Шойындар құрылымына байланысты шойындар: ақ, сұр, аса берік және соғылымды болып бөлінеді.
Ақ шойындар эвтектикаға дейінгі (2,14–4,3%), эвтектикалық (4,3%) және эвтектикадан кейінгі (4,3–6,67%) болып бөлінеді.
Сұр шойын: құрамындағы көміртегі темірмен механикалық қоспа – пластиналы графит түрінде болады. Сұр шойын – техникалық шойын болып табылады. Оның құрамында 1,2 – 3,5% Si бар.
Соғылымды шойынның тұтқырлығы жоғары. Соғылымды шойын құйма күйінде ақ шойындар қатарына жатады. Құрамындағы темірдің карбидін бөліп, бос графит алу үшін термиялық өңдеуден өткізеді.
Аса берік шойын– магниймен және цериймен модификациялаумен алады. Беріктігі жоғары шойынның құрылымы сұр шойын сияқты ферритті, феррит–перлитті, перлитті болып келеді.
6 дәріс тақырыбы. Металдарды термиялық өңдеу және оның түрлері. Металдар мен металл қорытпаларының физика-химиялық қасиеттерін өзгерту үшін оларды термиялық әдіспен өңдейді. Термиялық өңдеудің кез келгені қыздыру, белгілі бір температурада ұстап тұру, суыту сияқты үш кезеңнен тұрады.
Металдың кыздыру температурасы мен суыну жылдамдығын өзгерту арқылы оның құрылымдық өзгеріс жылдамдығын арттыруға немесе кемітуге болады.
Термиялық өңдеудің түрлері.Термиялық өңдеудің барлық түрі бес топқа бөлінеді: 1) Бірінші тектік қыздырып өңдеу; 2) Екінші тектік қыздырып өңдеу; 3) Шынықтыру; 4) Жұмсарту; 5) Химиялық – термиялық өңдеу.
Қыздырып өңдеу Бірінші тектік қыздырып өңдеу болаттың бастапқы күйіне және оның температурасына байланысты гомогенизациялық қыздырып өңдеу, қайта кристалдануға қыздырып өңдеу және қалдық кернеуді жоюға қыздырып өңдеу деп бөлінеді.
Гомогенизациялық (диффузиялық) қыздырып өңдеу. Бұл түрін легірленген болаттардың морттық сынуына әкелуін жоғарлататын дендритті және ішкі кристалдық ликвацияны кеміту мақсатымен қолданады. Дендритті ликвация легірленген болаттардың пластикалылығы мен тұтқырлығын төмендетеді. Сондықтан тек кішкентай құймаларын ғана емес, ірі құймаларын да гомогенизациялық қыздырып өңдеуге ұшыратады. Гомогенизациялық күйдіруде температура өте жоғары (1100 – 1200 °С) болады, өйткені тек осы жағдайда болаттың бөлек көлеміндегі құрамын теңестіретін толық диффузиялық процесс жүреді.
Екінші тектік қыздырып өңдеу (фазалық өзгерістер) болаттарды немесе нүктелерінен жоғары температураға дейін қыздырып, осы температуралда ұстап тұрып, содан соң өте жәй жылдамдықпен суыту нәтижесінен тепе – тең құрылымды күйге әкелетін фазалық түрленуді айтады.
Қыздырып өңдеудің мынандай түрлері бар: толық, изотермиялық, толық емес және төменгі.
Толық емес қыздырып өңдеу толықтан айырмашылығы, болатты төменірек температураға дейін ( нүктесінен азырақ жоғары) қыздырумен орындайды.
Болаттарды нормальдау. Фазалық қайта кристалдануға қыздырып өңдеу сияқты нормальдануға көбiне қысыммен ыстықтай өңделгеннен кейінгі конструкциялық болаттар және фасонды болат құймалар ұшырайды. Нормальдану күйдіруден негiзiнде суыну жағдайымен ерекшеленедi; Ас3температурасынан 50—70°С жоғары болатын температураға дейiн қыздырғаннан кейiн болатты тынық ауада суытады.