1 –дәріс. Тақырыбы: Көркем еңбек оқыту педагогика ғылымының саласы Мақсаты



Дата15.11.2023
өлшемі25,07 Kb.
#122908
Байланысты:
1-дәріс


1 –дәріс.
Тақырыбы: Көркем еңбек оқыту педагогика ғылымының саласы
Мақсаты:Көркем еңбек пәнінің білім беру жүйесіндегі маңызын айқындау, түрлеріне тоқталу.
Дәріс жоспары:
1. Еңбекке үйретудін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері
2. Көркем еңбек пәнінің басқа ғылымдармен байланысы
3.Көркем еңбекке үйрету пәнінің өзіндік ерекшеліктері.

1.
Жалпы білім беретін орта мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарында көркем еңбек сабағы Қазақстан Республикасының бастауыш білімінің мемлекеттік стандартына сүйеніп құралатын оқу бағдарламасы бойынша өтіледі. Көркем еңбек сабағының мазмұнының құрылымы 4 блок бойынша оқытылады.


І Өзіне - өзі қызмет ету.
ІІ Ауылшаруашылық еңбек.
ІІІ Техникалық еңбек.
ІV Көркем еңбек.
Бұл блоктың бөлімдер мынандай еңбек түрлерінен қамтылған.
І. Өзіне - өзі қызмет ету
1. Киімді күту, жөндеу (жамау)
2. Бөлмені, сыныпты тазалау.
ІІ. Ауылшаруашылық еңбек.
1. Сыныпта атқарылатын жұмыстар.
2. Тәжірибе үлесімінде атқарылатын жұмыстар.
3. Тірі табиғат бұрышында атқарылатын жұмыстар.
4. Мектеп фермасында өткізілетін жұмыстар
ІІІ. Техникалық еңбек
1. Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс.
2. Құрастыру, техникалық үлгілеу.
3. Ағашпен жұмыс.
4. Металлмен жұмыс.
ІҮ. Көркем еңбек
1. Ермексаз және сазбалшықпен жұмыс.
2. Матамен жұмыс.
3. Қолданбалы қолөнер.
Оқушылар 4 жыл ішінде бейнелеу пәнімен байланысты архитектура (сәулет өнері) мүсін, графика, техника, сәндік қолданбалы қолөнер шығармасымен танысады. Дизайндық білім негіздерімен танысады.
Өзіне-өзі қызмет ету еңбегі барысында оқушылар күнделікті тұрмыста кездесетін жұмыстарды атқаруды үйренеді.
Мысалы: Сыныптағы жұмыс орнын (парта үстін) таза ұстау, кітаптары мен дәптерлерін ұқыпты ұстай білу, киімдерін таза ұстау, тазарта білу, жамау, түйме қадау ілгек түрін қадай білуге үйренеді.
Ауылшаруашылық еңбегі қала және ауылдық мекендерде екі бағытта жүргізіледі.
Ауылшаруашылық жұмыстары көбінесе жергілікті жердің жағдайымен мектептің мүмкіндіктеріне қарай жоспарлануы тиіс.
Жаңа нұсқада «Көркем еңбек» пәнінің мақсаты – білім беру мәнінің жаңа бағытына сәйкес еңбек іс-әрекеті негізінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру деп айқындалды. Осыған орай «Көркем еңбек» пәнінің міндеттерінің желісі түзілді:
- оқушының жеке тұлғасын мотивтік саналарын дамыту.
- оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
- оқушының қарапайым құралдармен және әртүрлі материалдармен жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру.
- пәндік практиканың дағдыларын қалыптастыру.
Стандартта «Көркем еңбек» пәні оқушының технологиялық даярлығын жүзеге асыратын оқу пәні ретінде жаңа сипаттамаға ие болды:
- еңбек мәдениеті туралы алғашқы түсініктер.
- өмірдің әртүрлі саласында қолданылатын жалпы еңбек дағдылары.
- түрлі материалдармен және басқалармен ерекшеленеді.
- техникалық еңбек негіздері.
- көркем еңбек негіздері.
- тұрмыстық еңбек негіздері.
- дизайн негіздері.
Көркем еңбек пәнінің базалық бағдарламасы мына бөлімдермен қамтылды:
1. Техникалық еңбек.
2. Көркем еңбек.
3. Дизайн.
4. Тұрмыстық еңбек.
Ауылшаруашылық еңбек бөлімі “Дизайн” бөлімімен өзіне-өзі қызмет ету бөлімі тұрмыстық еңбек, еңбек бөлімімен өзгертілді.
Дизайн бөлімінің мазмұны бұйымдарды көркемдеп өңдеу, оларды эстетикалық жүйеде безендіруге машықтандыру.
Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәнін оқытудағы пәнаралық байланыс, негізінен, бес пәннің байланысын қажет етеді. Ол пәндерге музыка, бейнелеу өнері, ана тілі, математика және дүниетану жатады. Бірақ сонымен бірге, алдыға қойылған мақсат-міндеттерге және оқушылардың ықылас, белсенділігіне қарай география, тарих, ботаника т. б. Пәндердің қарапайым элементтері қолданылып, байланыстырылу жолдары да кездеседі.
Еңбекке баулу пәні негізінен оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге бағытталады. Мектептерде еңбекке баулу мен музыка пәндерін, өнер саласының элементтерін пәнаралық байланыста оқыту оқу пәндерінің эстетикалық бағыттылығын жүзеге асыруға негізделеді.
Бастауыш сыныптарда еңбекке баулу сабақтарын музыка пәнімен мейлінше көбірек қабыстыру қажет. Әр сабақ сайын өтілетін тақырыпқа байланысты, сабақтың мақсатына қарай музыкалық шығармаларды молынан қолданған жөн. Бастауыш сыныптардың барлығында өтілетін еңбекке баулу пәнінің халықтық-сәндік қолөнер тақырыбындағы сабақтардың өтілу желісін қазақтың күйлерімен байланыстыру көп пайдасын тигізіп, оқу нәтижесінің жоғары болуына мол ықпал жасайды. Ұлттық күйлер әсіресе бастауыш сынып оқушыларының қабылдау ерекшеліктеріне байланысты сезіміне зор әсер етіп, қиялы мен ойлауына позитивті түрде ықпал етеді. Тек ескеретін жайт - күйді ырғағына қарай таңдап алып, дыбысын сабаққа кедергі жасамайтындай етіп пайдалану қажет.


Бақылау сұрақтары:

  1. Көркем еңбекке үйретудін оқыту әдістемесінің теориялық негіздеріне сипаттама беру

  2. Бастауыш сыныптағы көркем еңбектің басқа ғылымдармен байланысы

  3. Еңбекке баулу сабағының мазмұнының құрылымы неше бөліктен тұрады?

  4. Көркем еңбекке үйрету пәнінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

Әдебиеттер

1. ҚР Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім.- А., 2003.


2. «Еңбекке баулу» бағдарламалары (1,2,3,4- сыныптар).- А., 2003.
3. «Еңбекке баулу» оқулықтары (1,2,3,4- сыныптар).- А., 2001-2004.
4. Әміргазин Қ.Ж. Қазақ қолөнері.- А., 2004.
5. Өмірбекова М. Энциклопедия. Қазақтың ою өрнектері. - А.,2005.
6. Смирнов С.А. Технология как средство обучения второго поколения.-М.,2005.
7. Сатканов О.С. Еңбекке баулу әдістемесі (1-4 сыныптар). А., 1995

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет