«Зат құрылысы» пәнінің негізгі мақсаты молекулалардың құрылысы мен геометриялық конфигурациясын анықтау, олардың физика-химиялық қасиеттерімен байланысын көрсету.
Бұл пәнінің негізгі міндеттері:
нақты заттардағы химиялық байланыстарды есептеу үшін қазіргі химиялық байланыстар теорияларын игеру;
спектроскопиялық әдістерді түрлі химиялық процестер зерттеуінде қолдана білу;
топтар теориясы көмегімен кванттық химиядағы есептерді шығара білу;
тәжірибеден алынған мәліметтерді теория бойынша салыстыра білу;
заттардың қасиеттері мен құрылысының арасындағы байланыстарды меңгеру керек.
"Зат құрылысы" курсын оқудың нәтижесінде студенттер әртүрлі заттардағы химиялық байланыстың мәселелерін шешуде химиялық байланыстың қазіргі теорияларының негіздерін қолдануды, қарапайым квантты-механикалық есептеулерді жүргізуді және олардың нәтижелерін тәжірибе мәліметтерімен салыстыру білу керек.
Пәннің қысқаша мазмұны Химияның негізгі мәселелері – заттарды идентификациялау, олардың химиялық құрылысын анықтау, заттың физикалық және химиялық қасиеттері мен оның химиялық құрылысы арасындағы байланысын зерттеу.
Физика, кванттық механика мен кванттық химия, кристаллохимия және физикалық зерттеу әдістері мен қатар «Зат құрылысы» курсы заттардың құрылысы мен қасиеттері туралы білімінің негізі болып табылады.
Қазіргі заманда кез келген химиялық не физика-химиялық курсын оқуда атомдар мен молекулалардың құрылыс теориясының негіздерін, химиялық байланыстың табиғатын және химиялық реакцияның себептерін түсіну негізгі талап болып шығады.
Молекулалар құрылыс теориясына сүйеніп «Зат құрылысы» пәнінде молекулалардың электрлік, магниттік қасиеттерінің, энергиялық күйлері, қасиеттері мен олардың құрылысы арасындағы байланысы қарастырылады.
Аталған пәнді оқудың нәтижесінде студенттер әртүрлі заттардағы химиялық байланыстың мәселелерін шешуде химиялық байланыстың қазіргі теорияларының негіздерін қолдануды, қарапайым квантты-механикалық есептеулерді жүргізуді және олардың нәтижелерін тәжірибе мәліметтерімен салыстыру білу керек.