1 ДӘріс «ветеринариялық эпидемиология 1,2» ПӘнінен дәрістер курсы


Инфекция, инфекциялық процесс және инфекциялық аурулар туралы түсініктер



бет2/2
Дата14.09.2023
өлшемі20,8 Kb.
#107351
1   2
Байланысты:
ДӘРІС-№1

Инфекция, инфекциялық процесс және инфекциялық аурулар туралы түсініктер. Латынша іnfectіo - жұқтырамын деген мағынаны білдіреді.
Алғаш рет ғылымға бөл терминді 1842 ж. Кристоф Вильгельм Хуфеланд енгізді. Бастапқыда оны сифилис және басқа да мерез ауруларына ғана қатысты пайдаланды. Ал инфекциялық аурулар деген атау және жеке топқа бөліп қарау белгілі патолог Вирховтың ұсынысымен болды.
Инфекция деп жануар организмі мен зардапты микробтардың әрекеттесуіндегі эволюциялық қалыптасқан биологиялық процесстер комплексінің дамуы барысындағы қағыну күйін айтады. Инфекция это состояние зараженности, при котором развивается эвоюционно-сложившийся комплекс биологических реакций взаймодествия макроорганизма и патогенных микробов.
Инфекциялық процесс деп белгілі бір нақтылы (қоршаған орта) жағдайдағы макроорганизм мен микроорганизм арасындағы динамикалық реакцияны айтады.
Жұқпалы ауруларға тән қасиеттердің бірі-ол олардың өршуінің сатылығы, яғни ауру білінгеннен кейін, бірінен соң бірі бірнеше кезеңдер өтеді. Ол кезеңдер төмендегідей:

  1. Жасырын (инкубациялық) кезеңі.

  2. Бастапқы немесе клиника алдындағы (продромалдік) кезең.

  3. Клиникалық белгілері.

  4. Аурудың ақыры (исход болезни).

Барлығы 30 мыңнан аса ауру бар. Олар жұқпалы, жұқпалы емес, инвазиялық, инфекциялық ауру болып бөлінеді.
Адам және жануарлар ауруларының жіктелуінің жалпы үлгісі. Антропоноозды аурулармен адамдар ауырады. Зооантрапонозды аурулармен адамдар да малддар да ауырады. Зооноздар адамға жұқпайтын тек жануарларға ғана жұғатын аурлар. Инфекция қоздырушысының бастауына байланысты жұқпалы аурулар келесі түрлерге бөлінеді:
- Ктеноздар (kteіs - Ій хайуаны) қоздырушыларының бастауы тек қана үй жануарлары. Оларға маңқа, сақау, пуллороз, колибактериоз, т.б. жатады.
- Терионоздардың (therіon - аң) қоздырушыларының бастауы тек қана жабайы жануарлар. Бұл ауруға түйе обасы, тулеремия, мелоидоз және т.б. жатады.
- Ктенотериноздардың бастауы үй хайуандарымен қатар жабайы жануарлары да бола алады. Бұл ауруларға лептоспироз, листериоз, шошқа обасы, аусыл, т.б. жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет