1. Экстрациялық әдіс- кейбір неорганикалық заттар суда ерімейді. Бірақ құрамын қасиетін зерттеу үшін ерітінді алу қажет. Сондықтан анализде көбінесе органикалық заттарды қолданады (спирт, эфир, ацетон, хлороформ, бензин, керосин, майлар т.б). Аталған заттарда ерігіштігіне байланысты ерітінді берілген заттардың үлесі әр түрлі болады. Олардың ерігіштігі әр затқа байланысты: кейбір заттар жақсы ериді, кейбіреулері нашар ериді. Экстрация әдісі арқылы көбінесе керегі жоқ, кедергі келтіретін иондарды аз еритін, ерімейтін затқа айналдырады. Керек катионды, анионды ерітіндіге жіберуге тырысады. Экстракция әдісі басқа әдістерге қарағанда ыңғайлы.
- сұйытылған ерітіндіден экстрациямен керек затты бөліп алуға болады. Сондықтан реакциялар сезімділігі жоғары.
- Экстрация әдісі арқылы алынған зат көбінесе таза болады.
- Басқа әдістер арқылы заттар бөлінбесе экстрация арқылы бөлінеді.
- Аналитикалық химияда әр әдіс басқа әдістермен бірге қолданады.
Мыс. Темір (ІІІ) қышқыл, негіздік, су ерітіндісінен эфир арқылы бөлінеді. Органикалық еріткіштерде экстракция негізінде ерітінділер әр түсті болуы мүмкін.Егер дитизол алсақ: AgHDz сары, Cu(HDz)2 , Hg2 HDz Pb(HDz)2 , Sn(HDz)2
2. Қосымша тұнбаға түсіру әдісі – зерттейтін ерітіндіде ашатын ионның (түрі) үлесі өте аз болса, сол кезде бірге тұнбаға түсетін басқа затпен әдісті қолданады. Ол затты кольлектор (жинағыш) дейді. Кольлекторға зеттейтін адсорбция арқылы тұнбағы бірге түседі. Мыс. Титанның ионын анықтау үшін ерітіндідегі алюминий бар ерітіндіні құяды және аммоний сол уақытта алюминий гидроксидің түзеді. Сонымен бірге титан түзіледі. Бөліп алған зерттейтін катион мен аниондарды құрғатып, кептіріп, кольлектордан бөліп алу керек.
3. Дистиляция әдісі – бұл әдіс негізінде заттардың әр температурада қайнайтын қасиеті жатыр. Алынған заттарды қайнатқанда буға, газға айналатын күйге жеткіземіз. Содан кейін салқындатып порциямен (фракциямен) жеке бөліп аламыз.
4. Изотоптық белгіленген атомдармен қолданатын әдіс –аналитикалық химияда изотоптық индикаторларды қолданады. Ол радиоактивтелген атомдар тұрақты алынған шамасы өте аз адмға қоршаған ортаға зиян келтірілмейтін болып қолданады. Бұл әдіс радиоактивті изотоптан қысқа толқындар импульс беру арқылы арнайы анықтайтын, санайтын аппараттар прибор арқылы бөлінеді. Көбінесе бұл әдісті өте-өте аз заттардың әдісі болғанда қолданады.