Феррит– –Fe – ге көміртегі енгізілген қатты ерітінді. Оның көлемге орталықтанған кубтық торы болады да, көміртектің ерігіштігі төмен болып келеді. Ферриттің төменгі және жоғары температуралы түрлері бар. Төменгі температуралы ферритте көміртектің шекті концентрациясы 0,02%, ал жоғары температуралы ферритте 0,1% болады. Феррит – жұмсақ, пластикалық фаза.
Аустенит – –Fe көміртегі ендірілген қатты ерітінді. Оның атомаралық саңылаулары көлемге орталықтан кубтық торымен салыстырғанда 2 есе үлкен келеді, әрі қырға орталықтанған кубтық торы болады. –Fe–де көміртегінің ерігіштігі жоғары, ол 2,14% жетеді.
Цементит – темірдің көміртегімен химиялық қосылысы (Fe3C). Оның құрамында 6,67%C және атомдары тығыз орналасқан күрделі ромбылық торы болады. Қалыпты жағдайда цементит қатты және морт болады.
Графит – бұл темір–көміртекті қорытпаларында көміртегінің еркін күйде болуы. Оның гексагональдық кристалдық торы болады
Темір-цементит (метатұрақты тепе – тең) күй диаграммасы Темір–цементит күй диаграммасының жалпы сипаттамасы. Темір–цементит күй диаграммасы (сурет) қорытпа концентрациясының таза темірден цементитке дейінге түрленуі мен фазалық құрамын сипаттайды.
15 – сурет. Темір – цементит (Ғе - Ғе3С) күй диаграммасы
Аустенит пен цементиттің эвтектикалық қоспасы ледебурит(4,3%C), ал феррит пен цементиттің эвтектоидты қоспасы – перлит(0,8%C) деп аталады.
Құрамында 0,02 – ден 0,8 % С бар болаттарды эвтектоидқа дейінгі болаттар деп атайды. Онда жоғарыда айтылғандай кристалданудан кейін тек аустениттен тұратын құрылым түрленуге ұшырап, екі фазалы құрылымға ыдырайды, яғни феррит пен перлиттен тұрады (А → Ф + П).
Эвтектоидты түрлену тұрақты температурада жүреді (727°С). Құрамында 0,8 %С бар құрылым эвтектоидтық деп аталады. Мұнда 727°С температурада болаттағы барлық аустенит перлитке түрленеді.
Құрамында 0,8 – ден 2,14 % С болаттарды эвтектоидтан кейінгі деп атайды. SЕ сызығының жоғары бұл қорытпаларда тек аустенит болады.
Көміртекті темір қорытпалары екі топқа: құрамында 2,14% дейін көміртегі болуын болат деп , ал 2,14% астам көміртегінің болуын шойын деп атайды.
Teмip – графит жүйесiнде эвтектика 1153°С – да түзіледi Оның құрамында 4,26% С болады және аустенит пен графиттен тұрады. Бұл графитті эвтектика деп аталады.
Көміртегінің мөлшері 2,14% – ке дейін болатын көміртекті темір қорытпаларын болаттар деп атайды. Құрамында темір мен көміртегіден басқа да қоспалар кездеседі: Mn, Si, S, H, P, O, N – технологиясына байланысты болады, ал Cu, Cr, Ni және т.б. элементтер – кездейсоқ қоспалар болады.