бірге, көптеген жекелеген адамдар боп танылады. Сондықтан барлық қоғамдық
ғылымдар не адамзат қоғамы жайлы ғылым, не социум элементі ретіндегі адам жайлы
ғылымға жатады. Бірақ бұл жіктемеде əр түрлі ғылымдардың нақты шекарасы
анықталмаған, өйткені көптеген қоғамдық ғылымдар қоғамды бүтіндей, сондай-ақ жеке
адамды зерттеумен байланысты бола алады.
Ананьевтің пікірінше, адамзат (адамзат қоғамы) жайлы ғылым жүйесіне қоғамның
өндірістік күші жайлы, адамзаттың қоныстануы мен құрамы жайлы, өндірістік жəне
қоғамдық қатынастар жайлы, мəдениет, өнер жайлы ғылымдар жəне де ғылымның өзін
танымдық жүйе ретінде, қоғамның əртүрлі даму кезеңдеріндегі формалары жайлы
ғылымдар енуі қажет.
Мұнда адамның табиғатпен жəне адамзаттың табиғи ортамен қарым-қатынасын
зерттейтін ғылымдарды ерекше атап өту керек. Осыған байланысты биогеохимиялық
ілімді жасаушы В.И.Вернадскийдің пікірі қызықты – онда ғалым өзара қатынастағы жəне
еркін оттегі О
2
молекуласының тарихымен байланысты қарама-қарсы екі биогеохимиялық
қызмет жайлы сөз етеді. Бұл тотығу жəне қайта қалпына келу қызметтері. Бір жағынан
олар тыныс алу мен көбеюге жəне екінші жағынан өлген организмдерді бұзумен
байланысты. В.И. Вернадскийдің пайымдауынша адам жəне адамзат өздері өмір сүретін
планетаның белгілі бөлігі биосферамен байланысты, себебі олар Жердің материалды-
энергетикалық құрылымымен геологиялық заңдылықта байланысқан.
Адам табиғаттан бөліне алмайды, бірақ жануарларға қарағанда адамның өмір сүру
мен қызметтің оңтайлы жағдайларын қамтамасыз етуге орай табиғи ортаны өзгертуге
бағытталған белсенділгі бар. Мұнда ноосфераның пайда болуы жайлы айтылып тұр.
ңНоосфераң ұғымын 1927 ж Ле-Руа жəне Тейяр де Шарден біріге отырып енгізді.
Олар 1922-1923 жж Сорбондағы В.И. Вернадскийдің ұсынған биогеохимиялық теориясын
негізге алды. В.И. Вернадскийдің анықтамасы бойынша ноосфера немесе ңойлаушы
қабатң - біздің планетамыздағы жаңа геологиялық құбылыс. Мұнда алғашқы рет адам
планетаны өзгерте алатын ірі геологиялық күш ретінде көрсетіледі.
Зерттеу пəні нақты адам болатын ғылымдар да бар. Бұған жеке организмнің даму
процессі
онтогенез жайлы ғылымды жатқызуға болады. Осы бағытта адамның жас,
жыныстық, конституционалды жəне нейродинамикалық ерекшеліктері зерттеледі. Бұдан
бөлек тұлға жəне оның өмір жолы жайлы психология ғылымы да бар, олардың аясында
адам іс-əрекетінің мотиві, дүниеге көзқарасы жəне құндылық бағдары, қоршаған ортамен
байланысы зерттеледі.
Адамды зерттейтін ғылымдар немесе ғылыми бағыттар бір-бірімен тығыз
байланысты, олар біріге отырып, адам жəне адамзат қоғамы жйлы бүтіндей көрініс береді.
Алайда қай бағытты алып қарасақта, оларда психологияның əр түрлі тараулары
келтірілген. Бұл кездейсоқ емес, өйткені психологияның зертейтін құбылыстары
бисоциалды тіршілік иесі ретіндегі адамның іс-əрекетін анықтайды.
Осылайша адам – көпқырлы құбылыс. Оны зерттеу бүтіндей жүйелі əдіснамалық
сипатқа ие болуы керек.Сондықтан да адамды зертеудегі ең негізгі əдіснамалық тұжырым-
жүйелі көзқарас тұжырымы. Ол əлем құрылымының жүйелігін көрсетеді. Осы тұжырымға
сай кез-келген жүйе жүйежасайтын фактор болғандықтан өмір сүреді. Адамды зерттейтін
ғылымдар жүйесінде мұндай фактор адам, оны көпқырлы көріністе жəне сыртқы өмірмен
байланысты зерттеу қажет, өйткені сонда ғана адам жəне оның əлеуметтік - биологиялық
даму заңдылықтары жайлы толық көрініс алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: