есте аяқталмаған тапсырманың iзiн сақтап, естiң таңдамалығына əсер етедi.
CC
ғасырдың басында естiң
мағыналық теориясы пайда болды. Бұл теорияның
өкiлдерi сəйкес процестердiң жұмысы мағыналық байланыстардың бар немесе жоқ
болуына тəуелдi деп пайымдады. Мағыналық байланыстар есте сақталған материалды
азды-көптi көлемдi мағыналық құрылымдарға бiрiктiредi. Бұл бағыттың көрнектi өкiлдерi
А.Бине мен К.Бюлер болды. Олар есте сақтауда, қайта жаңғыртуда материалдың
мағыналық мазмұны басты орын алатынын көрсеткен.
Алғаш балалардың есiнiң жоғары формаларын жүйелi түрде зерттеген көрнектi кеңес
психологы Л.С.Выготский болды. Ол өзiнiң шəкiрттерiмен бiрге естiң жоғары формалары
шығу тегi жағынан əлеуметтiк жəне психикалық əрекеттiң күрделi формасы екендiгiн
көрсеттi. Выготский ұсынған жоғары психикалық функциялардың шығу тегi туралы
теорияның шеңберiнде естiң фило- жəне онтогенетикалық даму сатылары анықталды.
Выготскийдiң жұмыстары француз ғалымы П.Жаненiң зерттеулерiне ықпал еттi.
Француздардың психологиялық мектебi барлық ес процестерiнiң əлеуметтiк
келiсiлгендiгiн, адамның практикалық iс-əрекетiне тiкелей байланыстылығын дəлелдедi.
Кеңес психологтары ерiктi мнемикалық iс-əрекеттiң күрделi формаларын зерттеудi
жалғастырды. Онда ес процестерi ойлау процесiмен байланыстырылды. Осылайша,
А.А.Смирнов пенП.И.Зинченконың iс-əрекеттiң психологиялық теориясы позициясынан
жүргiзiлген зертеулерi естiң заңдылықтарын мағыналанған адам iс-əрекетi ретiнде ашуға
жол бердi, есте сақтаудың қойылған тапсырмаға тəуелдiлiгiн жəне күрделi материалды
есте сақтаудың негiзгi тəсiлдерiн тапты. Мысалы, Смирнов ойларға қарағанда əрекеттер
жақсы есте сақталатындығын, ол əрекеттердң iшiнде қиындықтарды жеңумен
байланыстылары ұзақ есте сақталатындығын тапты
.
Естiң физиологиялық теориясын жасаған И.П.Павлов жəне П.К.Анохин зерттеулерi
бойынша жүйкелiк импульстар нейрон арқылы өткенде, өзiнiң iзiн қалдырады – бұны
нейрондық модель теориясы деп те атайды. Жүйке клеткаларынан таралатын аксондар
басқа клеткалардағы дендриттермен жанасады немесе өзiнiң клетка денесiне қайта
оралады.Жүйке клеткаларында осындай құрылымдарға сəйкес байланыс пайда болады.
Сөйтiп, клеткалардың өз-өзiнен жанауы iске асады. Мұндай құбылыстар жүйесiн iздердiң
сақталып қалудың физиологиялық субстраты деп есептейдi.
Естi нерв клеткаларының iшiндегi биохимиялық реакциялармен түсiндiретiн ХХ
ғасырда терең зерттелiне басталған
биохимиялық теория. Еске сақтау екi сатылы сипатта
болады деген жорамал бар. Сонда алғашқы сатыда тiтiргендiргiштер тiкелей əсер еткеннен
кейiн мида электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болады. Олар нейронда
физиологиялық өзгерiстерге əкеледi. Екiншi сатыда, бiрiншi реакциядан кейiн жаңа
белоктiк заттар (протейiндер) пайда болады. Бiрiншi сатыдағы реакция секунттар мен
минуттарға созылады содан оны қысқа мерзiмдi естiң физиологиялық механизiмi деп
есептейдi. Ал екiншi кезеңдегi клеткада болатын химиялық өзгерiстердi ұзақ мерзiмдi
естiң механизiмi деп есептейдi. Бұны атжалманндарға өткiзiлген эсперименттерде
тексерген жəне адамдардан байқаған. Мысалы, егер адамға бiр əсерден кейiн мидағы
электрохимиялық iзi биохимиялық өзгерiстерге айналмай түрғанда (10 секунттың iшiнде)
бұл əрекет үзiлсе (мысалы, есiнен танып қалғанда, эпилепсия жағдайында), онда соңғы
əсердi адам есiне түсiре алмайды.
Естiң зерттеулерiнiң iшiнде кибернетикалық модельдеу де бар. Бұл арқылы естiң
Достарыңызбен бөлісу: