1. ДӘріс тезистері


Тақырып 11. Молекула аралық әсерлесу



бет7/9
Дата25.11.2023
өлшемі104,67 Kb.
#127286
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Зат құрлысы лекция

Тақырып 11. Молекула аралық әсерлесу

Жүйедегі молекулалар бір-біріне бір немесе бірнеше нанометр жақындағанда олар бірін-бірі тартып молекулааралық әрекеттесу басталады. Көп жағдайда молекулалар бір-бірімен әрекеттескенде олардың атомдарының электрон бұлттары қаптаспайды. Тек кейбір молекулалар бір-біріне өте жақын кел-генде олардағы атомдардыц орбитальдары өзара қаптасады. Мұның нәтижесінде түзілген химиялық байланыстардың беріктігі әр түрлі болады. Молекулааралык байланыстарға сутектік, донорлы­ акцепторлы т.б. байланыстар жатады. Сутектік байланыс, ковалентті байланыстан әлсіздеу болады.


Молекулалар арасындағы әрекеттесу электростатикалык жолмен немесе донорлы-акцепторлы жолмен іске асуы мүмкін.
Молекулалардың электростатикалык әрекеттесуі бағытталушы, индукциялы және дисперсті болып үшке бөлінеді.
Бағытталушы әрекеттесу полюсті молекулалардың арасында жүреді. Тәртіпсіз қозғалып жүрген молекулалар бір-бірімен кез-дескенде олар өздерінің әр түрлі полюстері арқылы әрекеттесіп молекулааралык, байланысының бағытталушы типін түзеді. Моле-кулалардың полюстігі неғүрлым басым болса, олардың арасында-ғы әрекеттесу де күшті болады.
Индукциялық әрекеттесу көбінесе полюсті және полюссіз моле-кулалардың арасында жүреді. Полюсті және полюссіз молекула­лар кездескенде полюсті молекуланың эсер етуінен полюссіз моле­кула өзінің формасын өзгертіп, онда индукцияланудың нәтижесінде оң және теріс полюстер пайда болады. Индукцияланған, яғни, по-люстері пайда болған молекула полюсті молекулалармен әрекет-тесіп молекулааралык байланыстар түзеді. Полюсті молекуланың дипольдық моменті неғұрлым үлкен болса және полюссіз молеку-ланың индукциялануы неғүрлым жоғары болса, индукциялық әре-кеттесу де жоғары болады.
Молекулааралык әрекеттесудің көбірек тараған түріне дисперс-тік тип жатады. Дисперстік молекулаарлық әрекеттесу молекула-ларда лезде пайда болатын полюстерге байланысты. Молекулалар бір-біріне жақындасқанда олар карама-қарсы жақтарымен әре-кеттеседі. Сөйтіп молекулаларда лезде болып және жойылып кетіп отыратын полюстер олардың арасында молекулааралык байланыс-тардың түзілуіне жағдай жасайды.
Осы қарастырылған молекулааралык әрекеттесудің түрлерін Ван-дер-Ваальс күштері деп атайды. Ван-дер-Ваальс күштері мо-лекулалардың арасы қашықтаған сайын азаяды, ал жақындаған сайын күшейеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет