1-Дәріс тапсырмасы:
Психология ғылымы нені зерттейді?
Психология – психикалық құбылыстардың пайда болуы, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психиканы материалистік және идеалистік жаймен ұғынудың айырмашылығы неде?
Психикалық құбылыстарды идеалистік тұрғыдан түсінудің мәні психиканың материядан тыс, өз бетінше өмір сүретін болмыс ретінде қаралатындығында. Психика – тәнсіз, материясыз негіздің, «абсолютті рухтың», «идеяның» көрініс беруі-, дейді идеалистер. Материалистік түсінік бойынша психиканы материядан туындайтын, екінші құбылыс ретінде көрсетеді. Идеалистік философия өкілдері материядан тәуелсіз ерекше рухани бастаудың бар екендігін мойындайды, олар психикалық әрекетті материалдық, тумайтын, әрі өлмейтін жан түрінде қарастырады.
Психология ғылымының қандай салалары бар?
Психология сан салалы ғылым. Қазірде оның қырыққа жуық саласы бар. Қай саласы болса да күнделікті өмірімізге қызмет етеді.
Оларды тудырған- қоғамның нақтылы талап-тілектері, өмірімізде болып жатқан ғылыми-техникалық экономиалық прогрестің әсері.
Жалпы психология қалыпты ересек адамның психикалық қызметінің неғұрлым жалпы заңдылықтарын зерттейді.Сондай-ақ ғылымның негізгі принциптері ,оның әдістері ,психологияның әр саласында өткізілген зерттеулер негізінде талданып қорытылған және абстракцияланған ұғымдар жүйесі де жалпы психологияның мазмұны болып табылады.
Әлеуметтік психология әр түрлі әлеуметтік қауымдардың – топтардың,ұжымның психикалық көріністерін (олардың көңіл-күйін,қоғамдық пікірін ,еліктеуін т.б ),топтар мен ұжымдардағы адамдар арасындағы өзара қатынастар сипатын ,олардағы жеке адамның алатын орнын зерттейді.
Салыстырмалы психология/бұрын бұл зоопсихология деп аталатын/психологияның салалары ішінен ерекше орын алады ,өйткені ол жануарлардың психикасын зерттейді.Психологиялық бұл бағыттың мәні жануарлардың ,әсіресе дамудың жоғары сатысындағы жануарлардың психикасын зерттей отырып ,адам санасының алғашқы тарихын ашуға болатындығында.
Педагогиклық психология білім беру мен тәрбиелеудің психолгиясымен тығыз байланысты,өйткені ,білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын оқитындардың жас шамасын және индивидуалдық ерекшеліктерін ескермейінше ашу мүмкін емес.
Жас ерекшелік психологиясы адамның психикалық даму заңдылықтарын ,әр түрлі психикалық процестердің /естің, ойлаудың ,қияалдың ,сезімнің/қалыптасу процесін және жеке адамның психикалық қасиеттерін зерттейді.
Міндеті:жастық ерекшеліктерді ашу,жасқа қатысты шақтардың біріншісінен екіншісіне өтудің заңдылықтарын белгілеу болып табылады.
Инженерлік психология –еңбек психологиясы бөлімдерінің бірі.Ол адамның машинамен өзара әрекеті туралы мәселені ,оның өзінде,негізінен өндірістік механикаландыру мен автоматтандырудың жоғары сатыға көтерілген жағдайында ,басқарудың автоматтандырылған жүйесі жағдайында зерттейді.
Спорт психологиясы спортшыларды баулу мен тәрбиелеудің психологиялық негізін зерттеп дайындайды,спорттық дағдылар мен шеберлікті қалыптастыру заңдарын зерттейді ,жарыстық тартыстар жағдайында спортшының сана көріністерін тексереді ,спорттық шайқастарда жеңіске жету үшін қажетті рухани және моральдық қасиеттердің қалыптасу заңдылықтарын ашады.
Заң психологиясы тергеудің психологиялық аспектілерімен ,куәлар жауаптарының талдауы,куәгерлік көрсетулерді,жауап алуға қойылатын талаптарды талдаумен байланысты проблемаларды зерттейді.Бұл сала сондай-ақ қылмысты адамның психологиялық ерекшеліктерін ,қылмыстың жасалу себептерін ,тұтқынның психологиясын және еңбекпен түзеу коллонияларының тәрбиелік әсерінің тиімділігін зерттейді.
Әскери психология адамның соғыс жағдайындағы ,ұрыс кезіндегі ,әскери дәрежесі жоғарыларға сөзсіз бағыну жағдайындағы пихологиясымен шұғылданады.Әскери психологияның маңызды міндеті-әскери оқу мен тәрбиенің психологиялық мәселелерін талдау болып табылады.
Патологиялық психология адамдардың нормальді психикалық қызметінің бұзылуының әр түрлі формаларын, нормальды психикалық қызметінің бұзылуының әр түрлі ауытқуларын зерттейді.Психологияның бұл саласында бірнеше бағыт: олигофренопсихология/психикалық дамудың мидың туа біткен ақауларына байланысты патологиялық жағдайларын тексереді/,тифлопсихология /соқыр немесе нашар көретін адамдардың психологиясын зерттейді/,сурдопсихология/есту қабілетінің бұзылуымен байланысты психологиялық ерекшеліктерді зерттейді/бар.
Достарыңызбен бөлісу: |