№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет11/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

Сауал-тесттер белгілі бір психологиялық мінездеменің бар болуын я
айқындалғандығы жайлы сенімді ақпарат алатын сұрақтарға зерттелушілердің жауабына
талдау ретінде қалыптасты. Мұндай мінездеменің дамуы мазмұнына сай келген
жауаптардың санына негізделеді. Тапсырма-тест белгілі бір тапсырмаларды табысты
орындау арқылы адамның психологиялық мінездемесі жайлы ақпарат алу. Мұндай
тесттерде тапсырмалардың бірнешеуін орындау қажет. Орындалған тапсырма санынан ол
адамдағы белілі бір психологиялық сапаның бар немесе жоқ, сонымен қатар оның даму
деңгейіне негіздеме бола алады. Мидың даму деңгейін анықтайтын тесттердің көбі осы
категорияға жатады.
Тесттерді əзірлеуге талпынған адамдардың бірі Ф.Гальтон (1822-1911). 1884 ж
Лондондағы Халықаралық көрмеде Ф.Гальтон антропометриялық зертхана
ұйымдастырды 
(кейіннен 
бұл 
Лондондағы 
Оңтүстік-Кенсингтон 
мұражайына
ауыстырылды). Бұл зертханадан бойының ұзындығын, салмағын, сезімталдықтың əр
түрін, реакция уақыты жəне басқа да сенсомоторлы қасиеттері өлшеуден тоғыз мыңдай
адам өткізілді. Ф.Гальтон ұсынған тесттер мен статистикалық ұсыныстар өмірдің
практикалық мəселелерін шешу үшін кеңінен пайдаланылды. Бұл қолданбалы
психологияның бастамасы еді, соңынан бұл ңпсихотехникаң деген атқа ие болды.
Бұл термин Д.Кеттелдің (1860-1944) 1890 ж Mind журналында Ф.Гальтонның
қортынды сөзімен ңMental Tests and Measurmentң (ңАқыл-ой тесттері жəне өлшемдерң)
мақаласы жарық көргеннен кейін ғалымдардың лексиконына енді. Кеттел бұл мақалада
ңПсихология эксперимент пен өлшемдерге сүйенбейтін болса, физикалық ғылымдар
секілді тұрақты жəне дəл ғылым бола алмайды. Көптеген адамдарға ақыл-ой тесттерін
қолдану арқылы бұл салада алғашқы қадам жасауға болады. Мұның нəтижелері
психикалық процестердің тұрақтылығын, олардың өзара байланысын жəне əр түрлі
жағдайда өзгеруін ашуда ғылыми бағалы болады ң.
1905 ж француз психологы А.Бине интеллектті бағалайтын бірінші тестті жасады.
ХХ ғ. басында француз үкіметі оқушыларды оқу деңгейіне қарай бөлу үшін А.Бинеге
мектеп оқушыларына арналған интеллектуалдылық қабілет шкаласын жасауды
тапсырды. Соңынан көптеген ғалымдар тесттердің сериясын жасап шығарды. Олардың
практикалық міндеттерді жедел шешуге бағытталғандығы бұл психологиялық тесттердің
кеңінен тарауына əкелді. Мысалы, Г.Мюнстерберг (1863-1916) кəсіби таңдап алуға
арналған тесттер жасады. Олар былайша жасалды: алдымен олар ерекше жетістікке
жеткен бір топ жұмысшыларға, содан соң жаңадан жұмыс орнына келгендерге. Бұл ой
психикалық жұмысшылардың қызметі табысты орындау құрылымдарының тест кезінде
зерттелушінің орындай алатын құрылымдарымен өзара байланысына негізделді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде психологиялық тесттерді көптеп пайдаланды.
Бұл кезде АҚШ соғысқа кірісуге дайындалып жатқан болатын. Бірақ соғысып жатқан
жақтардағыдай қаруланбаған еді. Сондықтан соғысқа кіріспес бұрын (1917 ж.) əскери
биліктегілер елдің ең ірі психологтары Э.Торндайк (1874-1949), Р.Йеркс (1876-1956),
Г.Уипплге (1878-1976) психологияны əскери қызметте қолдану проблемасын шешіп беруді
ұсынды. Американ психологиялық ассоциациясы мен университтер бұл бағытта
жұмысты бастап та кетті. Р.Йеркстің басшылығымен əр түрлі əскерлерге əскери қызметке
шақырылатындардың жарамдылығын (интеллекті бойынша) жалпы тексеру үшін алғашқы
топтық тесттер жасалды. ңАльфаң əскери тестісі сауаттыларға, ал ңбетаң тестісі
сауатсыздарға арналды. Бірінші тест А.Биненің балаларға арналған вербалды тесттеріне
ұқсас болды. Екінші тест вербалды емес тапсырмалардан тұрды. 1 700 000 солдат жəне
40 000 офицер сыналды. Көрстекіштер жетіге бөлінді. Осыған орай жарамдылық деңгейі
жеті топқа бөлінді. Бірінші екі топқа міндеттерді орындау қабілеті жоғары жəне тиісті
əскер оқу орындарына жіберілетін тұлғалар жиналды. Кейінгі үш топ қабілет көрсеткіші
орташа статистикалық тұлғалардан жиналған еді.
Осы кезде Ресейде де психологиялық əдіс ретінде тесттер жасала бастады. Бұл
бағыттың дамуы А.Ф.Лазурский (1874-1917), Г.И.Россолимо (1860-1928), В.М.Бехтерев
(1857-1927), П.Ф.Лесгафттың (1837-1909) есімдерімен байланысты.
Тесттерді əзірлеуде Г.И.Россолимоның қосқан еңбегі зор. Оның есімі тек невролог-
дəрігер ғана емес психолог ретінде де танымал еді. Жеке психикалық қасиеттерді анықтау
үшін тұлға туралы толық көрініс беретін сандық бағалау əдісін əзірледі. Бұл əдіспен бес:
зейін, қабылдаушылық, ерік, есте сақтау, ассоциациялық процесстер (ойда суреттеу жəне
ойлау) топқа бөлінетін 11 психикалық процесті бағалауға болады. Осының əрбір
процессін орындауға қарай арнайы шкаламен ңкүшің бағаланды. Оң жауаптар сызбада


нүктемен белгіленді. Осы нүктелерді қосып, адамның ңпсихологиялық бағытың
анықталды. Сыналушылардың категориялары (балалар үшін, интеллигентті ересектер
үшін, интеллигенттер емес үшін) бойынша тапсырмалар берілді. Бұдан басқа
Г.И.Россолимо сызбадағы көрсеткіштерді арифметикаға айналдыру формуласын ұсынды.
Бүгінде тесттер психологиялық зерттеуде кеңінен пайдаланылатын əдіс. Бірақ
тесттер объективті жəне субъективті əдістердің арасында. Сыналатындардың өз есептеріне
негізделген сауалнама-тесттер де бар. Осы тесттерді орындауда тестіден өткізудің
нəтижесіне əсіресе оның жауабы қалай түсінілетінін білетін болса саналы немесе
санасыз əсер ете алады. Алайда объективті тесттер де бар. Оларға жобалы тесттерді
жатқызуға болады. Тесттің бұл категориясына сыналатындардың есебі қажет емес.
Сыналушының орындайтын тапсырмасын зерттеуші еркін түрде түсіндіреді. Мысалы,
сыналатын адамның түрлі-түсті карточкалардың түсін таңдауынан оның эмоционалды
күйін білуге болады. Кейде сыналушыға белгісіз жағдай салынған сурет беріледі де,
психолог оны сипаттауды сұрайды, соның нəтижесінде сыналушының психикалық
ерекшеліктерін сипаттайды. Бірақ жобалы тесттер психологтың кəсіби дайындығының
жоғары жəне тəжірибесінің мол болуын жəне сыналушының интеллектуалды дамуының
жоғары болуын талап етеді.
Объективті мəліметтерді зерттелетін қасиет бөлініп, дұрыс бағаланатын жасанды
жағдай жасалуға негізделген эксперимент - əдістің көмегі арқылы алуға болады.
Зерттелетін феноменнің басқа феномендермен себептік байланысы жайлы, құбылыстың
пайда болуы мен дамуын ғылыми тұрғыдан түсіндіретін басқа психологиялық əдістерге
қарағанда, эксперимент ең сенімдісі. Эксперименттің екі түрі бар: зертханалық жəне
табиғи. Олар бір-бірінен эксперимент жүргізудегі жағдайлармен ажыратылады.
Зертханалық экспериментте зерттелетін қасиет дұрыс бағаланатын жасанды жағдай
жасалады. Табиғи эксперимент əдеттегі тұрмыстық жағдайда жасалады. Мұнда зерттеуші
кіріспей, жағдайларды сол күйінде жазып отырады. Табиғи экспериментті алғаш рет
А.Ф.Лазурский қолдана бастады. Əрине, табиғи жағдайдағысы адамдардың өмірлік
мінезіне сай келеді. Бірақ табиғи жағдайда зерттеуші толық бақылау жүргізе
алмайтындықтан оның нəтижесі дəл болмауы да мүмкін. Осы тұрғыдан зертханалық дəл,
ал табиғи өмірлік жағдайға сай келеді.
Психологиялық əдістердің бірі – моделдеу. Ол дербес əдіске жатады. Ол басқа
əдістерді қолдану қиындағанда ғана жүргізіледі. Олардың ерекшелікгі белгілі бір
психологиялық құбылыс жайлы ақпаратқа сүйенетіндігінде, екінші жағынан оны
қолданғанда сыналушы қатыспайды немесе нақты жағдай есепке алынады. Сондықтан
моделдеудің əр түрлі əдістерін объективті немесе субъективті əдістерге жатқызу қиын.
Моделдер техникалық, логикалық, математикалық, кибернетикалық жəне т.б. болуы
мүмкін. Математикалық моделдеуде ауыспалылардың өзара байланысы мен олардың
қатысы, зерттелетін құбылыстардағы қайталанатын элементтер мен қатынастар
көрсетілген математикалық мəн немесе формула қолданылады Техникалық моделдеуде
зерттеуді елестететін құрал немесе құрылғы жасалуы қажет. Кибернетикалық моделдеу
информатика жəне кибернетика саласының психологиялық міндеттерін шешуге
пайдаланылады. Логикалық моделдеу математикалық логикада қолданылатын идеялар
мен символға негізделген.
Компьютер мен бағдарламалық қамтамасыз етудің дамуы ЭСМ жұмыс істеу
заңдарындағы психикалық құбылыстарды моделдеуге бастады, өйткені адамдардың
ойлауда қолданатын операциялары, міндеттерді шешудегі ойлау логикасы компьютерлік
бағадарламалар жұмыс істеуіне жақын екен. Ол компьютердің жұмыс істеуіне қарай
адамның мінезін көзге елестету жəне сипаттауға бастады. Осындай зерттеулерге
байланысты Д.Миллер, Ю.Галантер, К.Прибрам атты америка ғалымдарының жəне ресей
психологы Л.М.Веккердің есімдері белгілі.
Көрсетілген əдістерден басқа психикалық құбылысты зерттейтін басқа да əдістер де
бар. Мысалы, əңгімелесу сауалнаманың бір нұсқасы. Сауалнамаға қарағанда əңгімелесу
əдісі процедураны жүргізудің еркіндігімен ерекшеленеді. Əдетте əңгімелесу жайлы
жағдайда өтеді, ал сұрақтар сыналушының жағдайы мен ерекшелігіне қарай өзгеріп
отырады. Басқа əдіске құжаттарды зерттеу əдісі немесе адамның қызметін талдау
əдісі жатады. Психикалық құбылыстарды зерттеу барысында əр түрлі əдістерді кешенді
түрде қолданғаннан зерттеу тиімді болатынын ескерген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет