тектес философиялық жəне идеологиялық проблемаларды талдау барысында психикаға
адамдардың қиялында бейнеленетін қасиеттерді басқа қасиеттерге байланысты анықтаса,
екінші жағынан нақты осы қасиеті арқылы барша табиғатты мифологиялық тұрғыдан
түсіндіруге мүмкіндіктер ашады.
Екінші кезеңде психологияның зерттеу объектісі – сана деп қарастырылып мұнда
ұзақ уақыт интроспекция əдістемесі негізгі ғана емес жалғыз психологиялық əдіс болды.
Ол екі негізгі бағытпен тұжырымдалады; біріншіден, сана процесі сыртқы бақылау үшін
“жабық”, ал екіншіден сана процесі субъектінің өзінде ашылады. Бұл тұжырымдардан
сана процесі басқаға түсініксіз нақты адамның өзінде ғана оқылады. Осы интроспекция
əдісінің негізін қалаған Дж. Локк. Психология ғылымының дамуы үшін интроспектифті
психология айтарлықтай мəнді əсер қалдыра отырып, мынандай теориялар қатарын
ұсынды;
• В.Вундт жəне Э.Титченер негізін қалаған сана элементтерінің теориясы;
• Ф.Брентано атымен байланысты дамыған сана актілерінің психологиясы;
• У.Джемсом құрған сана қарқыны теорясы;
• В.Дильтеяның түсіндірмелік психологиясы.
Қазіргі психологияда интроспекция ұғымын өзін-өзі бақылау əдістемесі
ретінде қолданылып жүр.
Достарыңызбен бөлісу: