифрикциялық қасиеттерімен ерекше көзге түседі.
Кристалдануының азғантай интервалы оның жоғары сұықтай аққыштығын, шоғырланып шөгуін және жақсы герметикалығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар шөгуінің көп болғандығынан кейде күрделі фасонды құйма алу қиынға соғады.
Алюминийлі қолада көп 10% дейін алюминийі болады (БрА5, БрА7 маркалары) болады. Бір фазалық қола ең жақсы үйлесетін беріктік пен платикалылыққа ие болады, екі фазалық қола аса беріктігімен және қаттылығымен ерекшеленеді. Екі фазалық қоланы бекемделетін термиялық өңдеуден өткізуге болады. Тез суытқанда -фаза эвтектоидтық емес, мартенситтік түрленуге ұшырайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет